Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lek_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.95 Кб
Скачать

3 Лекция Оқиғалы туризмнің жіктемесі

Оқиғалы туризмді шаралар масштабы бойынша және шаралар тематикасы бойынша жіктеуге болады (ұлттық және халықаралық деңгейде).

Оқиғалы туризмнің жіктелуін тек қана тематикасы бойынша ғана бөлуге болмайды, оқиғалы туризмді бұдан бөлек ұйымдастыру ерекшелігіне қарай да бөліп қарастыруға болады. Көбінесе адамдар мерекелік шаралардың ұйымдастырылуына көп көңіл бөледі. Себебі, оқиғалы туризмнің басқа туризм салаларынан ерекшелігі оның ұйымдастырылуында. Мерекелік шаралар ұйымдастырылуы арқылы өзіне туристерді тартады. Мысалыға, Германиядағы Октоберфест фестивалін алатын болсақ, онда осы мейрам күндері тегін сыралар, сыраға арналған тіскебасарлар ұсынады, көптеген сыра шатырларын тігеді, осы арқылы шаралар өзіне туристерді тартуы мүмкін (кесте 1)

Кесте 1

Оқиғалы туризмнің жіктелуі

Ұлттық және халықаралық деңгейде

Шаралар масштабы бойынша

Шаралар тематикасы бойынша

Ұлттық фестивальдар және мерекелер

Гастрономдық фестивальдар

Театрланған шоу

Кино және театр фестивальдарыі

Аукциондар

Спорттық шаралар

Гүлдер көрмесі

Халықаралық техникалық салондар

Оқиғалы туризмінде бірнеше тематикалық түрлерге бөлуге болады.

1 ұлттық фестивальдар және мерекелер:

- Лондондағы Қасиетті Патрик фестивалі (Ұлыбритания)

- Дублиндегі Қасиетті Патрик фестивалі ( Ирландия)

- Берлиндегі мәдениет фестивалі (Германия)

- Берлиндегі Махаббат аралы (Love parade) (Германия)

- Эдинбургтегі әскери татиуровка парады (Шотландия)

- Наполеон Бонапарттың туған күнін тойлау( Аяччо, Корсика)

2 Театрланған шоу:

- Мұз үстіндегі мереке Romanza шоуы ( Германия)

- Lord of the Dance шоуы (Ұлыбритания)

- Мұз үстіндегі мереке, Mystery шоуы (Германия)

- «Болашақ» циркі фестивалі, Париж (Франция)

- Мұз үстіндегі мереке, Романза шоуы, Вена (Австрия)

3 Кино және театр фестивальдары:

- Оберхаузендегі қысқаметражды фильмдер фестивалі (Германия)

- Канны фестивалі, Канны (Франция)

- Spierlart театрланған фестивалі, Мюнхен (Германия)

- «Шие орманы» фестивалі, Мәскеу (Ресей)

- Опера өнерінің фестивалі, Верона( Италия)

4 Гастрономдық фестивaльдар:

- Халықаралық сыра фестивалі, Берлин (Германия)

- Үлкен британдық фестиваль, Лондон (Ұлыбритания)

- Октоберфест , Мюнхен (Германия)

- Өнімдер фестивалі Гров қаласы( Испания)

- Божоле Нуво жас шарап мерекесі (Франция)

- Париждік шоколад салоны (Франция)

5 Гүлдер көрмесі және фестивалі:

- Челсидағы гүлдер көрмесі, Лондон (Ұлыбритания)

- Хэмптон Корт сарайындағы гүлдер көрмесі Лондон (Ұлыбритания)

Маусым айында бұл қала баққа айналады, яғни үйлер, көшелер, қала арналары, барлығы гүлмен безендіріледі.

- Хризантем фестивалі (Жапония)

- Қызғалдақтар көрмесі (Нидерланды)

-Бонсай фестивалі, Нара (Жапония)

6 Аукциондар:

- Сотби аукциондары

- Кристи аукциондары

- Дрюо аукциондары, Париж (Франция)

7 Музыка фестивалі және музыкалық конкурстар:

- Capricies фестивалі, Кранс Монтана (Швейцария)

- Ars musica фестивалі, Брюссель (Бельгия)

-«Қар және симфония» фестивалі Санкт Мариц( Швейцария)

- TDK TIME WARP фестивалі, Маннхайм( Германия)

- Pink Pop поп музыка фестивалі Ландграаф (Нидерланды )

- Монтредегі джаз фестивалі (Швейцария)

- Хенлидегі музыка және өнер фестивалі (Ұлыбритания)

- Стокгольмдегі джаз фестивалі( Швеция)

- П.И.Чайковскиий атындағы музыкалық конкурс Мәскеу (Ресей)

- Музыкалық конкурс «Евровидение»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]