Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Тәжірибелік жұмыс

1. Тапсырма «Қызба патогенезі» рөлдік ойынын көрсету

№ 2. тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибе хаттамасының сызбанұсқасын толықтырыңыз.

Жануарлар

Виварий жағдайлары

Тәжірибе жағдайлары

Жануарлар әсерленісі

Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу

Қызба

Пойкилотермиялық (кесіртке)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу

Жануар бөлменің температурасы жоғары жеріне орын ауыстырады

3 тапсырма

А.тәжірибе. Бақылау және азот-ипритпен шақырылған айқын гранулоцитопениясы бар егеуқұйрықтарда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызба туындатады.

Сұрақтар:

  1. Жануарларда скипидарды енгізгеннен кейін туындаған қызбаның қарқыны бірдей бола ма?

  2. Бұл егеуқұйрықтарда пирогенал енгізгеннен кейін қызбалық серпілістердің сипатында айырмашылықтар бола ма?

  3. Егеуқұйрықтарға пирогенал енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістердің скипидар енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістермен салыстырғанда даму уақыты бойынша айырмашылықтары бола ма?

Б. тәжірибе. Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А. қоянға көктамыр ішіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан кейін А. қояннан қан алынып 5 мл сарысу дайындалып, ол Б. қоянға енгізілді. Тағы 120 минут өткеннен кейін А. қояннан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, көктамыр ішіне В. қоянға енгізілді. Қояндардың үнемі дене қызымы өлшеніп тұрды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысу енгізген уақыттан бастап есептегенде дене қызымы тез және айқын түрде көтерілді. Неге?

В. тәжірибе. ОЖЖ-нің қызба дамуындағы қызметтік маңызын анықтау үшін 3 егеуқұйрыққа келесідей тәжірибе жүргізілді. № 1 егеуқұйрықтың іш қуысына 200г дене салмағына 0,6 мл 0,05% фенаминді енгізеді. № 2 егеуқұйрыққа – 4% гексенал ерітіндісі сол көлемде енгізіледі. № 3 егеуқұйрыққа – NaCl изотониялық ерітіндісін жоғарыдағыдай көлемде енгізеді. № 2 егеуқұйрықта есірткілік жағдай дамығаннан кейін барлық жануарлардың дене қызымы өлшеніп, 3 егеуқұйрыққа да бұлшықеттеріне пирогеналды бірдей мөлшерде енгізді. Содан соң 15 минут сайын 1,5 сағат бойы әрбір жануардың дене қызымы өлшеніп отырылды. Нәтижелері кестеде көрсетілген.

егеуқұйрық

0

15

30

45

60

75

90

1

36,6

37,0

37,2

37,6

38,1

38,6

38,9

2

36,6

36,5

36,3

36,1

35,8

35,6

35,2

3

36,6

36,9

37,1

37,3

37,5

37,7

37,9

Сұрақтар:

  1. Жылу реттеу орталығының «орнықтыру нүктесіне» қандай жайттар әсер етуі мүмкін?

  2. Қызбалық серпілістің дамуына жүйке жүйесінің қандай бөлімдері қатысады?

  3. Тәжірибенің нәтижелерін талдай отырып, жануарларда қызба дамуының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

4 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысы әйгіленімдерінің пайда болу тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.

Қызбаның әйгіленімдері

Пайда болу тетіктері және қызба дамуындағы маңызы

Терінің бозаруы

Терінің құрғауы

Қалтырау, бұлшықет дірілі

5 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Жүрек

Ас қорыту жүйесі

6 тапсырма «Қызба мен гипертермияның айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз

Көрсеткіш

Қызба

Гипертермия

Себептері

Филогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы

Онтогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы

Патогенездің негізгі тізбегі

Әйгіленімдері

Организм үшін маңызы

Температураны түзету

7 тапсырма. Есепті шешіңіз

1. 25 жастағы пациент Б. ауруханаға ЖИТС болуына байланысты келіп түскен, қызба (дене қызымы 38, 90С), қақырықты жөтел, тыныс алғанда оң ағында ауыру сезімі дамыды. Тексергенде лимфоцит пен моноциттің саны азайған лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): сыдырылған эпителий, лейкоциттер көп мөлшерде, әртүрлі бактериялар, трепонема Аг оң.

    • Бұл жағдайда пирогеннің шығу тегі қандай?

    • Науқаста лейопения кезіндегі қызбаның дамуын қалай түсіндіресіз?

    • Қызбаның осылай дамуы науқаста ЖИТС болуына байланысты ма?

2. Дәрігерге 20 жастағы науқас ұдайы қайталанатын жұқпалы ауруға шағымданып келді. Ауру тарихынан науқастың дене қызымы айқын іріңді үрдістердің өзінде 37,20С –тан жоғарыламайды.

  1. Дене қызымының төмен болуының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз

  2. Осы жағдайда иммуностимуляторларды қолдану тиімді ме?

3. 30 жастағы науқас Б., ауруханада экссудативті плевритпен жатыр. Науқастағы дене қызымы сызығының түрі қандай (№ 2)?

Науқас С., ауруханада ревматоидты артритпен жатыр. Науқастағы дене қызымы сызығының түрі қандай (№ 3)?

Науқас ауруханада «Сепсис» диагнозымен жатыр. Науқастағы дене қызымы сызығының түрі қандай (№ 4)?

Науқас Ш., ауруханада «Туберкулез» диагнозымен жатыр. Науқастағы дене қызымы сызығының түрі қандай (№ 5)

4. Науқас П., 18 жаста, ауруханаға крупозды пневмонияиен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтыраған, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

  1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

  2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына сәйкес келеді?

  3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

5. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында қабынудың жедел кезең нәруыздары анықталды (СРБ).

  1. Дене қызымы көтерілу және қанда жедел кезең жауабы нәруыздарының көбею патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызыбар ма?

6. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

7. 18 жастағы қауырт аппендицитпен ауырған науқастың дене қызымы 380С, тамыр соғысы минутына 82 рет. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

8. Науқас А., жұқпаның әсерінен дамыған қызбаны емдеу мақсатында аспириннің бір түйірін ішті. 50 мин. соң дене қызымы қалыпқа дейін түсті. Науқас Б., дене қызымы қалыпты болса да буындарындағы ауыр сезімін басу үшін аспирин ішті. Бір сағаттан соң ауыру сезімі басылып, дене қызымы қалыпты болып қала берді. Аспириннің қызым түсіретін және ауыру сезімін басатын тетіктерін түсіндіріңіз.

9. 18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста дамыған дерттік жағдайды анықтаңыз

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?

10. Науқас С., 30 жаста, дәрігерге басы ауыруына, мұздайтындығына, тамағындағы ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: дене қызымы 39,2°С, жұтқыншағы мен кеңірдегі қызарып, ісінген.

Клиникалық диагнозы: қауырт респираторлық ауру.

    • Қызбаның даму патогенезін түсіндіріңіз

    • Қызба кезінде организм жүйелерінде қандай өзгерістер дамиды? Организм үшін қызбаның маңызы қандай?

11. Науқас Р., 46 жаста, дәрігерге басы ауыратындығына, қалтырау, денесіндегі, аяқ бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, ертеңгі және кешкі мезгілдердегі дене қызымының жоғарылауына шағымданды.

Қарап тексергенде: терісі бозарған, дене қызымы 39°С, қалтырау, тамыр соғысы минутына 100 рет, АҚ 140/95 мм с.б.

Клиникалық диагнозы: тұмау.

  1. Тексеру кезінде науқаста қызбаың қай сатысы дамыған?

  2. Дене қызымы көтерілгенде жылу шығару мен жылу өндіру қалай өзгереді?

  3. Жүрек қантамыр жүйесіндегі өзгерістердің болуы неге байланысты?

12. Науқас Т., 30 жаста, дәрігерге жұтынғанда күшейе түсетін тамағындағы ауыру сезіміне, әлсіздік, басы ауыратындығына шағымданды. Дене қызымы 39,5°С. Фарингоскопияда инфильтрат, жұмсақ таңдай тіндеріндегі ісіну, іріңдеген бадамша бездері көрінеді.

Диагноз: фолликулярлық ангина.

  1. Қызым түсіретін емнің ұстанымы қандай? «Пиротерапия» дегеніміз не?

  2. Дене қызымы күрт түскенде организмде қандай өзгерістер дамиды?

  3. Организмге қызбаның теріс әсері қалай көрінеді?