- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
Тәжірибелік жұмыс
№ 1. тапсырма Канцерогенездің сызбанұсқасын құрастыру. «Мылқау» кестені толтырыңыз.
Инициация
|
↓
Промоция
|
↓
Прогрессия
|
№ 2. тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.
№ 1 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
лимфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
Осы үрдістің даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз
Осы үрдістің дамуы канцерогенездің қай сатысына сәйкес келеді?
Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз
№ 2 есеп. Науқас Л., 65 жаста, от жағушы, жақында зейнеткерлікке шыққан, әлсіздікке, дене салмағын бірден жоғалтуына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, тынысының қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Ларингоскопияда кеңірдегінен кеңірдектің жартысынан көбін алып тұрған бұдыр, жараланған өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына еніп өскен, мойындағы лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда тығыз, ауырмайды.
Науқаста дамыған өспенің мүмкіндік себептері қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады?
Бұл канцерогендердің өспе дамытатындығын тәжірибеде кім дәлелдеді?
Лимфа түйіндері ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз
Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз
№ 3 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда негізгі оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.
Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?
Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?
3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қандай тетіктері әсерленуі тиіс еді?
№ 4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.
Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?
Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?
№ 5 есеп. Науқас С., 55 жаста, өкпе өспесі диагнозы қойылды. Кезекті тексеруде антидиурездік гормон деңгейінің жоғарылағандығы анықталды.
Науқаста гормон деңгейінің жоғарылау механизмін түсіндіріңіз?
Қандай клиникалық көріністер АДГ артықтығымен байланысты?
Паранеоплазиялық синдром деген не, оның патогенезі қандай?
Өспе жасушаларының атипиясы деген не? Атипия түрлерін атаңыз
№6. Сүт безі өспесімен ауырып, алынып тасталған әйелде 3 жылдан соң омыртқасынан метастаз анықталып, цитостатиктермен емделді. Дегенмен, 2 жылдан соң қабырғасынан жаңа метастаз табылды және бұрын абылдаған цитостатиктер тиімсіз болды. Гистологиялық зерттеуде жаңа өспенің жасушалары алғашқы өспеден айқын анаплазиямен ерекшеленді.
Метастаздану деген не? Метастазданудың мүмкіндік жолдарын атаңыз.
Метастаздану сатыларын көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз
Қабырғадағы жаңа метастазды емдеуде цитостатиктер тиімсіз болды?
Өспенің үдеуі деген не? Патогенезін түсіндіріңіз.
№7. Науқас А., асқазан өспесімен ауырған жарты жылда дене салмағының 10% -ын жоғалтты. Зертханалық тексеруде: гипогликемия, аминқышқылдары мен холестерин мөлшерінің азайғандығы анықталды.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқаста дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз
Бұл синдром канцерогенездің қай сатысында байқалады?
Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз
№ 8. Тышқандардың екі түрі бірдей мөлшердегі сәулені қабылдады. Дегенмен иммундық тапшылықты жағдай дамыған тышқандарда, иммунитеті қалыпты тышқандарға қарағанда өспенің дамуы жоғары болды.
Тышқандарда өспе даму себебі қандай? Канцерогенезді түсіндіріңіз
Өспе дамуындағы иммундық жүйенің рөлін түсіндіріңіз. Өспеге қарсы иммунитетте қандай жасушалар маңызды рөл атқарады?
Антибластомдық төзімділік түрлерін атаңыз.
Антибластомдық төзімділікті арттыру әдістерін ұсыныңыз
№ 3. тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз.
|
1 |
|
2 |
|
||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
17 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
|
|
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||
|
4 |
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||
|
18 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
5 |
|
19 |
|
|
6 |
|
|||||||||||||||
|
20 |
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
8 |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|
|
21 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|||||||||||||||
|
|
|
22 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
23 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||
11 |
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
25 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
24 |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
26 |
|
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
27 |
|
|
|
|
|
14 |
|
|||||||||
|
|
|
|
28 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||
29 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||
|
|
|
|
31 |
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
31 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
|
|
32 |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
Тігінен:
1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі
2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы
3. Май тіндерінің қатерлсіз өспесі
4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі
5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген
6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын канцероген.
7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі
8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы
9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені
10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы
11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы
12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің нәтижесін ашққан ғалым
13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт
14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым
Көлденеңінен:
15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген
16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп, бірақ өзі өспені туындатпайтын агент
17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын, канцерогенездің бірінші сатысы
18.Протоонкогендердің санының көбеюі
19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі
20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы
21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын хирургі 22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы
23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген ғалым
24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы
25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде дәлелдеген жапондық ғалым
26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы
27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы
28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген
29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс
30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы
31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын туындатуға қабілетті жайт
32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні
