- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
1. Қызбаның бірінші сатысында ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады: (3)
A) сілекей мөлшерінің артуы
B) сілекей мөлшері өзгермейді
C) ауыз қуысының құрғауы
D) рН-ң қышқылдық жаққа ығысуы
E) сөйлеудің және тамақты жұтудың қиындауы
F) катаралды глоссит және стоматиттің көріністері
G) шырышты қабықтың жарылулары, жаралары және гиперемиясы
I) ауыз қуысының ылғалдылығы орташа дәрежеде
J) сілекей мөлшерінің төмендеуі
2. Қызба кезінде ауыз қуысында төмендегідей өзгерістер байқалады (3)
A) тіс тастарының түзілуі
B) тістің өңезденуі
C) ауызда шірікті иістің пайда болуы
D) рН-ң сілтілік жаққа ығысуы
E) р-ң қышқылдық жаққа ығысуы
3. Тіс-жақ аймағы тіндерінің қабынуының мысалы бола алады (1)
A) дерттік серпіліс
B) дерттік жағдай
C) аурулар
D) дерттік үрдіс
E) аурудың басталуы
4. Тіс-жақ аймағы тіндерінде қабынудың дамуына әсер етеді (3)
A) иммундық тапшылық
B) лейкопениялар
C) тіс-қызылиек жүлгелерінің өзгерістері
D) ауыз қуысының тазалығы
E) организм резистенттілігінің жоғарылауы
F)ауыз қуысында әлсіз сілтілі рН-ң болуы
5. Тіс-жақ аймағы тіндерінің жіті қабынуы сипатталады (4)
A) гипоергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
B) гиперергиялық ағыммен пролиферацияның басымдылығы
C) тұйықталған аймақта шектелуімен
D) қабыну үрдісінің шектелуімен
E) қабыну ошағынан метаболиттердің белсенді түрде сорылуымен
F) мыйдың жақын орналасуына байланысты асқынулар даму қауіпімен
6. Жіті пульпиттер мен периодонтиттерге тән (1)
A) нейтрофилді лейкоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
B лейкопениясыз ЭТЖ-ң артуы
C) агранулоцитоз және ЭТЖ-ң төмендеуі
D лейкоцитозсыз ЭТЖ-ң артуы
E) лимфоцитоз және ЭТЖ-ң артуы
7. Тіс-жақ аймағы тіндерінің сүлде қабынуы сипатталады (3)
A) ағымының қысқалығымен
B) ұзаққа созылуымен
C) нейтрофилді лейкоцитоз дамуымен
D) мононуклеарлы сіңбелердің дамуымен
E) дәнекер тіннің пролиферациясымен
F) тіндердің айқын альтерациясымен
№ 9 САБАҚ
СОБӨЖ
«ЛЕЙКОЗ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
ситуациялық есептерді шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
ситуациялық есептерді шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді, коагулограмманы, қан жағындысын, лейкограмманы патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру
коммуникациялық дағдыны жетілдіру
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: лейкограмманы сараптау,
Тапсырмалар
№1 тапсырма. |
Әртүрлі лейкозды науқастардың гемограммаларын талдау. |
Гемограмма талдау жасағанда мына алгоритмдерді қолдану керек:
Лейкоциттердің жалпы санына қөңіл аудару керек. Осы белгісіне қарай лейкозды анықтау.
Бласты және жетілген жасушалар арақатынасын анықтау, лейкоциттердің барлық даму сатыларындағы элементтерінің болу-болмауына назар аудару.
Қызыл қан түйіршіктері мен тромбоциттер жағынан өзгерістер барына сипаттама беру.
Гемограмма бойынша жалпы қорытынды жасау.
Эритроциттер-2,8х1012/л Ретикулоциттер-0,3% Лейкоциттер-12,8х109/л Миелобласттар-97% Промиелоциттер-0,5% Сегментядролы нейтрофилдер -2,5%
|
Эритроциттер-3,1х1012/л Лейкоциттер-81х109/л Миелобластар-4% Промиелоциттер-12% Миелоциттер-14,5% Метамиелоциттер-10% Таяқша ядролылар-8% Сегментядролылар-37,5% Эозинофилдер-5% Базофилдер-9% Лимфоциттер-0% Моноциттер-0% |
Эритроциттер-3,1х1012/л Ретикулоциттер-0% Тромбоциттер-10,6х109/л Лейкоциттер-1,5х109/л Лимфобласттар-78% Лимфоциттер-14% Моноциттер-8% |
Эритроциттер-2,05х1012/л Лейкоциттер-84х109/л Миелобласттар-95,5% (лимфобласттар?) Эозинофилдер-0% Базофилдер-0% Пероксидазаға реакция оң (миелобласттар) |
Эритроциттер-0,78х1012/л Лейкоциттер-288х109/л Миелоциттер-0% Метамиелоциттер-0% Таяқша ядролылар -1% Сегмент ядролылар -2% Эозинофилдер-1% Базофилдер-0% Лимфоциттер-95% Моноциттер-1% Боткин-Клейн-Гумпрехт денешіктері көп мөлшерде |
Эритроциттер-3,8х1012/л Лейкоциттер-2,8х109/л Миелобласттар-31% Промиелоциттер-1% Миелоциттер-0% Метамиелоциттер-0% Таяқша ядролылар -4% Сегмент ядролылар -10% Эозинофилдер-22% Базофилдер-0% Лимфоциттер-30% Моноциттер-2% |
Эритроциттер-4,25 х1012/л Лейкоциттер-2,7 х109/л Миелоциттер-0% Метамиелоциттер-0% Таяқша ядролылар -1,5% Сегмент ядролылар -8,5% Эозинофилдер-0,5% Базофилдер-0% Лимфоциттер-7% Моноциттер-4,5% Бластты жасушалар-78% Цитохимиялық реакциялар теріс (ажыратылмаған бластық жасушалар) |
Эритроциттер-0,99 х1012/л Тромбоциттер-12,2 х109/л Лейкоциттер-9,3 х109/л Миелоциттер-0% Метамиелоциттер-0% Таяқша ядролылар -2% Сегмент ядролылар -10% Эозинофилдер-0% Базофилдер-0% Лимфобластар-62% Лимфоциттер-20% Моноциттер-6% |
№ 2 тапсырма. |
Қан жағындысынан миело- және лимфобласты лейкозды зерттеу. |
Әдісі: Иммерсиялық ұлғайту аркылы қан жағындысынан қарап, лейкоциттердің жалпы санын анықтау. Жас және жетіліп келе жатқан лейкоциттер түрлерін анықтау. Лейкоздың қай түрі екенін қорытындылау
№3 тапсырма. Кейс-стади
1 есеп. Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан талданымы:
Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109/л: Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%
Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%, Моноцит – 2%,
ЭТЖ -25мм/сағ
Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері
қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?
клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
2 есеп. Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.
Қан талданымы:
Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109/л. Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%
Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%; Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%
Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакциясы оң (гликоген бөлшектелген)
қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?
клиническалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
3 есеп. Науқас Г., 25 жаста, ауруханаға дене қызымының көтерілуіне, жұтынғанда ауыру сезіміне, ауыз қуысының жарылғанына шағымданып түсті. Соңғы кездері басы ауырғандықтан амидопиринді жиі қабылдаған. Қан талданымы: Гемоглобин – 110 г/л, эритроцит 3,7 х 10 9/л, ретикулоцит 0,2 %, тромбоцит 180 х 10 9/л, лейкоцит – 1.2 х 10 9/л. Лейкоциттік өрнек: базофил – 0%, нейтрофилдер: метамиелоцит – 0%, таяқшаядролы – 0%, сегменто-ядролы - 17%, лимфоцит 68%, моноцит – 15%, ЭТЖ 35 мм/сағ
Қандай патология туралы ойлауға болады? Жауабын түсіндіріңіз
Ауыз қуысы тіндері өзгерістерінің патогенезі қандай
№ 4 тапсырма. Оқыту бағдарламасымен жұмыс
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 367-377
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 387-401.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010, с. 63-96
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 373-397.
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 110 – 125
Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с. 57-65
Қосымша:
Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 123-145; 335-349.
Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.
№ 10 САБАҚ
№ 10 САБАҚ
Тақырып. «ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» .
Сабақтың мақсаты:
Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру
Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізуде коммуникациялық ддағдыны жетілдіру
Жүргізу тәсілдері: кейс-стади, оқыту бағдарламасымен жұмыс, тестілеу.
