- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
Машықтық жұмыс
№ 1 тапсырма. |
Бастапқы пневмограммасы төмендегідей болған тәжірибелік жануардың кеңірдегін қысқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз:
|
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
тыныс алу жиілігі тереңдігі, дем алу мен дем шығару арақатынасы қалай өзгерді?
өзгерген тыныстың патогенезі қандай?
Қандай дерттік үрдістерде осындай бұзылыс дамиды?
№2 тапсырма
|
Тәжірибелік жануардың плевра қуысына физиологиялық ерітінді енгізу арқылы жасанды гидроторакс дамытқанда тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз
|
Бастапқы пневмограмма №1 тапсырмада берілген. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс сипатының өзгерістерін көрсетіңіз және бұл бұзылыстың патогенезін сипаттаңыз. Тыныстың осындай бұзылысы қандай ауруға тән?
№ 3 тапсырма. |
Т |
Бастапқы пневмограмма.
Тыныстың өзгеру сипатын суреттеңіз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Тыныс алу өзгерісінің патогенезі қандай?
Осы тыныс алу бұзылысының қандай патофизиологиялық маңызы бар?
№ 4 тапсырма Егеуқұйрықтың жоғарғы тыныс жолдары рецепторларын (қабылдағыштарын) мүсәтірмен тітіркендіргендегі тыныс ырғағы бұзылыстарын сипаттау
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:
№ 5 тапсырма |
Жасанды гипервентиляциямен туындатылған тыныс алу өзгерістерін зерттеу. |
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:
Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады:
Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай?
Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді?
Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде?
Адамдағы гипервентиляцияға мысал келтіріңіз.
№ 6 тапсырма |
Кейс-стади |
№ 1 есеп.
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, РКдш↓,ӨЖС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?
№ 2 есеп. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5
рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3
рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. – Б. 482-519.
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010. Раздел Патофизиология внешнего дыхания.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник:. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. С. 384-385
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С.158-186
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 519 - 525
Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 349-365
СОБӨЖ
«тірек қимыл ЖҮЙЕСІ патофизиологиясы» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысы мен құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру
3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: «мылқау» кестені толтыру, кейс-стади
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен орындалған тапсырмалардың қорытындыларын тексеру, тест жүргізу
МАШЫҚТЫҚ жұмыс
№1 тапсырма. |
Сүйек-буын синдромының патогенездік сызбанұсқасын оқып үйрену, ең жиі кездесетін остеопатияның патогенезін көрсету
|
|
Тұқымқуатын |
||
Ахондроплазия. Аяқталмаған остеогенез |
|
|
Марфан синдромы |
|
|
Рахиттәрізді аурулар |
|
|
Жүре пайда болған |
||
Қарттық |
|
|
Алиментарлық |
|
|
Гормондық |
|
|
Нефрогенді |
|
|
Қабынулық |
|
|
№ 2 тапсырма. Остеопороздың патогенездік сызбанұсқасын зерттеу
БОРКЕМІКТЕНУДІҢ (ОСТЕОПОРОЗ) ПАТОГЕНЕЗДІК ЖАЙТТАРЫ
Сүйек тіні қайта үлгіленуінің бұзылысы
Жас сүйек (остеоид) түзілуінің және оның минералдануының төмендеуі
Сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі (сүйек қуыстануы)
Аяқ -қол сүйектерінің, омыртқа денесінің, сан сүйегі мойнының сынықтары
|
№ 3 тапсырма. Самай-төменгі жақ буынының жіті остеоартрозының негізгі көрінгістерінің патогенезін көрсетіңіз
Симптомдар |
Патогенезі |
Буын аймағындағы ауыру сезімі |
|
Төменгі жақ қимылының шектелуі |
|
Буынның ісінуі |
|
Дене қызымының көтерілуі |
|
№ 4 тапсырма. Самай-төменгі жақ буыны остеоартрозының патогенездік сызбанұсқасын оқып-үйрену
Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезінде буынға механикалық жүктеменің шамадан тыс түсуі |
Буын шеміршегінің төзімділігі төмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі |
↓
Буын шеміршегінің беткейіне түсетін механикалық жүктеме мен оның осы жүктемеге қарсыласу мүмкіншілігінің сәйкес келмеуі
↓
Шеміршектің ыдырауы мен оның қалпына келуінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
(қайта үлгілеу)
↓
Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі
↓
Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
Самай-төменгі жақ буыны остеоартрозы жақтың қимылының бұзылуымен (ауызды ашқанда төменгі жақтың қисық қозғалуы), буындағы, құлақтағы, шайнау бұлшықеттеріндегі ауыру сезімімен сипатталады. Қозғалғанда сықырлаулар, соғылулар пайда болады.
№5 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шешу. |
№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, оладың ісінуіне және таңертеңгілік құрысуға шағымданып келді. Ауру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен оның буындарындағы ауыру сезімі жедел респираторлық вирустық жұқпамен ауырып тұрғаннан кейінгі соңғы 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен құрысуын байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ анасы аяқ-қолдарындағы буындарының ауыру сезімдеріне жиі шағымданған.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6 , АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: проксимальды саусақтарының фаланга аралық, екі қолының жіліншік-білезіктік, білезік-фалангалық буындары ісінген, шамалы деформацияланған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109 /л
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядросы 8 %
Лимфоциттер 14 %
Ретикулоциттер 5 ‰
Тромбоциттер 240 х109 /л
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Жағындыда - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++

әжірибелік
жануардың көктамырына 3% сірке суын
енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі
тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.