
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімін қолдануды үйрету
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту тәсілдері: кейс - стади
№1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.
Сұрақтар:
Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.
2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.
№2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.
Сұрақ:
Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.
№3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).
А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.
Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.
Тәжірибелердің нәтижелері
А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.
Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.
1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.
2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?.
№ 4. Қауырт В гепатитімен ауыратын пациенттің бауырынан мынадай өзгерістер анықталды: гепатоциттердің көлемі айқын ұлғайған, цитоплазма ашық ірі қуыстармен толған. Кейбір гепатоциттер кішірейген, олардың цитоплазмасы эозинофильдік бояумен қарқынды боялған, ядросы бүріскен (кариопикноз). Қақпа көктамыры жолдары және синусоидтар лимфоциттермен және гистиоциттермен инфильтрацияланған. Бауыр биоптатында каспазалар белсенділігі жоғарылағандығы және ДНҚ бөлшектері көптеп анықталды. Қан плазмасында аланинтрансаминазаның (АЛТ) және аспартаттрансаминазаның (АСТ) белсенділігі жоғарылаған.
Гепатоциттер көлемінің өзгергендігін (ұлғаюы, кішіреюі, вакуолдануы), гепатит В вирусымен зақымданғанда олардың қарқынды боялуын түсіндіріңіз.
Каспазалар белсенділігі жоғарылауы және бауыр тінінде ДНҚ бөлшектерінің көптеп жинақталуы нені мәлімдейді?
Гепатит В вирусының және лимфоциттер мен макрофагтардың гепатоциттер зақымдануындағы рөлі қандай?
№ 5. Келесі көрсеткіштер негізінде зақымданған жасушалар түрін анықтауға бола ма? Қан плазмасында калий мөлшері – 5,5 ммоль/л (қалыптыда 3,5-5,0 ммоль/л), АСТ және АЛТ мөлшері артқан, несепте миоглобин анықталды.
№ 6. Радиация әсерінен жасуша зақымданды. Төменде берілгендердің қайсысы және не себепті сәулесоқ ауруын дамытады немесе оның дамуын тежейді?
Na/K АТФ-аза тежегіштері
Na/K АТФ-аза әсерлендіргіштері
Антиоксиданттар
Ca каналдарының тежегіштері
Буферлі ерітінділер
№ 7. Егеуқұйрықтар тобының тәжірибелік сәулелендіруге ұшыраған соматикалық жасушаларының геномын зерттегенде көптеген мутациялар анықталды, дегенмен мутациялар саны бұл егеуқұйрықтардың келесі ұрпақтарында азая түсті.
Бұл неге байланысты? Жауапты негіздеңіз.
№ 8. Қандағы қандай маркерлер бойынша зақымдануын анықтауға болатындығын көрсетіңіз:
гепатоциттердің
қаңқа бұлшықеттерінің бұлшықет жасушасының
кардиомиоциттердің
№ 9. Емханаға пациент профилактикалық тексеруден өтуге келді. Шағымы жоқ, қарап тексергенде ешқандай дерттік өзгерістер анықталмады. Соңғы шешімге келу үшін оны биохимиялық зертханаға қан және зәрдің жалпы анализдерін тапсыруға жіберді. Дәрігер -лаборант эритроциттердің айқын гемолизі анықталды, қан жағындысында бұзылмаған эритроциттер шартәрізді болды. Жағдайды түсіндіру кезінде қан алғанда оны сұйылту үшін хлорлы натрийдің гипотониялық ерітіндісі қолданылғаны анықтаяды.
Эритроциттер гемолизінің патогенезін түсіндіріңіз
Қалған эритроциттер не себепті шартәрізді болды?
Таратылатын материал: ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 268-284.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 63 - 81
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162
Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 23-30
Қосымша
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 43-60.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 43-60.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 66-89.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.
Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.
БАҚЫЛАУ: есептер бойынша қорытынды
№ 3 САБАҚ
СОБӨЖ
«ҚЫЗБА» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену
Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдыны жетілдіру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.
Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.
Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.
Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер (жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері
Туылғаннан кейінгі кезеңде қызбаның ерекшеліктері
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.
Қызбаның ысынудан айырмашылығы.
Оқыту тәсілдері: Оқытушының бақылауымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында әңгімелесу және пікірталас жүргізу, «Қызба патогенезі» рөлдік ойынын көрсету, үлгілеу жағдайларын талдау, кестелерді толтыру, кейс-стади, тестілеу.