Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
семестрлык жумыс алеуметтану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.77 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

Әлеуметтану

Семестрлік жұмысқа  арналған әдістемелік нұсқаулар 

(барлық мамандықтардың  күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін )

 

 

Алматы 2011 

         ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Орынбекова Д.С. Әлеуметтану барлық мамандықтардың  күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. – 36 б.

 

Ұсынылып отырған Социология семестрлік тапсырмаларға арналған  әдістемелік нұсқаулар. Әдістеме екі семестрлік тапсырмаға арналған. Әр - қайсысы отыз тақырыпқа арналған. Әр тапсырмаға үлгілі жоспар, сонымен бірге әдебиеттер тізімі енгізілген. Барлық күндізгі  бөлім студенттеріне арналған.

  

 Пікір беруші: фил.ғыл. канд., доц.  Сагикызы А. 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. жоспары бойынша басылады. 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 ж.

  

Кіріспе  

Социология біртектес әлемдік ғылым тұрғысында объективті түрде өмір сүруде, ол теориялық ғана емес, тәжірибелік те ғылым. Бүгінгі күнде оны біздің Республикамыздың барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері оқиды. Студенттермен жүргізілген сұраулардың нәтижесі бойынша социологияны оқуды студенттер оң, дұрыс деп есептейді, оған деген ынта мол, оның тәжірибелік, өмірлік маңызына ден қояды, социологиялық зерттеу тәсілдері, алынған ақпараттарды қорыту студенттерді қызықтырады, жаңа ойлау, оларға баға беру қабілеттерді, қатынастарды тудырады.

Бұның бәрі де заңды құбылыс, процесс. Болашақ мамандар қоғамдық, әлеуметтік құрылымдар мен бірліктердің дамуының заңдары мен заңдылықтарын білуі шарт, себебі қазіргі әлемнің шындығын ешкім де бұрмалай алмайды. Олар қайсы қоғамда өмір сүруде, өздері қандай адамдар тәрбиелеуі керек, оның еңбегі мен өмірінің мәні неде екендігін білу қажет. Белгілі социологиялық зерттеудің шекарасын, техникасын, тәсілдерін меңгеру әрбір маман үшін қажет, сол арқылы ол өз еңбегінің де мазмұны мен нәтижесін терең бағалайды.

Социологияны оқыту мен пән есебінде жүргізудің ажыраспас бөлімі оқулық, оқу құралдары, олар әзірге жазылған жоқ. Мұндай жағдайдан шығу үшін республикамыздың саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өмірін қорыта отырып, социология пәні бойынша оқылған лекцияларды ұсынуды жөн көрдік.

Бұл әдістемелік нұсқау екі семестрлік тапсырмаға  арналған. Бастапқы тақырыпта социологияның объектісі, пәні, құрылымы, қызметі қорытылады, одан әрі бір тарау социологияның ғылым есебінде қалыптасуының алғы шарттарына, кезеңдеріне, түрлі ағымдарға арналған. Сонымен қатар  социологияның негізгі кезеңдері, бағыттары,  негізгі мәселелері. Оның ішінде: еңбек социологиясы,  инженерлік социология, жеке тұлға, отбасы және т.б.

Қазақстан Республикасы, қазақ халқы ерте қалыптасқан ел. Оның тарихы бай. Соған сәйкес қазақ ойшылдарының қоғам және адам туралы саяси-әлеуметтік ойларына маңызды орын бердік.

Социология – тұтас алғанда қоғам туралы және әлеуметтік қатынастар туралы ғылым. Соған сәйкес қоғамның әлеуметтік мәдени тұтас жүйе екендігіне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, бірлігіне, қатынастарына, ұйымына төрт тарау арнадық.

Қоғам көптеген бөлімдерден тұрады, (саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани) оның әрқайсысы өз қызметін атқарады. Қоғамның осы қызметтеріне сәйкес саяси, экономикалық, рухани өмірінің негізгі мәселелеріне жеке тараулар арналған.

Барлық қоғамдық ғылымдардың ортасында адам тұрады. Дегенмен, олар адамды әр жағынан зерттейді. Осы әртүрлілікке қарамастан, адам қоғамның құрылымында, институттарында, ұйымдарында шешуші тұлға. Адам абстракталық схема, қияли модель емес, ол тірі, іс-әрекетті, мәнді, оның байлығы мен күрделілігін ешбір қоғаммен теңеуге болмайды. Соған сәйкес жеке адам, оның биологиялық және әлеуметтік құрылымына, статусына, мүддесі мен тілегіне, әлеуметтік тәртібіне, іс-әрекетіне, адамгершілігіне, өмір сүру мәніне арнаулы тарау бердік. Басқа тарауларда әлеуметтік институттар, өзгерістер, жетістіктер қарастырылады.

Ұсынылып отырған әдістеме толықтырып, түзетіліп шығарылған әдістеме. Студенттердің 2 семестрлік жұмыстарына әрқайсысына жоспар, әдебиеттер  тізімі енгізілген.  

 

1 Семестрлік жұмыстарды  жазуға арналған әдістемелік  нұсқаулар

 

Курсты оқыту барысында әлеуметтану пәнінің зерттеу объектісі  жайлы білім  қалыптасуы қажет  немесе адам  мен  әртүрлі қауымдастықтар – топтар, ұжымдар,  этностар, адамдардың  іс- әрекеті мен мінез  құлықтарының  заңдылықтарының  жүйе – жүйесі ретінде ұғындыру қажет.

Семестрлік жұмысты дайындау барысында монографиялық журналдар жинағын және журналдарда басылған статьялар жинағын қолдану керек. Сонымен қатар әлеуметтану, психология және саясаттану журналдарынан көрсеткіштер пайдалану қажет.     

1. Ғылыми – теориялық деңгей. Жұмыс бір жағынан студенттің таңдаған мәселесінің теориясын жақсы білгенін, екінші жағынан оны терең сараптай алатынын көрсетуі қажет. Жұмыстың қорытындысында талданған мәселенің мәні, мазмұны және оны шешу  жолдары көрсетілсін.

2. Дербестік деңгей. Студент жұмысында өзінің авторлық пікірі мен көзқарасын сездіргені қажет.

3. Өмірмен байланыс. Өмір қандай да болса терең теориядан бай болады. Сондықтан мәтінде тек қана әдебиетте кездесетін деректер емес, нақты өмірде, автордың жеке тәжірибесінен алынған деректер де талданғаны жөн.

4.       Жазу логикасы. Жұмыстың кіріспесі болуы керек, онда тақырыптың теориялық және әлеуметтік маңызы  көрсетілсін. Содан соң негізгі мәтінде  (2-3 тараудан құралған) мәселенің талдауы болсын. Тұжырымдамада мәселені талдап, қандай қорытындыға келгеніңізді көрсетіңіз.

5.  Жұмыстың тіліне көңіл бөліңіз. Жазған пікірлеріңізді оқушыға  дұрыс, түсінікті түрде жеткізіңіз.

6.  Әр таңдалған  тапсырмада теориялық мағынасын  көрсете  отырып, сол  проблеманың  практика  жүзінде шешу жолдарын  анықтап,  әлеуметтік зерттеудің мәліметтеріне көңіл болу қажет. Бұл әлеуметтану ғылымының  ерекше қызметі.

7.       Безендіру мәселесі. Жұмыстың көлемі – 12 беттен артпасын. (кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімін, сыртқы бет және жоспарды санамағанда). Мәтіннің ішіндегі тараулар жоспарға сәйкес көрсетілсін пайдаланған әдебиетке сілтеме жасауды ұмытпаңыз.  

 Тақырып таңдау. Класс тобында екі студент бір тақырыпты қайталамауы тиіс. Жұмысты әдістемеде көрсетілмеген тақырыпқа жазғыңыз келсе, оқытушымен алдын ала келісіңіз. 

 

2 Семестрлік тапсырма №1

 

2.1 Әлеуметтанудын пәні мен әдісі

 

1 Әлеуметтану ғылым ретінде. Обьектісі және пәні.

2 Әлеуметтанудың әдісі.

3 Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны және ерекшелігі.

 

2.2 Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі

 

1 Әлеуметтанудың құрылымы. Әлеуметтанудағы эмпирия мен теория проблемалары.

2 Әлеуметтанудың қызметі.

3 Әлеуметтану ғылымының реформа жолындағы ролі.

 

2.3 Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары

 

1 Әлеуметтік іс-әрекет.

2 Әлеуметтік байланыс.

3 Әлеуметтік байланыс, әлеуметтік қауымдастық.