Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ОМ 2013 каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
599.35 Кб
Скачать

2.10 Оқыту әдістері

  • Дәрістер: жалпы шолу және проблемалық дәрістер.

  • Тәжірибелік/зертханалық сабақтар: тәжірибелік жұмыстарды орындау, микробиологиялық зерттеу әдістерін игеру, алынған қорытындыларына хаттама толтыру және интерпретация беру, ситуациялық есептер шешу, бактериологиялық анализаторда жұмыс істеу, мультимедиялық ақпаратты базалармен, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен, мәліметтердің электронды базалары мен компьютерлік оқулық бағдарламалармен жұмыс атқару, ситуациялық есептерді шешу, демонстрациялық тапсырмаларға өздігімен талдау жасау және интерпретациясын беру, интерактивті оқулық бағдарламаларды, микробтық табиғаты бар аурулардың диагностика және алдын алу алгоритмдерін табу және оны қолдану, тест тапсырмаларын орындау, ғылыми-оқулық және интернет конференцияларына ғылыми рефераттар дайындау және презентация жасау.

2.12 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

- Ағымды бақылау: тестілеу, жазбаша және ауызша сұрақтар, зертханалық зерттеулер жүргізу, ситуациялық есептерді шығару, орындалған тапсырмалар қорытындыларын дұрыс толтыру (альбом), шағын топтарда жұмыс істегенде өзін-өзі және топтың басқа мүшелерінің білімін бағалау, рефераттарын қорғау.

- Аралық бақылау: коллоквиум, тестілеу, тәжірибелік дағдыларын бағалау

- Қорытынды бақылау: емтихан (ауызша/жазбаша, тестілеу, тәжірибелік дағдыларын бағалау).

2.12.1 Білімін бағалау критерийлері мен ережелері:

«Микробиология» пәнін оқып болған студенттің білімін, меңгерген дағдыларын бағалау үшін бақылау әдістері қолданылады. Бағалау әдістері қайтару байланыс бойынша жүргізіледі, себебі студенттің қай материалды түсінбеген деңгейін айғару үшін қолданады.

  • Тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ – тестілеу, меңгерген тәжірибелік дағдыларды тікелей тәуелсіз сыртқы бақылаушы (оқытушы) арқылы бағалау;

  • СӨЖ – рефератты қорғау, осындай рефераттарға рецензия беру, презентация, ауызша баяндама жасау, ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын құрастыру.

Оқу қорытындысын бақылауы мен бағалануы «АМУ» АҚ қабылданған рейтингтің унификацияланған әдістемесімен есептелінеді және оның құрамына кіреді: ағымды, аралық және қорытынды бақылау.

Ағымды бақылау пән бойынша келесіге сүйенеді: жеке теориялық білім деңгейін бағалайтын тест тапсырмаларын шешу, теориялық материалды, зертханалық сабақтар және т.б. орындау әдістемелерін талдау үшін жекелеген немесе фронтальды ауызша сұхбаттасу жасау; тәжірибелік дағдыларды меңгеру және қорытынды есептер (тәжірибелік жұмыс дәптерін және альбомды толтыру) негізінде зертханалық жұмыстар орындалуын бақылау. Тәжірибелік дағдыларды меңгеру үшін интерактивті оқу әдістемелерін қолдану. Ағымды бақылауда жазбаша жұмысты кредиттің негізгі тақырыптары бойынша жүргізіледі және оқытушымен бағаланады.

Аралық бақылау компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі

Қорытынды бақылау (емтихан) кешенді тестілеу түрінде өткізіледі

Білімді бақылау және бағалау. «АМУ» АҚ бойынша студенттің білімі бақылануы және бағалануы «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың рейтингтік жүйесі» туралы Қаулысына сәйкес 100 баллдық шкала бойынша жүргізіледі.

Тәжірибелік сабақтар мен оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) бағалану критерийлері: