Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Протеинограмма

Қалыпты жағдайда

Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л

Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л

Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л

Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л

Аспаптық зерттеулер

Аспаптық зерттеулер нәтижесі: Рентгенограммада білезік-фалангалық буынды құрайтын сүйектердің буындық бөліктерінің боркеміктенуі (остеопороз) байқалады. Оң қолының II саусағының жоғарғы фалангасының негізінде және III білезік сүйегінің басында шеттік узуралар көрінеді. Оң қолдың III және II саусақ және білезік-фалангалық буындарының тесігінің айқын тарылуы байқалады.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  2. Осы науқастағы аурудың мүмкін болатын себептері қандай? Осы аурудың этиологиясына байланысты кәзіргі кезде қандай көзқарастар бар?

  3. Осы аурудың дамуына әкелетін жағдайларды көрсетіңіз. Аурудың тұқым қуалаушылыққа бейімділігі қандай тетіктерге байланысты?

  4. Осы кездегі буын зақымдануының патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын зақымдануында иммундық зақымданудың қай түрі қатысады?

  5. Осы науқастағы буын зақымдануының сызбанұсқасын оқып үйреніңіз. Осы жағдайдағы организмнің жалпы серпілісін шақыратын және буын қабынуының дамуына қатысатын дәнекерлерді көрсетіңіз

Антиген (вирус ?) → II топ HLA антигендері (тұқымқуалаушылыққа бейімділік)

CD4+ Т-лимфоциттер

Ц итокиндер

макрофагтардың белсенділенуі

В-лимфоциттердің әсерленуі

антидене өндірілуі (құздамаға ұқсас жайт)

иммундық кешендердің пайда болуы

б уынның зақымдануы

Цитокиндер

ф ибробластар, синовиалдық жасуша, хондроциттер

коллагеназа, эластаза, ПГ E2 және басқа ферменттердің босауы

п аннустың құрылуы, шеміршек, сүйек құрылымының бұзылуы, фиброздың дамуы

Эндотелиоциттердің әсерленуі

Пролиферация

адгезиялық молекулалардың шығуы

Лейкоциттердің эмиграциясы

  1. Қандағы СӘН –деңгейінің жоғарылау тетігін түсіндіріңіз. Қанда «жедел кезең жауабының» тағы қандай нәруыздары жоғарылаған?

  2. Лейкоциттік өрнектің өзгеру тетігін түсіндіріңіз

  3. Осы ауруға қандай патогенездік ем ұсынасыз?

2 есеп. 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен жеткізілген. Тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуінің бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді:

  1. Коллагеннің I түрі

  2. Коллагеннің II түрі

  3. Коллагеннің III түрі

  4. Коллагеннің IV түрі

  5. Коллагеннің V түрі

3 есеп. 65 жастағы науқас М.., дәрігерде ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруына байланысты бақылауда болған. Сүйек тінінің фиброзды өзгерістері, сүйек тіні резорбциясының остеосинтезден жоғары болуы рентгенограммада анықталған. Осы науқастың қанындағы кәлций, фостаттар және паратгормон деңгейінің өзгерісін қалай болжауға болады ?

Са2+

РО43-

паратгормон

A)

B)

C)

D)

E)

4 есеп. 35 жастағы науқас М.., дәрігерге жіліншік-білезіктік буынның бүккіш бетінде, окссилярлық және саусақ аралық қатпарлардағы терінің қышуына, ұйқысының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төменденуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде қасыну іздері бар қабық және қатпармен жабылған ирелектелген жолдар анықталды (суретті қараңыз): Науқаста дамуы мүмкін:

  1. Жанасулық дерматит

  2. Қотыр

  3. Қызыл жегілік дерматит

  4. Есекжем

  5. Пиодермия