Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стом студ СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Тапсырмалар

1 тапсырма. Кейс-стади

1 есеп. Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар.

  1. Науқасқа диагноз қою үшін қандай зертханалық тексерістер жүргізілуі қажет?

  2. Қан ұю уақыты және әсерлі үлестік тромбопластиндік уақыт, тромбиндік және протромбиндіке уақыт қалай өзгереді? Зерттеу нәтижелерін оқытушыдан сұраңыз.

  3. Диагноз қойыңыз.

  4. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз

2 есеп. Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.

Зертханалық тексерулер:

Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.

Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған.

Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%

Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.

3 есеп. Науқас Н., 36 жаста, ауруханаға аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен (2 қабаттан құлаған) әкелінді. Ауырусыздандыру үшін морфин және тромбозды болдрмау үшін гепарин енгізілді. 5 күннен соң науқаста тромбоциттер санының 170х109/л-ден 50х109/л-ге дейін азайғандығы анықталды.

    1. Науқастағы тромбоцитопенияның мүмкіндік себебі қандай?

    2. Осы жағдайдағы тромбоцитопенияның патогенезі қандай?

    3. Науқаста тромбоцитопенияның мүмкіндік салдары қандай?

4 есеп. Науқас З., 3 жаста, денесінде себепсіз аяқ астынан қанқұйылулар (ұсақ нүктелі, көгеру, қанталау), пайда болған. Ауруханаға түспестен бір күн бұрын гематурия және мұрынынан қатты қан ағулар болды. Ауруханаға түсер кезінде балада бірден анемия (гемоглобин 40 г/л) дамыды. Терісінде көптеген ұсақ нүктелі қанқұйылулар мен көгерулер, белі мен жамбасында үлкен, ауыратын қанталаулар көрінеді. Туыстары қанағыштықпен ауырмайды; балада бұдан бұрын геморрагиялық құбылыстар болған жоқ.

Қанда тромбоциттер мөлшері және олардың адгезиялық-агрегациялық қызметтері өзгермеген, тамырлық сынаулар оң, қан кету уақыты аздап ұзарған, тромбиндік уақыт қалыпты, протромбиндік уақыт бірден ұзарған (протромбиндік индекс 7%, үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған)

Коррекциялық тест бойынша протромбиндік уақыт пен әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт жаңа және ескі қан плазмасын (V және VIII жайттарсыз) енгізгеннен кейін қалпына келеді. Механикалық сарғыштану, бауырдың ауыр зақымдануы және дисбактериоз анықталған жоқ.

  1. геморрагиялық синдромның мүмкіндік себебі қандай?

  2. Алынған мәліметтер негізінде диагноз қойыңыз

  3. Гемостаздың бұзылуын қалпына келтіру емін ұсыныңыз

5 есеп. Науқас А., хирургиялық клиникаға автокатастрофа болған жерден кеудесінің, ішінің, аяқтарының көптеген зақымдануларымен және көп мөлшерде қан кетумен әкелінді. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ науқас жағдай туралы және уақыт туралы ешқандай есіне түсіре алмады; тері жабыны бозарған, тахикардия, тамыр соғысы «жіптәрізді», АҚ 165/15 мм с.б. Науқасқа қан кетіп тұрған тамырларды тігу мақсатында операция жасалынып, 1200 мл донор қаны (сақталу мерзімі 2 күннен 17 күнге дейін) және 2000мл қан ауыстырғыш құйылды. Реанимациялық бөлімшеде: науқастың жағдайы ауыр, тахикардиясы сақталған, артериалық гипотензия, ентік, тәуліктік диурез қалыптыдан айқын төмен; зақымданған тіндердің ұсақ тантамырларынан қан кете бастады. Зертханалық тексерудің мәліметтері бойынша қан ұйуының төмендегені, гипопротромбинемия, гипофибриногенемия және тромбоцитопения анықталды. Екінші тәулікте бүйректің жіті жеткіліксіздігі дамыды. Науқастың өлімі бүйрек пен жүрек – қантамыр жүйесінің үдемелі жеткіліксіздігінен дамыды. Өлікті ашып қарағанда ішкі ағзалардың ұсақ тамырларындағы көптеген тромбоздар анықталды.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейін, б) реанимация бөлімшесінде?

  2. Науқаста реанимация бөлімшесінде дамыған дерттік үрдістің патогенезі қандай?

  3. Науқастағы: а) бүйрек жеткіліксіздігінің б) жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің даму тетіктері қандай?

2 тапсырма. Оқыту бағдарламасымен жұмыс

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 377-418

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 401-419.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010., С. 111-147

  4. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 332-335

  5. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 126 – 157

  6. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с. 69-78

Қосымша

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 247 -253.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

БАҚЫЛАУ

Кейс-стади, оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс

6 аралық бақылау

Тақырыптар: «Лейкоцитоздар және лейкоцитопениялар», «Лейкоздар», «Анемиялар», «Гемостаз бұзылыстары».

Бақылау міндеттері: аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау (өзін-өзі дамыту), клинико-зертханалық жұмыстарды сараптау машықтық дағдысы, ситуациялық есептердің қорытындылары бойынша тәжірибелік дағдыларды көрсету.

Бақылау сұрақтары

  1. Қан көлемінің өзгерістері, жіктелуі, сипаттамасы.

  2. Қауырт қансырау, қансыраудың ауырлығын анықтайтын жайттар. Жедел теңгеру жолдары

  3. Эритроцитоздар, анықтамасы, организм үшін маңызы.

  4. Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері.

  5. Жедел постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен сатылары, қандағы өзгерістері.

  6. Созылмалы постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі. қандағы өзгерістері.

  7. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, патогенезі, эритроциттердің қан тамыр ішіндегі, тамыр сыртындағы гемолизі. Туа және жүре пайда болған гемоиздің анемия негізіндегі қан өзгерістері.

  8. Аплазиялық анемиялар, этиологиясы, патогенезі, қан түзілуінің бұзылыстары, клиникалық көріністері.

  9. Анемия кезіндегі ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері, патогенезі.

  10. Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы.

  11. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

  12. Эозинофилды, базофилді лейкоцитоздар, себептері, организм үшін маңызы.

  13. Лимфоцитоз, себептері. Шынайы және салыстырмалы лимфицитоздар туралы түсінік.

  14. Моноцитоз, даму себептері, организм үшін маңызы.

  15. Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Лейкоциттердің сапалық өзгерістері, патогенезі. Қандағы лейкоциттердің шынайы және салыстырмалы азаюының патогенезі.

  16. Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы.

  17. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі, жіктелуі

  18. Лейкоздардың даму теориялары

  19. Лейкоздар кезіндегі қан өндіру бұзылыстарының патогенезі

  20. Қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуі бұзылысы мен қан көрінісі.

  21. Лейкоздар кезіндегі анемиялық, уыттанулық, геморрагиялық, метастаза беру, жұқпалық синдромдардың патогенезі

  22. Лейкоздар кезіндегі ауыз қуысы тіндері өзгерістері

  23. Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі

  24. Геморрагиялық синдромның даму жолдары

  25. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері

  26. Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі

  27. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі

  28. Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары. Коагулопатиялар, түрлері, себептері, қан ұю бұзылыстарының механизмі

  29. Тромбоздық синдром, даму механизмі, тамырлардағы тромбоздардың салдарлары

  30. Тромбогеморрагиялық синдром (ТШҚҰ-синдромы) анықтамасы, ТШҚҰ-мен жүретін аурулар. Тромбогеморрагиялық синдром сатылары, патогенезі

  31. Сілекей құрамында өзгерістер. Коагуляциясын және фибригенетикалық болғанда және стоматологиялық ауруларда гемостаздың бұзылыстары

  32. Геморрагиялық диатез кезінде ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі

1 -кезең – тестілеу

Тесттік тапсырмаларды орындау - «Патологиялық физиология бойынша тесттік тапсырмалар» қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П. Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы. №№ 131-242

2-ші –кезең- Ситуациялық есептер шығару барысында клиника-зертханалық сараптаудың тәжірибелік дағдысын бағалау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру. Ситуациялық есептер №№ 65-73 қараңыз.

11 САБАҚ

СОБӨЖ

«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстары бойынша ситуациялық есептерді шешу кезінде клиникалық -зертханалық сараптауда машықтық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстары бойынша ситуациялық есептерді шешу кезінде клиникалық -зертханалық сараптауда тәжірибелік дағдыны жетілдіру

  • Камфоралық эпилепсияны тышқандарда үлгілеу тәжірибесін орындау машықтық дағдысын жетілдіру

  • Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау ережелерін (ҚР ДСҰ №697 бұйрығы) бекіту

Жүргізу тәсілдері:тәжірибе жасау, кестелерді толтыру, кейс-стади

ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма.

Ақ тышқандарда «камфоралық эпилепсия» дамуына жүйке жүйесінің функциялық жағдайының әсерін зерттеу

Әдісі. Тәжірибеге үш тышқан алынды. Біреуінің бұлшықетіне 0.15 мл 5% кофеин ерітіндісі енгізілді. 10 минуттан соң үшеуіне де бұлшықетіне 0.15 мл 20% камфораның майлы ерітіндісі енгізілді. Кофеин енгізілмеген бір тышқанға эфир наркозы берілді. Жануарларда қимылдық бұзылыстардың дамуын байқап, камфора енгізгеннен кейін пайда болу уақытын және әр тышқанда айқындалу дәрежесін белгілеу керек. Әртүрлі қимылдық бұзылыстардың даму бірізділігіне назар аудару керек.

2 тапсырма.

Бақалардағы «камфоралық эпилепсия» көріністеріне жоғары және төмен температураның әсерін зерттеу

Әдісі. Екі бақаға лимфа қапшығына 20% камфораның майлы ерітіндісі (0.1 мл 20г массаға) енгізілді. Бір бақаны бөлме температурасындағы, ал екіншісін –35-37С суы бар банкаға отырғызды. Бақаларда құрысулар түріндегі қимылдық бұзылыстар дене температурасы жоғарылағанда ғана дамитындығына назар аудару керек..

Алынған мәліметтерді сараптап, байқалған бұзылыстарды туралы қорытынды жасау керек.

3 тапсырма. Кестені толтырыңыз

Сезімталдықтың даму механизмінің бұзылыстары

Механизмдері

Патогенез

Рецепторлық

Өткізгіштік

Орталық

4 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Сезімталдықтың бұзылу түрлерін атап көрсетіңіз

Бұзылыстардың түрлері

Анықтамасы, патогенезі

Сезімталдықтың мүлдем жоғалуы. Рецепторлардан шығатын серпіндердің өткізгіш жолдарында тосқауылдар болғандықтан ми қыртысының төңірегіне жетпейді

Сезімталдықтың төмендеуі тітіркендіргіштің табалдырық деңгейінің жоғарылауына байланысты дамиды

Сезімталдықтың жоғарылауы. Тітіркендіргіштің табалдырығының төмендеуіне байланысты дамиды.

Ауыру сезімталдығының тым жоғарылауы

Ауыру мен температуралық сезімталдықтың жоғалуы, ал жанасу мен терең сезімталдықтар белгілі бір төңіректерде сақталады.

Тітіркендіргіштердің әсерін керісінше бөгде түрде қабылдау (жылуды суық ретінде қабылдайды, жанасу ауыру түрінде болады)

Тітіркендіргіштердің әсерін әсер еткен орнында емес дененің екінші жағында (симметриялы нүктеде) қабылдайды.

Жеке дара тітіргенгіштердің әсері көп тітіркенгіштер түрінде қабылданады.

5 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Ауыру сезімінің түрлеріне сипаттама беріңіз.

Ауырудың ерекшелігі

Эпикритикалық ауыру

Протопатиялық ауыру

Тітіркенгіштің шығу көзі

Жасырын кезеңі

Тітіркендіргішті тоқтатқаннан соң ұзақтығы

Өткізгіш талшығының түрі

Қабылдау табалдырығы

Орнығуы

6 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығарыңыз

№ 1. № 4. Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол қатты бас айналу мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.

Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі(шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.

1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды? Инсульт дамыды .Оны жүйкелік зерттеулер кезінде анықталған белгілер (жұмсақ таңдай парезі, нистагм, гемигипестезия ж.б.) дәлелдейді.

2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма? Жиі инсульт дамуының себебі —ми бөлігінің ишемиясымен немесе қан құйылуымен жүретін мый қанайналымының бұзылысы .Науқаста пирамидалық жүйенің өткізгіш жолдарының зақымдану белгілері бар.

3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

(а) афония — сыбырлап сөйлеудің сақталуымен дауыстың жоғалуы (кеңірдектің тыртығы , өспесі, оның бұлшықеттерінің салдануы, невроздар кезінде байқалады );

(б) парестезия — тітіркендіру болмаса да жансыздануды сезу, дене жыбырлауы, дене шаншуы (қанайналым бұзылысының нәтижесінде сезімталдық жолдарының жергілікті зақымдануы, токсикозда, суық тигенде орын алады);

(в) регургитация — жұмсақ таңдай бұлшықетінің шала салдануына байланысты қуысты ағза құрамындағы заттардың физиологияға кері бағытта жылжуы. (қазіргі жағдайда- ауыз қуысындағы тағамның мұрынға түсуі) ;

(г) шала салдану — ерікті қозғалыстың күші мен (немесе) тереңдігінің төмендеуі (сәйкес бұлшықеттің жүйкеленуі бұзылысы салдарынан дамиды);

(д) нистагм — көз алмасының еріксіз ырғақты екі фазалы (тез және баяу фазамен ) қозғалысы (симптом полиэтиологиялық, мысалы, орталық салдануда, пирамида жүйесі құрылымының бұзылысында байқалады);

(е) гемигипестезия — сезімталдықтың бір жақты төмендеуі (афферентті серпін өткізгіштігінің бұзылысының нәтижесі);

(ж)  гипотония — бұлшықет межеқуатының төмендеуі (мысалы, әлсіз салдануда);

(з) гипорефлексия — рефлекстердің төмендеуімен сипатталатын жағдай (негізінен жұлындық жүйке серпінінің өткізілуінің бұзылысы);

(и) тремор — бүкіл дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз, стереотипті, ырғақты тербелмелі төмен амплитудалы қозғалыстары (маскүнемдік, истерия, паркинсонизм, мишық зақымдануында байқалады).

2 Науқас А., 72 жаста аурухананың қабылдау бөлімшесіне денесінің оң бөлігіндегі әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл құбылыстар ас ішу кезінде аяқ астынан пайда болды. Науқас оң қолы мен оң аяғын қозғалта алмай, сөйлеуі қиындады. Ауру тарихынан науқас артериялық гипертензиямен, ЖИАмен ауыратындығы, холестериннің жоғарылағандығы анықталды. Тексергенде: АҚ 190/100 мм.с.б., айқын оң жақты гемипарез, оң жақтан Бабинский рефлексі оң. Компьютерлік томографияда миға қанқұйылу белгілері жоқ.

  1. Науқаста қандай дерт дамыды? Мидың қай артериясы зақымданғанда көрсетілген бұзылыстар дамуы мүмкін?

  2. Науқаста аталған патологияның дамуына әсер ететін қандай қауіп қатер жайтты анықтауға болады?

  3. Науқаста неврологиялық бұзылыстардың даму тетіктері қандай?

3. Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (жиі науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

  1. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай?

  2. ЖЖӘ-нің бұзылыстарының қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды?

4. Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.

  1. Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді?

  2. Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған?

5. Орта жастағы ер кісі жедел жәржем ауруханасына ес-түссіз жеткізілді. Қасына еріп келген мейірбикенің айтуынша науқас кенеттен құлап, клоникалық-тоникалық құрысулар басталды. . қарап тексергенде науқастың есі шатасқан, дене температурасы 380, АҚ 170/90 мм с.б., пульс минутына 105 рет, тыныс алу жиілігі 18 рет минутына, денесінің сол бөлігінің қимылы төмендеген, Бабинский рефлексі екі жақтан оң.

  1. клоникалық-тоникалық құрысулар дегеніміз не?

  2. Құрысу даму негізінде не жатыр?

  3. Науқастағы құрысудың мүмкіндік себебі қандай?

  4. Емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз.

6. Пациент И., 42 жаста, ауруханаға оң қолының үдемелі әлсіздігіне, күйгенде және жарақаттан оң қолдың ауырмайтындығына, аздап сырылған терінің ұзақ іріңдейтіндігіне шағымданып келді. Ең алғаш бұл құбылыстарды 5 жыл бұрын аңғарған. Соңғы жылдары қатты тағамды жұтудың қиындағанын, даусының мұрынынан шығатынын сезді. Қарап тексергенде: невропатолог оң көзінің қабағы түскендігінен тарылғанын, бетінің оң жағында ауыру сезімталдығының төмендегенін, жұмсақ таңдайдың салбырағанын, жұтыну рефлексінің жоқтығын, оң жақта дыбыс байламының салдану белгілерін, оң қол басы сүйектері бұлшықеттерінің атрофиясы, оң қолында периосталдық рефлекстерінің жоқтығы, оң жақта бөлшекті-диссоциациялы түрде ауыру сезімталдығы мен температуралық сезімталдық жойылған, аяқтарында сіңірлік рефлекстер сақталған.

1. Науқастағы симптомдарды сәйкес медициналық атасөздермен белгілеңіз

2. Көрсетілген бұзылыстардың мүмкіндік даму тетіктері?

3.Дерттік үрдістің жүйке жүйесі құрылымының қай деңгейінде дамығандығын анықтаңыз а) сезімталдық бұзылуы, б- қимылдық бұзылыстар?

4. Аурудың даму ерекшелігі мен жүйке жүйесі қызметінің бұзылу сипатына қарай көрсетілген бұзылыстарды дамытқан мүмкіндік дерттік үрдіс және оның себебі туралы ойыңызды жинақтап айтыңыз

7. 16 жастағы жасөспірімде 3 ай бұрын қолдарының үдемелі дірілі және соққытәрізді қимылы пайда болды. Туысқандары балада ұстамалы түрде күлу және жұтынудың қиындауы дамығандығын айтты. Неврологиялық тексеруде бетінің жыбырлауы (гримасы), дизартрия, қолдарының дірілдеуі, бұлшықеттердің қатаюы, ырғақты хореятәрізді қозғалыстары анықталды. Жарықпен тексергенде көзінің қасаң қабығында кайзер-Флейшер сақинасы анықталды. Қанда церулоплазминнің төмендегені, бауырда мыстың көп мөлшері анықталды. Науқасқа гепатоцеребралды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) диагнозы қойылды.

  1. Аурудың патогенезі қандай?

  2. Неврологиялық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

8. Науқас Б., 52 жаста, ми қанайналымының қауырт бұзылысын бастан өткерген, оң жақтық гемиплегия анықталды. Оң қолы мен аяғының бұлшықеттері межеқуаты артқан. Жұлындық рефлекстері күшейген. Бұлшықеттерінің атрофиясы байқалмайды.

Науқаста қандай нейропатологиялық үрдіс дамыды? Анықталған бұзылыстардың патогенезі қандай?

9. Науқас С, 33 жаста, ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Науқастың аяқтарында белсенді қозғалыстар жоқ. Бұлшықет межеқуаты артқан. Тізе және ахилл рефлекстері артқан, табандары мен тізесі бүгілген. Дерттік рефлекстер Бабинский (табанын сызғанда аяғының 1-саусағы жазылып, басқа саусақтарының арасы ашылады) және Россолимо (аяқ саусақтарын ұрғылағанда барлық саусақтар бүгіледі) екі жақтан оң. Шаптан төмен қарай сезімталдықтың барлық түрі (өткізгіш жолы бойынша) жойылған. Зәрі мен нәжісі шықпаған.

Науқастаға салданудың сипатын анықтаңыз. Қорытындыңызды негіздеңіз

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 662-704

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 596-625.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

  6. Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных процессов в слюнных железах. – Алматы, 2010., с. 92-102

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.187-202

  8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 447-465

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептер, есептерде берілген клиникалық жағдайдың патогенезі бойынша қорытынды

СОБӨЖ

«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Эндокрин жүйесі қызметі бұзылыстары бойынша ситуациялық есептерді шешу кезінде клиникалық -зертханалық сараптауда машықтық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Эндокрин жүйесі қызметі бұзылыстары бойынша ситуациялық есептерді шешу кезінде клиникалық -зертханалық сараптауда тәжірибелік дағдыны жетілдіру

Жүргізу тәсілдері:патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, кейс-стади

1 тапсырма. Гиперпаратиреоз кезінде кариес даму тетіктерін құрастырыңыз

2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару

1. Науқас Д., 45 жаста, стоматологқа тілінің көлемі үлкейгеніне және тіс жегі пайда болғандығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: тілінің көлемі ұлғайған, тілінің жанында тіс іздері көрінеді. Сөйлеуі қиын. Қалқанша безі ауруы бар науқас радиоиммунды талдау әдісімен зерттелген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.

  1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ма? 2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?

  2. Ауыз қуысы өзгерістерінің патогенезі қандай?

2 есеп. А. есімді науқас 16 жаста, дәрігерге қалқанша бездің үлкеюіне байланысты шағымданып келген. Бездің аздап үлкейгенін ең бірінші төрт жыл бұрын, қоныс аударғаннан бір жылдан кейін байқаған. Тексеруден кейін эндемический зоб диагнозы қойылды.

  1. Зоб деген не?

  2. Зоб дамытатын негізгі тетіктерді атаңыздар.

  3. Мына жағдайда қайсысының маңызы бар?

3 есеп. Жас және кәрі егеуқұйрықтар тобының қалқанша бездері алынып тасталынды.

  1. Қай егеуқұйрықтарға тиреоидэктомия ауыр тиеді және не себепті?

4 есеп. 27 жастағы науқас В., әлсіздіктің біртіндеп күшейгеніне, жұмысқа қабілетінің төмендегеніне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, жүдегендігіне шағымданып клиникаға түсті. Артериалық қысым 80/60 мм с.б.б., бұлшық еттің межеқуатының төмендегені, іштің орталық ақ жолағының терісінде, шынтағының ішкі бетінде лас-қоңыр сепкілдер, гиперкалиемия, гипонатриемия, қандағы глюкоза мөлшері – 3,3 ммоль/л. Клиникада емделу барысында тісінің қауырт ауруы байқалды, дене қызуы көтерілді. Тіс дәрігері науқасты қарағанда мынадай өзгерістерді анықталды: Ауыз қуысында, ерінінде, қызыл иегінде, тілінің екі жағында, ұртының ішкі бетінің шырышты қабатында қабыну көріністерінсіз сүр-қара түсті ұсақ дақтар анықталды. Созылмалы гранулематозды перидонтиттің асқынуына байланысты ауру тісті жұлып тастау ұсынылды. Астыңғы сол жағында периостит.

  1. Науқаста эндокрин жүйесінің қандай дерті бар? Диагнозын негізденіз.

  2. Осы науқаста тіс жұлу отасынан кейін қандай асқынулар күтуге болады? Алдын алу шаралары.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 662-704

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 596-625.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

  6. Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных процессов в слюнных железах. – Алматы, 2010., с. 92-102

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.187-202

  8. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 447-465

Қосымша

  1. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 324-326, 351-359

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептер, есептерде берілген клиникалық жағдайдың патогенезі бойынша қорытынды

12 САБАҚ

СОБӨЖ

«СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақтың мақсаты:

  • Тыныстық көлем өзгерістері мен қанның газдық құрамының бұзылыстарын сараптау, құқықтық құзыреттіліктер, өзінөзі жетілдіру машықтық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептер мен эксперименттік мәліметтерді сараптау машықтық дағдыны жетілдіру

  • Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау ережелерін (ҚР ДСҰ №697 бұйрығы) бекіту

  • Топта жұмыс жасау коммуникативті дағдысын жетілдіру

Жүргізу тәсілдері:пневмограммалармен жұмыс жасау, кейс-стади