- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік жайттарының сипаттамасы.
Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік жайттарының сипаттамасы.
Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Гипер- және гипокалиемия, себептері, салдарлары.
Гипер- және гипонатриемия, себептері, салдарлары.
Гипер- және гипокальциемия, себептері, салдарлары.
Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.
Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.
Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.
Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі.
Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары.
Қантты диабеттің этиологиясы мен патогенезі
Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі
Қантты диабеттің асқынуы. Макро – және микроангиопатиялардың патогенезі
Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.
Амин қышқылдары алмасуы бұзылыстары. Подагра, этиологиясы, патогенезі.
Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.
Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары.
Семіру, түрлері, даму жолдары.
Фосфолипидтер, холестерин алмасу бұзылыстары. Гипер- және дислдипопротеидемиялар туралы түсінік, патогенезі.
Ашығу түрлері,себептері. Сумен толық ашығудың сатылары. Ашығу кезіндегі зат алмасу (көмірсу, нәруыз, май, витамин алмасуы) бұзылуының патогенезі. Кахексия, этиологиясы, патогенезі.
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.
Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.
Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.
Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер,
Жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.
Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.
Жүргізу түрі:
1-кезең - тестілеу (Тест тапсырмаларын қараңыз - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.)
2-кезең – клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысы.
СОБӨЖ
«ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрену
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: тәжірибелер орындау, кейс-стади, тестілеу
Тәжірибелік жұмыс
|
|
№1 тапсырма. Қоянның қүлағында артериялық гиперемияның сыртқы
көріністерінің үлгісін алып зерттеу.
Әдісі. Қоянның қүлағын эфир немесе ксилолмен суланған мақтамен ақырындап ысқылайды. Қоянның екі құлағын жарық түсіру арқылы салыстырады. Артериялық гиперемияның көрістеріне назар аударып, хаттама толтырып, суретін салады.
№ 2 тапсырма. |
Өз еркімен шыққан студенттің қолында веналық гиперемия туындатып, оның сыртқы көріністерін зерттеу |
Әдісі. Зерттелінетін студенттің бұраумен қол қарының көктамырларын қысады. Білек жәнен қол үшында пайда болған веналық гиперемияның сыртқы көріністерін байқайды. Терінің түсіне, саусақтардың үштарындағы температура өзгерістеріне назар аударады
№ 3 тапсырма. |
Өз еркімен келіскен студенттің қолында компрессиялық ишемияның көріністерін зерттеу. |
Әдісі. Зерттелуші қолын жоғары көтеріп, бір минөт бойы қозғалтпай көтеріп тұрады. Қолдың қарына манометр манжеткасын орап, 200 мм сынап бағасына дейін, артериялық тамыр соғуы жоғалғанша, қысымды көтереміз. Зерттелуші ишемиясының сыртқы көріністеріне және оның сезіміне назар аударады. Манжетка алынғаннан кейін ишемиядан соңғы артериялық гиперемияны бақылайды. Алынған деректерді түжырымдайды.
№ 4 тапсырма. |
Бақаның тілінде артериялық гиперемияны зерттеу. |
Әдісі. Бақаны қимылсыздандырып, астыңғы жағының жиегін тактайша тесігінің шетіне орналыстырады.Бақаның ауыз қуысын пинцетпен ашқаннан кейін, төменгі жағының бурыштарын, тақтайшаға қисайта кіргізілген екі инемен белітеді, үшінші иненің басымен бақаның жоғарғы жағын тіреп қояды.Көз пинцетімен тілдің бір бүртігін, одан кейін екіншісін ұстап алып, бақаның тілін ақырындап созып, тақтайдағы тесіктің үстіне керіп бекітеді. Осылайша істелген тілді микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда қарайды. Ұсақ қан тамырларда қан ағымының бастапқы жағдайын зерттейді.Осыдан кейін бақаның қалпын өзгертпей, микроскоптың объективін көтеріп, тілін, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен суланған мақтамен сүртеді.
Микроскоптың тубусын бұрынғы орнына түсіріп, бақа тілінің қан тамырларында қан ағымының өзгерістерін зерттейді. Артериялық гиперемияның микроскоптық көріністерін байқайды.
№ 5 тапсырма. |
Бақаның тілінде веналық гиперемияны зерттеу. |
Әдісі. Осы тәжірибеде де №4 тапсырмадағы бақаның тілін қолдануға болады. Веналық гиперемияны тілдің түбіріндегі көктамырларды байлау арқылы алады. Венаны артериядан және жүйкеден ақырындап ажыратып алады да көктамырдың астынан жіп өткізеді. Осынддай қимыл - әрекеттерді бақаның тілінің түбірінің екінші жағынан жасайды. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда шеткері қанайналымның жағдайын бір көктамырды, сонан соң екінші көктамырды байлағаннан соң зерттейді. Қорытынды жасайды.
№ 6 тапсырма. |
Майлық эмболияны алу және бақаның шажырқай немесе тілінің қан тамырының эмболиясы кезіндегі канайналымын зерттеу. |
Әдісі: Қимылсыздандырылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. 0,2 – 0,3 мл жылытылған вазелин майын жіңішке инемен журектің қарыншасына жібереміз. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда бақа шажырқайының қан тамырларын, олардың ішіндегі эмболдардың қозғалуын және эмболия туындатқан қан ағымының бұзылыстарын зерттейді. Эмболияны суретке салады және қысқаша сипаттап жазады.
.
№7 тапсырма. |
Ситуациялық есептерді шығару. |
№ 1. Есеп. 25 жастағы науқас қол саусақтарындағы, әсіресе суыққа, ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 2. Есеп.Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.
Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 3. Есеп. Д., 68 жаста, созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауырады, шемендіке сұйықтықты шығару үшін іш қуысына түтік салынды. 15 минуттың ішінде 5 л сұйықтықты сорып алған соң науқас басының айналғанына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданды, сұйықтықты сору жалғаса берді. 1,5 л сұйықтықты алғаннан кейін науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсетілгеннен бірнеше минуттан соң есін жиды, дегенмен науқаста әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуы толастамады.
1. Науқасқа жасаған әрекеттерінде дәрігер қандай қате жіберді?
2. Шемендік сұйықтықты сору кезіндегі естен танудың даму тетіктері қандай?
3. Осындай жағдайда мыйдағы қанайналымы бұзылыстарын қалпына келтірудің мүмкіндік тетіктері қандай?
4. Не себепті науқастағы қанайналым жүйесінің бейімделу тетіктері әсерсіз болды?
№ 4. Есеп. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?
Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
№ 5. Жас әйелде жүктіліктің 7 айлығында аяқтары ісінді. Қарап тексергенде балтыр аймағындағы теріасты веналарыныңкеңейгендігі анықталды. Қабыну белгілері жоқ.
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?
№ 6. Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды. Берілген шеткері қанайналымы бұзылысының симптомдары мен мүмкіндік механизмдерін көрсетіңіз.
№ 7. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының қай түрі дамыды?
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
Қанайналымының өздігінен қалпына келу механизмі қандай?
№ 8. Ауруханаға екі аяғының сүйектерінің сынғандығынан келіп түсті. Бірнеше сағаттан соң өкпе артериялары эмболиясының көріністері пайда болды.
Эмболияның даму көздері мен тетіктерін көрсетіңіз.
№ 9. Үлкен тереңдіктен бірден көтеру кезінде водолаз естен танды.
Атмосфералық қысым өзгергенде организмде қандай бұзылыстар болды?
Естен танудың себебі мен маеханизмдері қандай?
