
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •«Жалпы этиология мен патогенез» тақырыбынан машықтық дағды қалыптастыру
- •«Жасушаның жалпы патологиясы» тақырыбы бойынша машықтық дағды қалыптастыру
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Екіншілік эндогендік пирогендердің түзілуі
- •Кейс-стади
- •Глоссарий
- •Стоматология факультетінің студенттеріне № 2 аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Глоссарий
- •Кәсіптік сұрақтар бойынша тест тапсырмалары
- •Тапсырмалар
- •Тапсырмалар
- •Машықтық жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •Глоссарий
- •Тапсырмалар
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
- •1. Осы науқаста ақ-ның жоғарылауының себебі қандай?
- •2. Гипертензияның дамуының мүмкіндік тетігі қандай?
- •3. Соңғы аңғарымын қою үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?
- •1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма? Оны не дәлелдейді?
- •2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
- •3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
- •1 Кезең– тестілеу
- •Машықтық жұмыс
- •Глоссарий
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ПАТФИЗ.СТОМ. МАШЫҚТЫҚ САБАҚ (студ). |
№1 САБАҚ
СОБӨЖ
«ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Қызметтік зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру
ҚР ДСМ №697 «Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибелерді, медициналық-биологиялық эксперименттерді және клиникалық тәжірибелерді жүргізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығының негізгі құрылымдарымен танысу. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің метрология және техникалық реттеу бойынша Комитетінің 29 желтоқсандағы 2006 №575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зерттеуханалық тәжірибе Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.
Оқыту міндеттері:
Тыныс және жүрек-қантамыр жүйелерінің фукционалдық жағдайын тексеруге арналған Мартине, Генче Штанте жүктемелік әдістемелерін меңгеруін қалыптастыру.
Ауру алдын анықтау бойынша тәжірибе нәтижелерін бағалап сараптау
Тәжірибелік жануарларда кариес пен пародонт ауруын үлгілеу тәсілдері дағдысын қалыптастыру.
Сөзжұмбақты шешкенде нозологияның негізгі атаусөздерін қолдану дағдысын жетілдіру
Топта жұмыс істеу дағдысын (өз көзқарасын жеткізе білу, көшбасшылық қасиетін көрсету) үйрету
Оқыту тәсілдері:
аз топтарда жұмыс жасау, көрсетілім қарау, тәжірибе жасау, сөзжұмбақ шешу.
№ 1 тапсырма. |
Тексерілетін адамның ауруалды жағдайды анықтау мақсатымен дене жүктемесіне (Мартине сынауы), жүрек-тамыр жүйесінің әсерленісін зерттеу. |
Әдісі: Тәжірибені жүргізу үшін студенттер бірнеше жұмыс тобына бөлінеді. Әрбір топта 4 адамнан кем болмауы керек:
1-тексерілетін адам (өз еркімен келіскен студент)
2-артериялық қысымның деңгейін анықтаушы студент
3-тексерілетін адамда тамыр соғуының жиілігін анықтаушы студент
4-алынған деректерді дәптерге тіркеуші.
Тексерілетін адамда отырған жағдайда артериялық қысым (АҚ) өлшенеді, екінші қолының тамырын ұстау арқылы жүрек соғуының жиілігі анықталады. Ол үшін тамыр соғуының жиілігін 10 сек. ішінде 6 мәрте анықтайды, алынған нәтижелерді қосады да 6-ға бөледі, орта арифметикалық шаманы есептейді. Ары карай, тексерілетін адам қарынан байламаны (менжетка) алмай, 30 сек. ішінде 20 мәрте отырып-тұрады. Осындай жүктемеден соң дереу АҚ және жүрек соғуының 10 сек. жиілігі анықталады. Содан соң, тамыр соғуының жиілігі (пульс) және АҚ жүктемеден кейін әрбір 1 минут сайын (бірнеше мәрте) көрсеткіштердің бастапқы шаманың қалпыпа келгенінше анықталады. Алынған деректер кестеге енгізіледі:
Зерттелетін көрсеткіштер |
Жүктемеге дейін
|
Жүктемеден соң дереу |
Жүктемеден соң әр минут сайын |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||
АҚ |
|
|
|
|
|
|
|
систолалық |
|
|
|
|
|
|
|
диастолалық |
|
|
|
|
|
|
|
пульстік |
|
|
|
|
|
|
|
Сынауды бағалаудың нышандары: Жүрек соғуы жиілігін талдау.
1. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 3-4 мин. соң қалпына келуі тиіс.
2. Жүктемеден соң тамыр соғуының жиілігі 50-70%-ға артуы тиіс. Ол мынадай өрнекпен есептеледі.
(тамыр соғуының жүктемеден соңғы жиілігі - тамыр соғуының бастапқы жиілігі
тамыр соғуының бастапқы жиілігі) х 100
АҚ өзгеруін талдау.
1. Дене жүктемесінен соң систолалық қысым әдетте 10-20 мм. с.б. артады, диастолалық қысым 10-20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20-40 мм с.б. артады.
2. АҚ жүктемеден кейін 4-5 минуттан соң қалпына келеді. Көрсетілген қалыптылық жүрек-қантамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байқалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.
Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:
1. Гипертониялық әсерленіс.
Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс
Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым нөлге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
3. Астениялық әсерленіс.
ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.
Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
№ 2 тапсырма. |
Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу мүмкіншілігін зерттеу. |
Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шыңына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпен мүрынды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).
Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шығарады да, тынысты тоқтатады. Тыныс шығарған соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).
Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.
Зерттелетін көрсеткіштер |
Жүктемеге дейін |
Жүктемеден соң дереу |
Штанге сынауы |
|
|
Генче сынауы |
|
|
Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.
Дені сау шынықпаған адамдарда:
Штанге сынауы -30- 40 сек.
Генче сынауы - 20-30 сек.
Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
№ 3 тапсырма. Тәжірибелік жануарларда тіс жегінің және пародонт ауруларының үлгісін алу әдістерін зерттеу.
Әдісі: Тіс жегінің тәжірибелік үлгісін егеуқұйрықтарда, тышқандарда, теңіз шошқаларында алуға болады. Адамдікіне ұқсас бұл жануарларда тіс жегінің негізгі сатыларын алуға болады; бастапқы, орта, терең (тесікті кариес).
Тіс жегінің үлгісін алу үшін негізінде алиментарлық үлгі алынады. Ол үшін жануарды көмірсуларға бай диетаға отырғызады. Ең жиі кездесетін диета -54% сахароза қарастырылған. Тіс жегінің дамуы диетада сахарозаның деңгейіне байланысты. Сахарозаның тіс жегісіне әкеліп соғатын қасиеті тек 20-30 күндік 20-40 г, салмағы бар жас жануарларда ғана көрінеді. Егер де сахарозаны зонд арқылы тікелей асқазанға жіберсе, тіс жегі дамымайды.
Тіс жегінің үлгісін алу үшін ҚазҰМУ – нің терапиялық стоматология кафедрасының тәжірибелерінде кәдімгі қант ұнтағы пайдаланылады. Тіс жегі дамуында ауыз қуысы микрофлорасының маңызы тәжірибе арқылы дәлелденді. Жас стерильді жануарларда тіс жегі дамытатын диета тіс тіндерінің деминерализациясын шақырмайды. Тәжірибелік үлгілеу тектік жайттардың маңызын анықтады. Сонымен, тіс жегісін үлгілеуге сезімтал және төзімді егеуқұйрықтар алынды.
Тіс жегінің дамуына эндокрин жүйесі қызметінің өзгеруі де әкеледі. Қалқанша, қалқанша маңы, жыныс бездері тежелгенде немесе алып тасталғанда тісжегі дамытатын диетаның әсерін күшейтеді.
Тәжірибелік тіс жегісі дамуында сілекей бездері қызметінің бұзылуы маңызды рөл атқарады. Олардың қызметтері тежелгенде, сілекей жолдарын байлап тастағанда немесе экстирпация жасаған кезде тісжегі дамытатын диетаның әсері күшейеді.
Сонымен, тәжірибенің нәтижесінде тіс жегі дамуында тамақтанудың, тұқым қуалаушылықтың, эндокрин және сілекей бездерінің жағдайларының маңызы дәлелденді.
№ 4 тапсырма. Пародонт ауруларының үлгісін алу.
Пародонт кезінде өтетін патологиялық үрдістердің көптеген тәжірибелік үлгілері бар. ҚазҰМУ терапиялық стоматология және патофизиология кафедраларында жануарларға жасалынған тәжірибелік пародонтоздың алиментарлық үлгісі белгілі. Оның негізінде нәруыздың организмге түсуінің жеткіліксіздігі – 13,5% (қалыптыда 24% шамасында). Жануарларда қызыл иек және пародонт тіндерінде дистрофиялық өзгерістер, сүйектерде остеопороз дамиды.
Қояндарда, егеуқұйрықтарда тәжірибелік пародонтит тістің мойынына таман тығыз байлаған темір лигатура немесе пластмассадан жасалған сақина салу арқылы жасалынады. Пародонт тіндері жарақаттану нәтижесінде қабыну – жергілікті пародонтит – пайда болады.
№ 5 тапсырма. Сөзжұмбақ (кроссворд) шешу
Тігінен:
2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен (1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай
Көлденеңінен:
1. ауру туралы жалпы ілім
3. өлімнің түрі
5. өлген организмді тірілту туралы ғылым
7. өлімнің түрі
9. аурудың аяқталуы
11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы
13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс
14. аурудың аяқталуы
17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі
20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы
22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы
24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша
25. қанағымының қалпына келуі
Ә
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 6-8
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 5-23.
Патофизиология, Под ред Новицкого В.В.,Гольдберга Е.Д схемах и таблицах: Курс лекций:
Учебное пособие. Под ред. А.Н., Уразовой О.Н.- Москва: изд-во ГЭОТАР, 2010, том 1, с 63-89
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нұрмұхамбетова.-Алматы: РПО «Кітап», 2004 С. 3-10, 12-17.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.
ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің (ДСМ) № 697 бұйрығы «Қазақстан Республикасында медициналық – биологиялық эксперименттер мен клиникалық тексерулер бойынша клиника алды зерттеулер жүргізудің тәртіптерін бекіту« және ҚР Индустрия және Сауда (ИС) министірлігінің техникалық метрологиялық реттеу Комитетінің №575 бұйрығы. «ҚР мемлекеттік стандарт заңды тәртіптегі лабораториялық тәжірибе. Негізгі қағидалары».
Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и совет Механизм развития патологии в полости рта. Моделирование воспалительных прцессов в слюнных железах. Алматы, 2010, с 14-16
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-11. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.
12. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.
13. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24 -57
Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
Бақылау
Тапсырмаларды орындау
Хаттаманы рәсімдеу
Тәжірибе нәтижелерін қорытындылау
Сөзжұмбақты дұрыс толтыру
СОБӨЖ