Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адвокатура және нотариат 15 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142.85 Кб
Скачать

Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1. Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі.

2. Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны.

3. Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері.

4. Нотариат пен адвокаттық қызметі саласындағы заңдылыққа өзгерістер.

5. Қазіргі кездегі нотариат саласындағы өзекті мәселелер.

III.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Адвокатура – азаматтадың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.

Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады.

Адвокат — тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот iсi саласына тартылған кез келген тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ететiн тәуелсiз кепiл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының құқығын тиiмдi қорғауға ықпал ететiн болады.

Адвокаттың қылмыстық сот iсiне қатысуы – адвокаттық қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi. Мұнда адвокат қызметi негiзiнен айыпталушыларды (сезiктiлердi) қорғау мiндетiн жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсiби тәжiрибесiмен құқықтық бiлiмi қорғайтын адамына аса бiлiктi көмек көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Қоғам мен мемлекет бiрде-бiр азаматтың жеткiлiктi айғақсыз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмауын және сотталмауын көздейдi. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. Заң сезiктiлердiң және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамтамасыз етедi. Осы құқықтық қорғаушы ретiнде заңмен қажеттi кепiлдiктер берiлген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық iстi жүргiзу заңы сот талқысы кезiнде (сот талқысы және ақты iс бойынша шығарылған үкiмдердiң заңдылығы мен қисындылығын iзiнше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын ала тергеуде немесе анықтауды жүргiзу кезiнде, сонымен қатар қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде адвокатқа (қорғаушыға) берiлетi құқықтардың үлкен шеңберi айқындайды. Адвокаттар (қорғаушылар) iске қатысуға айып тағылған немесе сезiктi адам мойындаған сәттен — ұстау жүргiзiлген я болмаса айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алынған түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтынн адаммен оңаша жүздессе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусiз. Конституцияның 16-бабының 2-тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын бередi. Бұл құқықтардың көлемiмен мазмұнын реттеу ұдайы жетiлiп отырады. Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде анықталға көп жағдайда, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған адамның қорғаушысы болуға мiндеттi. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкiлдерi адвокатты шақыруға ынта бiлдiрмесе, адвокат тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиiс. Мұндай адвокатта айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегi толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленедi. Қылмыстық iстi қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдарымен тәсiлдерiн пайдалануға және айыпталушыға қажеттi қорғау мен заң көмегiн көрсетуге мiндеттi. Адвокат қылмыстық iстi қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүддесi бiлдiрушi, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретiнде қатыса алады.

Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

1.Адвокатура, оның даму тарихы, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі

Азаматтардың квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету – бұл маңызды конституциялық тәртіп болып табылды.

1995 ж. 30-тамыз айында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес әрбір адам сот арқылы қорғалуына заңда көрсетілген тәсілдер арқылы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқылы.

Осы бапты негізге ала отырып, азаматтардың құқықтарын тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қолданылады. Заңды тәсіл ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокат алқасы болып табылады.

Белгілі бір тұлға мүддесін әділдікке салып қорғау жұмыс бағытының саяси мәні болып саналатын мән авокаттық қызметке үлкен жәрдем көрсетеді.

Адвокатура – адвокаттық қызмет атқаратын азаматтарда құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы – “демократия” Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым.

Қоғамдық ұйымдардың беделі көтерілген сайын азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілген сайын күннен күнге дейін өсуде.

1997 ж. 5-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысы, (қабылданған заң арқылы) қызметін, бағыты, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын.

Аталып кеткен Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның бірінші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген. Қазақстан Республикасындағы адвокатура – адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.

“Адвокатура” ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:

Адвокатура – адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің бір түрі.

Адвокатура – бұл адвокаттардың қоғамдық тобы, яғни, өздерін бұл мамандыққа арналған тұлғалар тобы (класы).

Адвокатура – адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арналған тұлғалар тобы.

Адвокатура – сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылқ.

Арсентьев В.О. Адвокатураның ең толық ұйымын былай деп айтқан:

Адвокатура – бұл заң негізінде жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға заң жүзінде көмек көрсететін мамандандырылған қоғамдық ұйым1.

Дәл осындай анықтаманы Қ.Х.Халиковтың еңбегінен де табуға болады. Ол адвокатураға мынадай анықтама береді: адвокатура дегеніміз өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым, ол заң негізінде халыққа және ұйымдарға құқықтық мәселелер жөнінде ақыл-кеңес беру, алуан түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жасау, сотта қылмыстық істер бойынша өкіл болуды жүзеге асыру жолымен заң көмегін көрсетеді2.

Бұл ұғымдардан адвокатураның заңға негізделіп, азаматтарға (халыққа) және заңды ұйымдарға құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес, түсіндірмелер, заң жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беретін, азаматтар мен заңды тұлғалардан арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазатын, сондай-ақ азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарда және т.б мемлекеттік органдарда өкіл болуды, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сотқа жәбірленушілердің қорғаушылары, өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде қатысуды жүзеге асыратын, өзге де заң көмегін көрсететін, өзін өзі басқаратын қоғамдық ұйым екенін анық көреміз.

Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.

Классикалық дәуірдің Грек және Рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруші міндеті болатын. Сондықтан Ежелгі Грецияда халықтың білім заңдарын негізін зерділеп оқытуға әкеп соқтырады.

“Отбасы өкілдігі” – бұрын пайда болған өкілдіктің бір түрі. Отбасы өкілдігі адвокатураның туындауына ең басты маңызды себептер болып келген. Осы өкілдіктің барысында отбасы ағасы өзінің отбасы мүшелерінің әрқайсының мүдделерінің алдында қорғаған және де бұған қоса ол тек өзінің қандас туысқандарын ғана емес, сонымен қатар, қорғауға қажеттілгін қажет еткен басқа да отбасыны мүшелерінің мүддесін қорғайтын. Осыдан басшылар мен қорғанушылар деген ұғым тараған. Бірінші – адвокаттардың алдыңғы қатары, екінші қорғалатын істерін адвокатқа тапсырушылар қатары. Сол кездер аралығында заңды тұлғалардың өкілі туындаған болатын. Мысалы, ақсүйек заңдарымен танысып, дәріс алған монахтар, сотта моностырь мүддесін қорғаған.

Орта ғасырларда сотта өз өкілдігін пайдалану тек патша тұқымының айрықша құқығы болып есептелген. Сонымен қатар, ерекше қызметке ие болғандар бұл құқықты қолдана алатын. Кәсіпкерлік пен сауданың өсіп дамуына орай кәсіпкерлердің сот алдында өз мүдделерін қорғауға кеңес беру қажеттігі пайда бола бастағандақтан жұта барды, қарастырушылар мамандығы пайда болды. Осыдан соң бұл мамандар ортағасырдың цехтық ұйым болып бірігіп заңгерлерді дайындап шығаратын болған.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып XIV – XV ғасырда Англияда Шиндерге біріктіріген барристер-заңдардың асоцциацисы пайда болды. Бұл корпарациялар әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Лонданда қазірге дейін 4 институт бар. Әрқайсысы өзінің іліміне сүйенеді. Келуші клиенттерді қабылдайтын бөлмелерімен өздерінің кітапханалары бар және өздерінің символикалық белгілері бар1.

“Барристер” – деген сөз ағылшын тілінен (вач) – қабырға, қорған деген сөден шыққан.

Сол кезде осы сөз арқылы магистрлер мен оқушыларды ажыратқан болатын және осы кезде Англияда солисстер институты дамыған. Яғни, егер барристер сол алдында сөз сөйлесе оған қажетті құжаттар жинаумен айналысқан. Біріктіре отырып іздеуші ретінде салық салуға, сақтандыруға байланысты берген тапсырмаларды нотариустың қызметін қосып жұмыс жасайтын. Қазіргі уақытта солисстер кіші магистрлік соттарға біріктірілген, кейбіреулері тәж соттарына енгізілген2.

XVII – XIII - ғасырларда Европада мемлекеттік үкіметтің адвокатура институты дамыған. Оның бастаушысы болып Пруссия патшасы Ұлы Фридрих – II болған. Бірақ сол дәуірдегі адвокаттар өз қызметін тек қана қай соттың құрамында болса, сол сотта сөйлеу құқығын пайдалана алған. Мемлекеттік адвокатура өзінің даму жолын ала алалмағандығы осыдан келіп шыққан. Бұған И. Фойницкий былай деген: “Адвокаттар лауазымды тұлғаға айнала бастаса, сотта өзіне сеніп берген міндеттемелерді қорғауға беретін бостандықты, дербестік және тәуелсіздікті жоғалтады”.

Цехтік және мемлекеттік ұйымды қорғаумен өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік басқарылатын еркін мамадық иелерінің ұйымы келген. Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төңкерілістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келеді. Осы Декрет бойынша әрбір азамат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон – 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын.

Наполеон – 1-ші солардың қатарында болатын, бірақ әрбір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырған.

Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.

Ресейде – Ресей адвокатурасы 1864 жылғы сот ережелеріне сәйкес дамыған және бұдан бастап Ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылады. Сот мәжілісінде адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсер қалдырған1.

Қоғамға әйгілі Ресей адвокаттары да пайда болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін арналған құқықтық диктатуа Ресей адвокатурасын жойып жіберуге әкеп соқты.

1922 жылы 22мамыр айында ВЦИК-тің адвокатура туралы ережесінде қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушылар алқасын тудыру ескерілді. Бәрі бірдей 1930-1940 жылдар мне 1950 жылдар арасында мемлекетке төнген жазалау шараларының арқасында адвокатура тереңдетілген ауыр зардапқа ие болды. Адамдарды шексіз нысанда адвокаттардың қорғауынсыз, сотта қарсыластырмай-ақ ату жазасына берген болатын, қазіргі кезде әділетсіз жазаланып кеткен азаматтар ақталынған.

Жоғарыда аталып кеткен тарихи оқиғаларға қарамастан адвокатура қазіргі кезде қарқынды түрде өз жұмысын атқаруда. Адвокатураның қазіргі кездегі рөлі соналы жағынан үлкейтілген.

Әрбір құқықтық мемлекет тұлғаның бостандығын және құқығын қорғауды бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол күшті тәуелсіз соттық қорғалудың дамуында және сақтап қалуында өзінің көз-қарастарының бар болғандығын айқындаған.

Адвокаттық қызметтің дамып жетілуіне ең басты себепкер болған демократия, заңдылық, адам құқығын сақтау, өзіндік бостандық, ар – ождандық және қадір қасиет деп ойлаймын.

Соңғы жылдары адвокатураның беделі ерекше өсті. Ол мемлекеттік, саяси басқарудан, оның ішінде қызметтеріне қол сұғушылықтан босатылған, адвокаттардың даусы сотта еркін ашық естілуде. Қазіргі қабылданып жатқан заңдар тұлғаны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Адвокатураның өміріндегі рөлі

Қазақстан жерінде кең аумқты көлемде артуда. Себебі, қандай да бір қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді жүргізу барысында азаматтардың мүдделерін адвокат қорғаушы ретінде,өкіл ретінде заңды өкілдер жасайды. Сол қызметтерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасында көптеген шаралар қолдануда.

Соның бірі болып жоғарыда жазылып кеткен адвокатураның қызметін реттейтін заң, заңды орнатуда әрбі адам өзінің тарапынан іс-қимылдар жасауы қажет.

Егер де заңдар орындалмай тұр деп айтсақ, онда өзіміздің бір қалыпты жұмыс жасай алмайтындығымыз әшкерленеді.

Адвокатура – сотқа өз тарапынан көмек ретінде құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып есептеледі1.

Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол сияқты адвокатураның да, заң негізінде қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде өзіндік міндеттері бар, олар келесідей көрініске ие:

  • Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;

  • Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;

  • Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету2.

Адвокаттық қызметтің құқықтық негізі “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 2-ші бабында бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан тұрады3.

Адвокатураның Қазақстан Республикасының қызметінің ұйымдық негізі – адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік рогендердің арнайы рұқсаты талап етілмейді.

Адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен шұғылданатын адамдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Адвокаттар алқасы заң бойынша коммерциялық емес, дербес, мамандандырылған, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын адвокаттардың ұйымы болып табылады.

Адвокаттар алқасы азаматтар мен заңды тұлғаларға мамандандырылған заң

жүзінде көмек көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау үшін, Қазақстан Республикасының “адвокаттық қызмет туралы” Заңында белгіленген т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, республика астанасының аумағында бір адвокаттар алқасы құрылып, қызмет істей алады.

Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін негізгі құжат адвокат алқаларының жалпы жиналысында қабылданған оның жарғысы болып табылады.