Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Лек по нац эк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.35 Кб
Скачать

2. Макроэкономикалық тұрақтылық.

Макроэкономикалық жағдай - Қазақстан дамуының қолайлы перспективасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуін, бағалардың тұрақтылығын, халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған теңгермелі макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады. 

Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Сендер олармен таныстыңдар. Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.

  2. «Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

  3. Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Еліміздің ұлттық экономикасының тұрақты үлгісін қалыптастыру – ұзақ уақытқа жалғасатын əрі бірнеше кезеңнен тұратын процесс. Мұның өзінде қайта құрудың бұрынғы жəне жаңа шаруашылық жүргізу жүйелері жөнімен үйлеспейтін алғашқы кезеңінде қиындық көп кездеседі. Осының салдарынан қайта құру барысын орынсыз жылдамдату, ұтымды экономикалық шешімдерге саяси факторлардың орынсыз нұсқан келтіруі, жалпыұлттық мүдделерге жеке меншік мүдделердің асып түсуі жəне т.б. ықтимал қиындықтар да ұшырасады.

3. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйенің негізінің дамуы.

2011 жылдың қаңтар­мамыр аралығында Қазақстан Республикасының әлеуметтік­экономикалық дамуында оң көрсеткішті динамика байқалды. 2011 ж. қаңтар­мамыр айларындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағамен 6363,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 ж. қаңтар­мамыр аралығымен салыстырғанда 5,8% артық. Тау-кен өнеркәсібінде және кен шығару салаларындағы өндіріс 4% өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 8,7%. Таулы-металлургиялық өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия өнеркәсібінің, фармацевтика өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісі, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің өндірісі.

ҚР-ғы өндірістік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістері:

  • аймақ бойынша өндіріс күштерін тиімді бөлу, әлеуметтік-экономикалық өсудің барлық көздеріне халыққа жол ашатын орналастыру жүйесін дамыту арқасында өңірдің ұлттық және әлемдік нарықпен бірігуін және әлеуметтік-экономикалық дамытун тездетуін қамтамасыз ету;

  • минералды-шикізаттық қорларға бай және ішкі өндірістің есебінен азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарда өзінің қажеттілігімен толық қамтамасыз ететін индустриялдық аймақты дамыту;

  • инновациялық өндіріс пен аймақтық өндірістік кластерлер құрылымындағы істегі өнеркәсіптерді жетілдіруін тездетуді қамтамасыз ету;

  • отандық келешегі зор ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру және шет елдерінің алдыңғы қатардағы технологияларды қолдану есебінен өндіріс қуаттылығын технологиялық жетілдіру;

  • әлемде дамып келе жатқан көліктік және өндірістік логистика механизмдері көмегімен жасап шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестігін қамтамасыз ету.

Ұлттық инновациялық қор мен Қазақстандық инвестициялық қор құрылды, жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға ынталандыратын салықтық жеңілдіктер берілді жəне т.б. біріншіден, Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін мойындап, мемлекеттің экономикалық өмірдегі рөлін арттырып, сонымен бірге экономиканың нарықтық негіздерін нығайту қажет болды. Екінші бағыт – меншік қатынастарында мемлекеттің рөлін заңнама базасын жетілдіру арқылы ғана емес, сонымен бірге экономиканың стратегиялық салаларындағы ең ірі компаниялардың меншігіне қатысуын күшейту арқылы да нығайту; үшіншіден, əлеуметтік жағынан əділ əрі орнықты қоғам құруға ықпал ететін əлеуметтік реформаларды тереңдету.