- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
1. Гипертониялық әсерленіс.
Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс
Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
3. Астениялық әсерленіс.
Жүректің қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.
№2 тапсырма |
Эссенциалды гипертензияның патогенездік сызбанұсқасын құру а) нейрогендік механизм б) бүйректік механизм в) гормондық механизм
|
|
|
№ 3 тапсырма. Кейс-стади
№ 1. 20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті. Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде айналы белгіде. Қанда АСТ белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).
Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?
Дерттің бұл түрінде қанда АСТ-нің белсенділігінің артқанын қалай түсіндіресіз?
Көрсетілген дерттің дамуының негізгі тетігі қандай ?
№ 2 есеп. Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымданып, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Анамнезінен: осының алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс атқарған, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.
Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі-минутына 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б.б. ЭКГ —да жиілігі 360 рет жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоцит - 9,2 х 109/л, басқа көрсеткіштері қалыпты.
Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
Байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі не?
Миокардтың зақымданғанын растайтын қосымша қандай тексерулер жүргізу керек?
№ 3 есеп. Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.
М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?
Анықталған дерттің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?
ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?
№ 4 есеп. Науқас Б., 37 жаста, ревматизмдік қызбамен бала кезден ауырады. 1 жасында жүрек ақауы қойылған. Осы кезге дейін өзін жақсы сезінді. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрекгінің қағуына, жүрегіндегі ауыру сезіміне, қан құсуға шағымданды. Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттардың көгеруі (цианоз), жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейгендігі, өкпеде ылғал сырылдар анықталды. Тамыр соғысы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б. ЭКГ-да жүрекшелердің жыпылықтаушы мерцательная аритмия предсердий.
Каким пороком сердца страдает больная?
№ 5 есеп. Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Анықталды: полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17‑оксикортикостероидтың мөлшерінің жоғарылауы.
