- •1.Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
- •2.Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
- •3.Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері
- •4.Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер
- •5.Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
– заң консультациясы (кеңестері);
– адвокаттық кеңселер (конторы);
– заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке-дара адвокаттық кеңес құру.
Адвокаттық қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген.
Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға болып табылмайды, адвокаттар алқасының жалпы жиналысы қабылдаған ереже негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады да, заң жүзінде көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа тағайындаған меңгеруші басқарады1.
– Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты - өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
– Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды.
Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.
Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандырылған және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта заңның түсінігін әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек2.
Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.
Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден
өтетін айыпкерді сотта қорғауды, заңды сауал беретін мекемелерге беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.
Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:
Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;
Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;
Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;
Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады1.
Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 15-ші бабында көрсетілген 6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.
Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Жалпы азаматтың отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік заңдарымен реттелетін қатынастардың күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді2. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.
