
- •Лекция 2. Туристік нарықтағы оқиғалық туризм
- •3 Лекция Оқиғалы туризмнің жіктемесі
- •8 Спорттық шаралар:
- •9 Халықаралық техникалық салондар
- •Лекция 5. Спорттық оқиғалық туризм
- •Лекция 6. Фестиваль оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 7 Конгресстер оқиғалық туризмнің объектісі ретінде
- •Лекция 8. Карнавал оқиғалы туризм объектісі ретінде
- •9 Лекция. Әлемдегі оқиғалы туризмнің нысаны ретінде карнавалдың негізгі даму үрдістері
- •Лекция 10 Орыс каранавалы
- •15. Дәріс: Ивент компаниясы маркетингтің кызмет көрсету субьектісі
Лекция 1 Оқиғалы туризм: түсінігі және анықтамасы
Танымалдылығымен көзге түскен оқиғалы туризм қазірде туристердің мол ақпарат алуына қол жеткізе алмауда. Туристік нарық анализіне қарасақ көптеген адамдар жағажай туризмі мен экскурсиларға қарағанда фестивальдерге, іс-шараларға деген қызығушылығы артуда. Оқиғалы туризм дегеніміз не?Әлемді дүр сілкіндіретіндей қандай оқиғалар бар және оның бағасы қандай болмақ?
Оқиғалы туризм анықтамасы Еуропада 80 жылдары пайда болған. Онда оқиғалы туризм экологилық, гастрономиялық туризм ішінде болған. Кейіннен ол бөлініп жаңа туризм түрі болып бекітілді. Бірақта оқиғалы туризм тарихы тереңде жатыр. Қазіргі фестивальдер мен қатар мерекелер, дәстүрлер осының қатарында.
Оқиғалы туризм өз ішіне мәдени, спорттық, этнографиялық, көркемөнер туризм салаларын қамтиды. Бірақ барлық іс-шараны оған жатқызуға болмайды, тек пайда әкеліп ресурстардың барлығы қамтылатынын айта аламыз.
Оқиғалы туризмдегі іс – шараның экономикалық жағынан маңызы зор. Мұнда туристік индустрияның барлық объектілері жұмылдырылады. Сұраныстың көптігі байқалады. Мәдени дәстүр мен салттар, ұлттық құндылықтар насихатталды.
Оқиғалы туризм – саяхат барысында бір іс-шараға бағытталған туризм түрі. Ол оқиға мәдениетке, спортқа, бизнеске қатысты болуы мүмкін. Мысалы:оқиғалы туризмде көп мәнге ие олимпиадалар, чемпионаттар, рок-фестивальдер, кинофестивальдер, карнавалдар, экономикалық форумдар, ависалондар.
Туристік бағытта нақты оқиға болмаса оны ойдан табады.Сонымен қатар компания сұраныстарға жауап берумен қатар сол мекеннің қонақжайлылығын көрсетеді. Оқиғалы туризмде алдыңғы қатарда болу үшін – Қазақстан және Ресей мемлекеттері алға ұмтылады. Олардың алға ұмтылуыда жөн, себебі мұнда оқиғалы туризм дамуына потенциалдар баршылық.
Туризм нарығы қандай оқиғаларды ұсына алады?
Бұл сұрақтың жауабы жеке – жеке сұранысқа байланысты. Турдың қысқа және ұзақ болуында да мән бар. Оқиғалы туризм – жас және қызықты бағыт. Негізгі мақсаты белгілі бір оқиғаға байланысты. Ерекше турлар, әлемдегі атышулы шаралар оқиғалы туризм даңқын асырады. Оқиғалы туризм – естен кетпес саяхат.Негізгі ерекшелігі – қайталанбас әсер мен қызықты жайттар. Болашағы зор бағыт.
Оқиғалы туризм аудиториясы – жағдайы орташадан жоғары туристер және компаниялар болып табылады
Лекция 2. Туристік нарықтағы оқиғалық туризм
Оқиғалық туризм – еліміздегі салыстырмалы түрде өте жас, енді ғана дамып келе жатқан қызықты сала. Саяхаттардың негізгі мақсаты белгілі бір оқиғаға байланысты болады. Өзіне қалыптасқан демалыс пен әлемдегі ірі іс-шараларға қатысуды біріктіретін уникалды турлар бірітіндеп барлық үлкен атаққа ие болады.
Оқиғалық туризм – бұл мерекенің дағдылы қалыптасқан атмосферасы, жеке демалу шарты мен естен кетпес әсерлер. Оқиғалық туризмнің ең басты ерекшелігі – жарқын қайталанбайтын кездердің көп болуы. Бұл перспективті және өзгермелі дамушы туризм түрі болып табылады. Оқиғалық туризм көп жағдайда мерекелік көңіл күймен толтырылған демалыстың жеке бір түрі. Дәл осы туризм түрімен айналысуға шыққан адамдар олардың өмірлерінде мәңгілік қалатын көптеген жарқын естен кетпес сәттерді бастап өткереді.
Оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясы – орта табыстан жоғары кірісі бар туристер болып келеді, сонымен қатар бірнеше қос адамдардан тұратын компаниялар. Оқиғалық туризмді оқиғаның масштабы (ұлттық және халықаралық дәрежедегі) және оқиғаның тақырыбы бойынша жіктеуге болады. Ережеге сәйкес масштабты оқиғаларды көп адамдар көргісі келеді, сондықтан да бұл периодтарда авиатасымаолдаулар мен қонақ үйлердегі номерлер қымбаттап кетеді. Саяхатқа жиналып жатқан туристерге ескерту, олар оқиғалық іс-шараға бару – арзан рахат алу емес екенін білуі керек. Саяхатқа алдын-ала дайындық жүргізу керек, себебі қонақ үйдегі орынмен немесе рейстерде белгілі бір мәселе туындап қалуы әбден мүмкін.
Бұл жағдайларға да қарамастан, оқиғалық туризм келушілері жыл сайын артуда, Ресейдегі қаржылық – экономикалық жағдай қалыпты бола бастағаннан бері адамдар жыл сайын өздерінің демалыстарын жоспарлап қоюда, себебі қазіргі кезде Еуропаға виза алу бұрынғыдан әлде қайда арзанға түсіп отыр.
Бағалардың жоғарылауы оқиғаның масштабына сәйкес болады: егер мереке жыл сайын өткізіліп тұратын болса, оның бағасы 30% ұлғаяды, ал егер кейде ғана өткізілетін болса (Еуропа чемпионаты секілді) – онда қонақ үй бағалары 3 – 4 есеге көтеріледі. Дегенмен де м ұндай оқиғалардан алған әсер оған кеткен ақшадан әлде қайда көп болады. Масштабты іс-шараларға қатысушы клиент халықтың топ болып жиналуына дайын болуы керек. Егер бұл оқиға белгілі бір орында өтсе, ол орынға дейін жетудің және көпсағаттық кептелісте қалып қоюы мүмкін екендігіне алдын ала дайын болуы тиіс.
Оқиғалық турлардың қатысушылары орналастыру орындарына, әсіресе олардың классикалық түрлері – қонақ үйлер, транспорт (оқиға орнына жеткізіп салудын жайлылығы), қоғамдық тамақтандыруорындарына және гид қызметкерлеріне, аудармашыларға деген жоғары қажеттілік туындайды. Оқиғалық туризмнің ерекшелігі ол жыл сайын қарапайымнан жиі қткізіліп отыруға ауысатын жаңа оқиғалық турлармен толықтырылып отырады. Оқиғалық туризмде басты орынды Олимпиада алады – жаздық және қыстық Олимпиада ойындары. Ал қазіргі кезде оқиғалық туризмнің үлкен әрі тұрақты сегменті «карнавалдар» болып табылады.
«Карнавалдарды» ұйымдастыруда туристердің бүкіл қажеттіліктерін ескеру керек:
Қонақ үйдің орналасқан орны – карнавал іс-шаралары өтіп жатқан орынның жанында;
Сапалы тамақтандыру мен мейрамханалар;
Қонақ үй архитектурасы – ескі стиль;
Номерлердің интерьері және гулдену;
Қызмет көрсетуші персоналдар саны;
Карнавал костюмдерін сататын және жалға беретін дүкендер саны;
Адамдар жиі карнавалға Еуропаға барады. Канн кинофестивальі және спорттық іс-шаралар («Формула 1» және футбол, қыста – хоккей). Сакуралардың гүл ашқан кезінде адамдар Жапонияға, раушан гүлдердің мерекесінде Чехияға барады. Ал Бразилияда карнавал ақпан айының басында болады. Ол 7 күнге созылып, «Чемпиондар парадымен» аяқталады. Парадта самба би мектептерінің көптеген қатысушылары болады. 1984 жылы арнайы ұзындығы 700 м аллеясы және ені 13м болып келетін самбодром салынды. Карнавалда жиі Буэнос_Айрес - Монтевидео (Уругвай) - Порто_Бело (Бразилия) - Бузгос (Бразилия) - Рио_де_Жанейро круизі ұйымдастырылады.
Оқиғалық саяхат клиентке 1,5 – 2 есеге қымбат болып түседі.
Біріншіден, себебі оқиға жылына бір рет қана болады. Кейбір оқиға орындарын іс – шара аяқтала салысымен келесі жылға броньдап кояды. «Формула 1» - қарапайым адам бара бермейтін жоғары таптың өкілдеріне арналған іс-шара. Ал Октоверфестке табыс деңгейі әртүрлі адамдар келіп, таңдаулы отельдерге орналасқан болатын. Кейбір жағдайда тек билетті ғана сатып алуға мүмкіндік болып, ештенесіз баратындар да бар.
Кейбір іс-шаралар белгілі мемлекеттің қалыптасқан дағдысына айналған. Мысалы, Италия өзінің карнавалдарымен, Голландия – гүлдер мен королеваның туған күнімен, Таиланд – жаңа жыл мерекесімен танымал. Ал Германияға Октоверфест үшін, Венаға музыкалық бағдарламалар үшін баруға болады. Оқиғалық туризмнің бағасы шынымен де қарапайым турлардан әлдеқайда жоғары болады. Бүкіл әлемге танымал іс-шараларға барлық жұрт жиналады, қонақ үйлер толады, сондықтан да бағаларды да көтереді. Оқиғалық турларға қатысқанда өзге елдің де әдеп-ғұрып нормаларын сақтау керек.
Іс- шаралар кезінде сұраныс мағыналы ұсынысты қалыптастырады. Авиакомпанияларда билеттер, отельдерде орындар жетіспейді. Оқиғаға дейінгі 2 күн алдын немес оқиғадан кейінгі 2 күнде отель қайтадан арзан болуы мүмкін.
Турист әрқашан оқиғалық саяхатты алдын-ала жоспарлауы керек. Соңғы сәтте жасау деген ойдан арылуы керек. Екіншіден турист әрқашан өзінің қауіпсіздігі туралы ойлауы керек. Отбасымен бірге бару, әсіресе бабаларды қоғамдық орынға алып бару әрқашан сәттілікке әкеле бермейді. Шекараның арғы жағында да алаяқтар мен бұзақыларға кезігіп қалук мүмкін екендігін естен шығармаған дұрыс. Билеттерді көшеде сататын алып сатарлардан барынша абай болған дұрыс. Және соңғысы оқиғалық саяхатты экскурсиялық – танымдық бағдарламамен біріктіруге болмайды. Жақсысы, тек қана оқиғаға барып, экскурсияны ыңғайлы маусымға отбасымен жоспарлаған жөн.
Қорытындылай келе, оқиғалық туризмді туризмнің уникалды түрі ретінде, ешқашан мағынасы өзгермейтін тур ретінде қараған дұрыс. Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, болашақта оқиғалық турлардың қатысушылары экскурсиялық тур қатысушыларынан асып түсетіні байқалуда.