
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
№ 6 есеп. |
|
40 жасар туберкулезбен ауыратын З . науқас ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отыр), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚ 90/60 мм с.б.б., аускультация кезінде: жүрек тондары тұйық, өкпесінде базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі 26 рет минутына, мойынның веналары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады, аяғы добыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.
1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 471-482
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 460 - 471.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.- 2010.-С.152-167.
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 362-370
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 430-447
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 37-65
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 162-169.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 181-190
Қосымша
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 159-190
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-466
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 332-349
№ 14 САБАҚ
СОБӨЖ
№5 аралық бақылау
Тақырыптар: «Жүйке жүйесі патофизиологиясы», «Эндокрин жүйесі патофизиологиясы», «Тірек-қимылдық аппаратының және терінің патофизиологиясы», «Сыртқы тыныс патофизиологиясы», «Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы», «Жүрек жеткіліксіздігі», «Артериялық гипертензиялар. Артериялық гипотензиялар».
Бақылау мақсаты:
аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау
ситуациялық есептердің қорытындылары бойынша машықтық дағдыны бағалау.
Бақылау міндеттері:
өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бекіту
ситуациялық есептер шығару дағдысын бекіту
Жүргізу түрі:.
1 Кезең– тестілеу
Тесттік тапсырмаларды орындау - «Патологиялық физиология бойынша тесттік тапсырмалар» кітабын және қорытынды бақылаудың тесттік тапсырмаларын қараңыз / М.Б. Байбөрі – Алматы.
2-ші кезең – оценка практических навыков интерпретации клиника-зертханалық сараптауларда тәжірибелік дағдыны бағалау, патогенез сызбанұсқасын құрастыру «Бақылау-өлшегіш құралдар»
СОБӨЖ
«АСҚОРЫТУ жеткіліксіздігі» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Асқорыту жүйесі аурулары кезіндегі клиникалық -зертханалық сараптауда машықтық дағдыны, коомуникативті дағдыны қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Асқорыту жүйесі ауруларындағы клиникалық -зертханалық сараптауда тәжірибелік дағдыны жетілдіру
Жануарлармен жұмыс жасау дағдысын бекіту (ҚР ДСМ № 697 бұйрығы)
топта коммуникативті дағдыны жетілдіру
Жүргізу тәсілдері: тәжірибе жасау, кестелерді толтыру, кейс-стади, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, сөзжұмбақ толтыру, ауыз қуысы аурулары бойынша эссе
1 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару
№ 1- есеп. 32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.
Жұтынудың бұзылыстары немен байланысты: өңештің бе немесе жұтқыншақтың ба?
Әрі қарай қандай тексерулер жүргізу қажет?
Рентгенограмма нені анықтайды? (оқытушыдан мәліметтерді сұраңыз)
Науқаста жұтыну бұзылысының патогенезі қандай?
№ 2 –есеп. А. және Б. науқастарының кестеде берілген көрсеткіштеріне сәйкес асқазан сөлін патофизиологиялық сараптау.
|
Қалыпты жағдай |
Көлемі мл |
Жалпы қышқылдық |
Бос НСl |
Байланысқан НCl |
Пепсин мг% |
Титрациялық бірліктер |
||||||
|
Ашқарында (Н) |
50- ден көп емес |
40-қа дейін |
20-ға дейін |
- |
0 -21 |
Негізгі секреция (ТС) |
50 -100 |
40 -60 |
20 - 40 |
10 -15 |
20 -40 |
|
Түрткілік секреция (КС) |
50 -100 |
40 -60 |
20 - 40 |
10 -15 |
21 -45 |
|
Науқас А |
Н |
10 |
30 |
- |
10 |
10 |
НС |
- |
- |
- |
- |
- |
|
ТС |
20 |
35 |
10 |
10 |
5 |
|
Науқас Б
|
Н |
100 |
60 |
30 |
20 |
15 |
НС |
120 |
80 |
60 |
10 |
30 |
|
ТС |
140 |
100 |
50 |
30 |
50 |
|
|
НС |
120 |
60 |
30 |
15 |
- |
|
ТС |
10 |
10 |
- |
5 |
- |
1. А және Б науқастарында асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылысының қай
түріне жатады?
2.Берілген науқастарда асқазанның эвакуациялық қызметі қалай өзгереді?
3.Берілген науқастарда анықталған асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары ішектегі
асқорытуға қалай әсер етеді?
№ 3 есеп. 35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды. Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.
Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.
Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?
Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?
Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?
Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?
№ 4 – есеп. Науқас М., 20 жаста, клиникаға әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентік, аяқ-қолдағы жалған сезім шағымдармен түсті. Сыртартқыдан, оның, ашішегінің бөлігі, ішек тесілгендіктен, алынып тасталғаны белгілі болды (ішектің бейнақты ойық жара - Крона ауруының асқынуы). Қан талдамасы: гемоглобин мөлшері 100 г/л, қан жағындысында диаметрі 12 мкм эритроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз, алып көп бөлшектенген нейтрофилдер анықталады. Осы науқаста қандай анемия дамуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Бета-таласемия
Фолий тапшылықты анемия
В12 тапшылықты анемия
Темір тапшылықты анемия
Орақ тәрізді жасушалы анемия
№ 5 есеп. 56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс. Талақ қол ұшымен білінбейді. Желішектік тексеруде дерт анықталмады. Жасырын қан сынамасы теріс.
Зерттеуханалық зерттеулер деректері:
Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109/л
Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).
Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезде кальцификаттар анықталмайды. Бауырды УДЗ кезінде жаңғырықтық жайылмалы өзгерген, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдей алады. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ әйгіленімі»)
Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?
Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?
Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз
№ 7 есеп. 31 жастағы науқас К. «Жедел жәрдем» машинасымен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түскен кезде: енжар, есі тежелген, қимылсыз, сұрақтарға кідіріп мәнсіз жауап береді. Тісі жабынмен қапталған. Дене қызымы 36,5 °С. Тері жабындары және шырышты қабықтары сарғыштанған, денесінің жоғары бөлігінде телеангиэктазиялар, алақандарында эритема байқалады. Іші шемендік сқйықтың әсерінен ұлғайғандықтан бауырды сипалауға қиындық туды. Аяқтары ісінген. Жүректің сол қарыншасының шекаралары аздап үлкейген. АҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 90, тамыр соғысы ырғақты..
Қанның зертханалық тексерістердің нәтижелері:
Қанның жалпы талданымы:
Нb
108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л,
лейкоциттер 4,8´1012/л;
ЭШЖ 35 мм сағатына
Қанның биохимиялық талданымы:
Жалпы билирубин 7,1 мг%; глюкоза 80 мг%;
КД (кетон денелері) қалыптыдан жоғарылаған;
Зәрнәсіл мөлшері төмендеген; протромбиндік индекс төмен;
Холинэстеразаның белсендігі төмендеген;
Австралиялық антиген анықталмады
1. Науқастың тері тамырларының көрсетілген өзгерістерінің және алақандарының тұрақты эритемасының даму тетіктері қандай? Тағы қандай симптомдары кездеседі?
2. Қақпалық гипертензия мен іш шемені патогенезінің тағы қандай нұсқалары бар? Организм қызметтерінің салдарлық бұзылыстарында іш шеменінің қандай маңызы бар?
3. Бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар ма? Бар болса, олардың даму тетіктері қандай?
4. Клиникалық және зертханалық мәліметтерге сүйеніп не туралы ойлауға болады: қантты диабет пе, бауырдың қауырт қабынулық зақымдануы ма, бауыр беріштенуі ме? Не себепті?
5. Соңғы сұрақтарға тура жауап беру үшін тағы қандай қосымша мәліметтер керек?
№ 8 есеп. Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 9 есеп. Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,68 ммоль/ сағ˙л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері
Жалпы билирубин – 8,0 - 20,0мкмоль/л Тура емес билирубин – 16 мкмоль/л Тура билирубин – 0,5 - 5,0 мкмоль/л АСТ – 35 МЕ/л ( 0,45 ммоль/сағ ˙ л) АЛТ – 40 МЕ/л ( 0,68 ммоль/сағ ˙ л) Сілтілік фосфатаза 0,14–0,36мколь/л
|
Зәрнәсіл – 3,5 - 8,5 ммоль/л Жалпы холестерин –5,0ммоль/л дейін Фосфолипидтер – 1,95 – 4,9 ммоль/л Қалдық азот -14,28 – 28,56 ммоль/л Аммиак 21,4 - 42,8 мкмоль/л
|
№2 тапсырма. Эксперимент нәтижесін сараптаңыз. «Бақаның организміне өтінің жалпы уытты әсері».
Тапсырма |
Тапсырмаға нұсқау |
1-2 мл өтті бақаға енгізгеннен кейін, беті жабылған шыны ыдысқа отырғызу. 15-20 минөттен кейін қимыл белсенділігін, бұлшық ет тонусын, қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін, ауыруға сезімталдығын тексеру. |
Өтті бақаның арқа терісінің астындағы лимфа қуысына салады. Ол үшін терісін қысқышпен қыса көтеріп, инені жоғарыдан төменге қарай кіргізіп өтті енгізеді. Бақаны шалқасынан жатқызып, оның қимылдық және координациялық мүмкіндіктерін тексереді. Кәдімгі қалпына өз еркімен келе ала ма жоқ па? cоны тексереді. Ауыруға сезімталдығын бақайларына ине шаншып тексереді. |
Тапсырма:
1.Бақада қандай синдром дамыды?
2. Өтті енгізгенде ауру сезімінің төмендеуін, қимыл-қозғалысының белсенділігінің бұзылыстары патогенезін түсіндіріңіз
№3 тапсырма. Бақаның жүрек ырғағына өттің әсерін тексеру.
Әдісі: а) Бақаның жұлынын бұзу арқылы оны қозғала алмайтын жағдайға келтіреді. Кеудесін ашып, жүректі қапшығынан босатады. Бір минөттік жүрек соғуын анықтайды. Одан соң жүрекке екі-үш өт тамады. Әрі қарай 5 минөт сайын жүректің соғу жылдамдығын анықтайды. Алынған мәліметті хаттамаға тіркейді.(түсіреді)
б) Жүрек ырғағы қалпына келген соң жүрекке 2-3 тамшы атройын ерітіндісін тамызады да 2-3 минөт өткен соң және 2-3 тамшы өт ерітіндісн тамызады. Қайтадан жүрек соғуының жылдамдылығын хаттамаға түсіреді. Алынған мәліметтерге қорытынды жасалынады.
Хаттама кестесі
Жануар
|
Жүрек соғысының жылдамдығы |
|||
Қалыпты жағдай |
2 мин соң |
3 мин соң |
5 мин соң |
|
Бақа (а) 50 40 35 20 Бақа (б) 50 55 55 55 |
А және Б бақалардың жүрек соғысы жиілігінің өзгерістерін түсіндіріңіз
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 519-558
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 519-555
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010 Т. 2., С. 386-424
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 411-420
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 221-230
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2 С. 273-291
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.576 - 595
Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.
Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195
№ 15 САБАҚ
СОБӨЖ
«Бүйрек патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақ мақсаты:
Бүйрек қызметі бұзылыстары бойынша клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру
Үш тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
Қан және зәр анализдерін сараптау машығын жетілдіру
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын жетілдіру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Н
Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері
Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары
Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары
Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі
Нефриттік және нефроздық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі (гломерулонефриттер мен пиелонефриттер мысалында)
Несеп-тас ауруының этиологиясы мен патогенезі.
Уремия, түсінік патогенезі;
БСЖ кезіндегі тіс жақ тіндеріндегі өзгерістер.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: кейс-стади, кестелер толтыру, тәжірибе жасау, тест жүргізу.
Бақылау әдістері: Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу