Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімін қолдануды үйрету

Оқыту тәсілдері: Кейс - стади.

1. Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды. Аурудың себебі не?

2. 14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған. Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Өмір сүру жағдайы орташадан төмен.

  1. Баладағы ауруға қандай себеп әкелді? Берілген аурудың жағдайын атаңыз

3. Тағамда «С» витаминінің жеткіліксіздігі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

4. Организмнің тағамның аз түсуі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

5. Биіктік ауруының алдын алу үшін лимон қышқылы мен қышқыл өнімдерін қолданады. Олардың қолданылуының патогенездік негізі неде?

6. Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауа барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алынады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.

  1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?- Дем алатын ауада барометрлік қысымның және оттегінің үлестік қысымының төмендеуі.

  2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?- Төмен барометрлік қысымның нәтижесінде оттегінің үлестік қысымының азаюы.

  3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге борлады?- Барокамерада оттегі мөлшерін арттыру (Поль Бер тәжірибесі)

  4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ көрсеткіштерінде және қанның газдық құрамында қандай өзгерістер дамиды?- Гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.

7. 10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.

  1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?- Экзогенді гипобариялық гипоксия, гипотермия, декомпрессия синдромы

  2. бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?- №1 СӨЖ және №2 Организмге гипотермия және төмен барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенезі сабақтарын қараңыз.

  3. Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?- гипоксия, себебі барометрлік қысым 170 мм.с.б. болғанда, артериялық қанның оттегімен қанығуы 10%-ды құрайды, бұл өлімге әкеледі.

8. 38 жастағы жұмысшы Т., кессоннан шыққан соң терісінің қышығандығына, балтыр бұлшықеттері мен тізе буынындағы қатты ауыру сезіміне шағымданды. Ентігу, жүрек қағуы пайда болып, көзі көрмей қалды.

Жұмысшыда қай аурудың симптомы пайда болды?

Бұл бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

Науқасқа қандай медициналық көмек қажет?

9. 35 жастағы пациент П., бағдарламашы (программист) болып 10 жыл жұмыс жасайды, маңдай тістерінің қарайып, бұзылып, эстетикалық түрінің жойылғандығынан стоматологқа келді. Дәргердің қойған аңғарымы: тістердің компьютерлік некрозы.

Аурудың себебі мен жағдайына анықтама беріңіз.

Сәуленің әсерінен тіс тінінің зақымдану тетіктерін түсіндіріңіз.

Бұл жағдайда қандай шаралар тиімді?

Таратылатын материал: ситуациялық есептер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология / /Под ред. Новицкого В.В – М.Гэотар,2010 том 1.С. 73-87.

  4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  5. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  6. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  7. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

  8. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

Бақылау:

Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.

2 САБАҚ

СОБӨЖ

«РЕАКТИВТІЛІК ПЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫ бойынша машықтық дағды қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Оқыту тәсілдері: кейс - стади

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

1. Екі егеуқұйрыққа мынадай тәжірибе жүргізілген: №1 егеуқұйрықты судың температурасы +10 С аквариумға салған. 5 минөт өткен соң оны барокамераға дені сау (интакталық) егеуқұйрықпен №2 бірге отырғызады және де алдын ала 10 минөт бұрын психостимулятор фенамин 2,5 мг/кг енгізілген үшінші №3 егеуқұйрық отырғызылады. Содан кейін барокамерадағы ауаны барометрлік қысым 180мм с.б.-на дейін сорып алады. Сол мезеттен бастап олардың өмірінің ұзақтығы №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 егеуқұйрықта 7 минөт, ал №3 егеуқұйрықта 4 минөт болды.

  1. Жануарлардың гипоксияға төзімділігіне гипотермия мен психостимулятор фенамин әсер етеді ме?

  2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне, өмірінің ұзақтылығы созылып немесе қысқартатын факторлардың әсері туралы мысал келтіріңіздер

2. Өлшемелі физикалық жүктемеден соң жас спортсмендерде тамыр соғысы минутына 140 ретке жиілеп, артериялық қысымы 180/100 мм рт. с.б. жоғарылады, ал жоғары топтағы спортсмендерде тамыр соғысы минутына 100 рет, ал артериялық қысымы - 130/90 мм с. б. болды.

Жас және жоғары топтағы спортсмендердің реактивтілігін қандай жайттар анықтады?

3. Бақылау және тәжірибелік (тиреоидэктомиядан соңғы) топ жануарларын оттегісі аз камераға отырғызды. 5 күннен соң бақылау жануарлары өлді, ал тәжірибелік жануарларда зат алмасуының төмендегені, гипопротеинемия, рефлекстердің тежелуі және организм қызметтерінің төмендегені анықталды.

Бақылау және тәжірибелік жануарлардың реактивтілігін қандай жайттар анықтады?

4. Қысқы кезеңде табиғи жағдайда екі топ жануарлар (саршұнақ пен егеуқұйрық) иондаушы сәуленің аса жоғары мөлшерін қабылдады. Егеуқұйрықтың 95% өлсе, ал саршұнақтың - 10% өлді.

Саршұнақ пен егеуқұйрықтың реактивтілігін қандай жайттар анықтады?

5. 1 жастағы балада, 35 жастағы және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты?

6. Қауырт респираторлық вирустық аурумен ауырған науқастардың қан сары суында интерферон мөлшері артты. Бұл серпілістің организм үшін қандай маңызы бар және ол неге дамыды? Науқаста реактивтіліктің қай түрі байқалды және оған жауап беру түрі қандай?

7. Әкесі гемофилиямен науқастанатын, шешесі сау, Э атты сау әйел тектік қенеске гемофилия А ауруының немерелерінде дамуы қауіптігі туралы сұрақпен келді. Жұбайы Н және үш балалары – ұлы және екі қыздары сау.

  1. Гемофилия А мұра қалдырудың қай түрімен тасымалданады және оның даму жолы?

  2. Баласы мен немересінде осы аурудың даму қауіптілігі қандай?

8. Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы аласа, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанында көлденең қатпар көрінеді. Кариотип: 46, ХҮ, t(+14,21).

  1. Бала қандай аурумен зардап шегеді?

  2. Кариотип өргенін ажыратыңыз және сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неден?

  3. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай көріністер тән?

9. Әскери комиссариаттағы медициналық комиссияда әскерге жарамдылығын анықтау барысында 18 жастағы Р. тексерілді. Қарап тексергенде: бойы ұзын, аяқ –қолдары ұзын, евнухоидизм, гинекомастия, денесінің төменгі бөлігі семірген, қолтықасты мен шабында түктері аз, аталық жұмыртқасы жетілмеген.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Осы жағдайда аңғарым қою үшін тұқымқуалаушылық дертін анықтау үшін тектік тексерудің қандай түрі қолданылады?

  3. Кариотипті тексеру арқылы нені анықтайды? Буккалды сынау деген не?

  4. Бұл ер адамда осындай аурумен ауыратын балаларының пайыздық мөлшері қандай?

10. Жүрегіндегі күрделі ақаудан туған бойда өлген бала туылғандығына шағымданған әйел медициналық – биологиялық кеңеске келді. Қандай зерттеу әдісі дерттің тұқымқуалаушылық пен туылу кезіндегі ақаудан айырмашылығын анықтайды?

Таратылатын материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

  2. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 51-59

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

  4. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

  6. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89

Қосымша

  1. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 21-23, С. 26-42.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

  5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

  6. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза., Алматы, 1998.– 175с.

  7. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с

БАҚЫЛАУ: есептер бойынша қорытынды.

СОБӨЖ