Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі

МАКРОФАГ ЛИМФОЦИТ

монокиндер

э кзогендік

п ироген лимфокиндер

эндогендік ИЛ-1, ИЛ-6,

пирогендер ИЛ-8, ФНО

Қызбаның патогенезі .

Экзогендік пироген (ЭП)

ЭП кешені + белок

CD14 рецепторы

ж ылу

өндірілудің

ж оғарылауы Макрофаг

ФНО О2- ПГ Е2

ИЛ-1 Н2О2 ФАТ

ИЛ-6 NO ТС А2

ИЛ-8

МӨЛШЕРІНІҢ АЗАЮЫ АРТУЫ

Иммундық жүйенің гипотензия

әсерленуі шашыранды

микробтардың өлуі қан ұюы

орташа қызба гипертермия

сауығу сілейме

4 сабақ

СОБӨЖ

«СУ АЛМАСУЫ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрену

  • есептерді талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади

1. 3 айлық бала ауруханаға мынадай белгілермен келіп түсті: мазасыздық, қозғыштық, құрысулар, нәжісі сұйық және жиі, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегі төмен түскен (ойыс болып тұр), шырышты қабаттары мен терісі, тілі құрғақ, бұлшықеттері гипотония және ішектері салданған. АҚ 70/40 мм с.б. Қан талданымында эритроцит, гемоглобин, лейкоциттер саны артқан. Диурез 300 мл. шөлдеу жоқ.

  1. Балада су-электролит алмасуының қандай бұзылыстары байқалады?

  2. Негізгі көріністерінің патогенезі қандай?

2. Ыстық цехта жұмыс жасаған жұмысшы қатты терлеу дәне өкпе гипервентиляциясы дамыды. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысын дамытты? Егер тұзсыз су ішу арқылы шөлін қандырса, су-электролит алмасуының қандай бұзылысы дамитын еді?

3. Ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалған науқас жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты 0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.

  1. Науқаста су-электролит алмасуының қандай бұзылыстары дамыды?

  2. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?

4 есеп. 42 жастағы науқасқа «декомпенсациялық сатыдағы миокардиодистрофия» диагнозы қойылған. Науқастың дене бітімі қалыпты көріністе, тері астындағы майлар жоқтың қасы. Бойы 165 см болғанымен салмағы 81кг. Обьективті: амалсыз жартылай отырады, ентігу, акроцианоз, аяқтары ісінген, тынысында іркілген сырыл анық естіледі. Іште сұйықтықтар жиналғаны байқалады, бауыры үлкейген. Жүректің систолалық және минөттік мөлшері төмендеген. Гематокрит 38% құрайды (Ht-38%). Диурез азайған, қанда ренин мен натрийдің деңгейі жоғары.

  1. Су алмасу бұзылыстарының көрінісі байқала ма? - иә

  2. Науқаста дизгидрияның қандай түрі байқалады?

  3. Судың іште, өкпеде, тері астында жиналуы этиологиялық байланысты ма?

  4. Науқаста биохимиялық өзгерістердің патогенезі қандай?

  5. Науқастағы ісінудің патогенезі қандай?

  6. Ісінудің науқастың организмі үшін маңызын анықтаңыз.

  7. Науқаста ісіну дамуын қалай тоқтатуға болады?

5 есеп. 2 апта бұрын ауыр түрде скарлатинамен ауырғаннан кейін 22 жасар науқас басы, белі ауыруына, ентігуіне, жүрек соғуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағы 11,5 кг ұлғайды. Тексеріп қарағанда: беті, қабақтары ісінген, қөз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табандары домбыққан. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 180/100 мм с.б. Диурез бірден төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыздар. Қанда антистрептококктық АД титрі көбейген.

  1. Осы ісінудің даму тетіктері қандай?

6. Науқас И., 5 жаста, бет аймағында, шабында және аяқ-қолдарында ісіну байқалады, тәуліктік диурез 0,6 л, көрсетілген жағдайлар біртіндеп дамыды.

Науқастағы ісіну табиғатын анықтау үшін зертханалық тексерулер жүргізу керек?

7. Науқас 52 жаста, бауыр жеткіліксіздігімен ауруханаға түсті. Қарап тексергенде: бауыр көлемі кішірейген, сипағанда тығыз, көкбауыры және іші ұлғайған, перкуссияда іш қуысында бос сұйықтықтың жиналғаны анықталды.

Науқаста ісінудің қай түрі дамыды? Оның даму тетіктері қандай?

8. Науқас Д., 42 жаста, Африканың бір елінен ұзақ командировкадан келді. Бірнеше апта бойы қызымының ұстамалы қалтырауымен қысқа уақытқа көтеріліп қайта түсетінін айтады. Бірнеше уақыттан кейін дененің төменгі бөлімінде лимфа түйіндері, аяқтарында ісіну анықталды. Қарап тексергенде: аяқтарында айтарлықтай ісінулер, сыртқы жыныс ағзалары, терісі қызарған, сан аймағында, шап және ұмасын сипап сезгенде тері астында тығыз эластикалық тартылымдар анықталады.

Осы жағдайда ісіну дамуының себебі мен тетіктері қандай?

9. Науқас К., 40 жаста, сол жақ сүт безі айналасындағы лимфа түйіндерімен бірге оталып тасталған. Келесі күні оның сол қолы терісінің түсі өзгермей, ісінді. Ісінудің даму тетіктері қандай?

10. Науқас П, 42 жаста, дәрігерге мойын аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: мойынның жоғары бөлігіндегі лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады, ісінген.

Диагнозы: мойын лимфадениті.

  1. Осы дерттегі ісіну дамуының патогенездік тетіктерін түсіндіріңіз

  2. Ісіну дамуына қандай жайттар әсер етті? Ісінуді емдеу әдістерін атаңыз.

11. Науқас М., 35 жаста, ауруханаға - созылмалы пиелонефриттің асқынуы. Қарап тексергенде: беті мен аяқ-қолдарының ісінген.

  1. Осы дерттегі ісіну дамуының патогенездік тетіктерін түсіндіріңіз

  2. Ісіну дамуына қандай жайттар әсер етті?

Демонстрациялық материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  5. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с.31-38

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.52- 79

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 315-334.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  4. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды

СОБӨЖ

«ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади

1 есеп. Науқас клиникаға «миокардтың жіті инфаркты» деген қосымша диагнозбен келіп түсті

pH

7,32

pCO2

38 мм с.б..

SB

18 ммоль/л

BB

36 ммоль/л

BE

-6,5 ммоль/л

Қандағы СҚ крови

2,8ммоль/л

ТК

200 мл/тәулігіне

Қорытынды

2 есеп. Науқас кома жағдайында.

pH

7,17

pCO2

50 мм с.б.

SB

15,5 ммоль/л

BB

38 ммоль/л

BE

- 13 ммоль/л

Қанның KТ

250 мкмоль

ТК

270 мл/ тәулігіне

Қорытынды

3 есеп. Науқасқа натрий бикарбонаты ерітіндісі енгізілді. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,42

рСО2 40,5 мм с.б.

SB 28,0 ммоль/л

АВ 31,0 ммоль/л

ВЕ +6,5 ммоль/л

4 есеп. Науқастың мыйы шайқалған, соның әсерінен ентігіп, толассыз құсады. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,56

рСО2 26 мм с.б.

SB 24,0 ммоль/л

АВ 17,0 ммоль/л

ВЕ +4,0 ммоль/л

5 есеп. Науқаста жайылмалы гломерулонефрит. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,23

рСО2 34 мм с.б.

SB 16,0 ммоль/л

АВ 13,0 ммоль/л

ВЕ - 11,0 ммоль/л

ТК мочи: 8 мл щёлочи

Аммиак мочи: 8 ммоль/л

6 есеп. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкін болатын себебін көрсетіңіз.

рН 7,42

рСО2 30 мм с.б.

SB 20,5 ммоль/л

АВ 18,0 ммоль/л

ВЕ -4,0 ммоль/л

7 есеп. Науқасқа жасанды вентиляция қолданылып ота жасалынуда. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,24

рСО2 69 мм с.б.

SB 18,5 ммоль/л

АВ 28,0 ммоль/л

ВЕ -8,0 ммоль/л

8 есеп. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқаста остеопороз дамығандығы анықталды, қандағы кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ көрсеткіштерін тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз анықталды. Науқастағы ацидоз бен остеопороздың мүмкіндік болатын тетіктері қандай?

9 есеп. Биік тауда адамда ентік байқалды. Осы жағдайдағы ентіктің даму тетіктерін түсіндіріңіз. ҚСҮ қалай өзгереді? Не себепті?

10 есеп. 4 жастағы бала ауруханаға дене қызымының жоғарылауымен, сұйық нәжісті дәретпен әкелінді. Қарап тексергенде организмнің сусыздануы, ентік байқалады. ҚСҮ көрсеткіштері:

рН 7,39 рСО2 28 мм с.б. SB 16,5 ммоль/л ВЕ -12,0 ммоль/л

1 ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз

2 ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз.

11. Жедел жәрдем бөлімшесіне келген 25 жастағы науқас С., жағажайда бірнеше сағат болған, (ауа t 35°С), басының айналғанына, жүрек айнуына, қалтырауға шағымданады. Қарап тексергенде: беті қызарған, еріні көгерген (цианоз), қатта терлеген, дене қызымы 39,2°С. Тамыр соғысы әлсіз, ырғақты - 120 рет минутына, тыныс жиілігі минутына 37 рет, АҚ - 75/45 мм с. б. Қол саусақтарының мезгіл-мезгіл тоникалық құрысатындығы байқалады.

ҚСҮ көрсеткіштері: рН - 7,56, рСО2 -22 мм.с.б., АВ - 17 ммоль/л, ВВ - 20 ммоль/л, SB - 19 ммоль/л, BE = + 8,3 ммоль/л.

Диагнозы: күн өту, декомпенсация сатысы

Сұрақтар:

Науқаста ҚСҮ бұзылысының қай түрі дамыды?

Науқаста ҚСҮ бұзылысының даму тетіктерін түсіндіріңіз.

Осы бұзылысты емдеудің мүмкіндік әдістерін атаңыз.

12. Науқас М., 45 жаста, клиникаға тұншығуға шағымданып келді. Қарап тексергенде: науқас денесін алға еңкейтіп отыр. Кеудесі демді ішке тарту жағдайында, кеудесінің қозғалысы әлсіз, іш бұлшықеттері қатайған.Перкуссияда өапесінің барлық жағынан қораптәрізді дыбыс шығады. Қақырығынан эозинофилдер анықталды.

ҚСҮ көрсеткіштері: рН - 7,25, рСОз - 75 мм с.б., ВВ - 49 ммоль/л, SB - 27 ммоль/л, BE = + 2,3 ммоль/л.

Клиникалық диагнозы: бронх демікпесі

Сұрақтар:

Науқаста ҚСҮ бұзылысының қай түрі дамыды?

Науқаста ҚСҮ бұзылысының даму тетіктерін түсіндіріңіз.

Қанның буферлік жүйелерін атаңыз. Осы бұзылысты теңгеру үшін бикарбонаттық буфер қатыса ма?

Осы бұзылысты емдеудің мүмкіндік әдістерін атаңыз.

13. Науқас Г., 34 жаста, жалпы әлсіздікке, іштің төменгі жағындағы толғақтәрізді ауыру сезіміне, ішінің ұдайы өтуіне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі бозарған, тілі өңезденген. Іш қабырғалары түскен. Копрологиялық тексеруде: нәжісі сұйық, ірің араласқан шырышты-қанды. Бактериологиялық тексеру: сатқақ (дизентерия) қоздырғышы табылды.

ҚСҮ көрсеткіштері: рН - 7,26, рСОз - 36 мм рт.ст., ВВ - 24 ммоль/л, SB - 14 ммоль/л, ВЕ= - 8,0 ммоль/л.

Диагнозы: сатқақ (дизентерия)

Сұрақтар:

Науқаста ҚСҮ бұзылысының қай түрі дамыды?

Науқаста ҚСҮ бұзылысының даму тетіктерін түсіндіріңіз.

ҚСҮ бұзылыстарының теңгерілген және теңгерілмеген түрлерінің қандай айырмашылығы бар? Осы бұзылысты емдеудің мүмкіндік әдістерін атаңыз.

14. Науқас С., 50 жаста, клиникаға ауыр халде жеткізілді. Қарап тексергенде: терісі көгістенген, тынысы жиі, шеркері артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Жүрегінің тоқтағаны тіркелді. Реанимациялық шаралар (кеңірдегін интубациялау, жүректі жанама ысқылау және дефибрилляция) жүргізілді. Жүрек жұмысы жүрек ішіне кардиотоникалық дәрілерді енгізген соң қалпына келді. Қарап тексергенде: қан талданымында глюкоза 20 ммоль\л, рН - 7,25, рСО2 - 63 мм с.б, ВВ - 30 ммоль/л, SB-10 ммоль/л, В Е= - 20,0 ммоль/л.

Сұрақтар:

Науқаста ҚСҮ бұзылысының қай түрі дамыды?

Науқаста ҚСҮ бұзылысының даму тетіктерін түсіндіріңіз.

ҚСҮ бұзылыстарының түрлерін атаңыз, осы бұзылысты қандай себептер дамытуы мүмкін?

Зертханалық көрсеткіштер өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.

Демонстрациялық материал – ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

      1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 215-227.

  1. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 747-764

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.

  4. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с.16-31

  5. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 80-103

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205 -214

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 176-187.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.349-358

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.

БАҚЫЛАУ:

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды

5 САБАҚ

СОБӨЖ

«НӘРУЫЗ ЖӘНЕ МАЙ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. АШЫҒУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

      • Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлері бойынша білім қалыптастыру

      • Әдебиет және интернет деректерімен жұмыс жасауды қалыптастыру.

      • Материалды қысқаша мазмұндауды үйрету және эссе жазуда негізгі мәселені ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

      • Ғылыми конфекцияларда баяндама жасауды қалыптастыру

      • Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарымен байланысты жағдайларды патофизиологиялық сараптау жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім жетілдіру

  • Май алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім жетілдіру

  • Семірудің көптеген аурулардың қауіп-қатер жайтындағы маңңызы бойынша білім жетілдіру

  • Ашығудың этиологиясы, патогенезі, организм үшін маңызы бойынша білім жетілдіру

  • Интернет және әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрену.

  • Эссе құрастыруды үйрену

  • Конференцияда баяндау дағдысын қалыптастыруды үйрену.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

  2. Аминқышқылдары алмасуының бұзылыстары. Қанның аминқышқылдық құрамының бұзылыстары; гипераминоацидемия.

  3. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

  4. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

  5. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  6. Холестерин алмасуының бұзылыстары. Гиперхолестеринемия, атеросклероздың патогенезі

  7. Майлардың аралық алмасуының бұзылыстары. Кетонемияның патогенезі.

  8. Семіру, түрлері, себептері, патогенезі. Семіру қантты диабет пен жүрек қантамыр жүйесі аурулары дамуының қауіп-қатер жайты ретінде.

  9. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың әр кезеңдерінде физиологиялық жүйелер қызметтері мен зат алмасулары өзгерістері. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері

Оқыту тәсілдері: аз топпен жұмыс жасау: кейс-стади. Конференцияда баяндау

Төмендегі сұрақтар бойынша эссе дайындап конференцияда баяндау:

  1. Семіру, түрлері, себептері, патогенезі.

  2. Жүдеу және кахексия, себептері, даму тетіктері

  3. Балалардағы май алмасуының тұқымқуалайтын бұзылыстары

  4. Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың әр кезеңдерінде физиологиялық жүйелер қызметтері мен зат алмасулары өзгерістері.

  5. Нәруыздық-калориялық жеткіліксіздік, себептері, патогенезі, организмдегі маңызы

  6. Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері

  7. Вегетариандықтың патофизиологиялық негіздері