
- •1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
- •2. Пән туралы мағлұмат:
- •6. Студенттердің білімін бағалау жүйесі:
- •7. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
- •11. Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •12. Әдебиеттер тізімі
РМҚК «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» институты
«Менеджмент» кафедрасы
«БЕКIТЕМIН»
«Экономика және құқық»
институтының директоры
э.ғ.к., проф. Джолдасбаева Г.У.
__________________
«_____» _________ 2012ж.
СИЛЛАБУС
Пәні: Маркетинг
Мамандығы: 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 – «Қаржы», 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
Оқу бөлімі: күндізгі
Барлығы 3 кредит
Курс 2 Семестр 4
Дәріс: 30 сағат
Тәжірибелік сағаттар: 15 сағат
Лабораториялық практикум: сағ.
Барлық аудиториялық сағаттары: 45
СОӨЖ 23 сағат Еңбек сыйымдылығы 135 сағат
СӨЖ 67 сағат
Емтихан 4 семестр
АҚТАУ, 2012Ж.
Силлабусты құрастырушы аға оқытушы Тасқынбайқызы Ж.
(құрастырушының аты-жөні, лауазымы, ғылыми деңгейі)
Мемлекеттiк бiлiм беру стандарты ҚР МЖБС 3.08.310 - 2006 және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ типтiк жұмысы бағдарламасы негiзiнде жасалды Алматы (Хаттама №3 19.05.2007).
(қандай құжаттар негізінде)
«Менеджмент» кафедрасының мәжiлiсiнде бекiтiлген
«_____»______________ 2012ж. Хаттама №
кафедра меңгерушiсi Саймағамбетова Г.А. ___________
«Экономика және құқық» иститутының оқу-әдiстемелiк кеңесiмен келiсiлген
«_____»___________ 2012ж. Хаттама №
Төраға ________________ Конысбаева А.А.
1. Оқытушы туралы мәлiметтер:
Аты жөні, тегі: Тасқынбайқызы Ж.
Ғылыми дәрежесі: «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы
Офис: Ақтау қаласы, 32 ш/а, корпус А, 307 каб.
Телефон: 425751
2. Пән туралы мағлұмат:
Пәннің аты: «Маркетинг»
Кредиттер саны - 3
Өткізілетін орны – 32 шағын аудан, ЭжҚИ
Сабақтың өткізілетін уақыты – сабақ кестесі бойынша
Пәннің коды |
Пән |
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәріс |
Тәжірибелік сабақтар |
Лаборат. сабақтар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы, сағат |
MAR2202 |
маркетинг |
2 |
4 |
3 |
30 |
15 |
-- |
23 |
67 |
135 |
3. Пререквизиттер: «Маркетинг» курсын үйрену үшін студент «Экономикалық теория негіздері», «Микроэкономика», «Экономистерге арналған математика» атты пәндерді меңгеруі және осы пәнге қатысты әдебиеттерді қолдана білуі керек, берілген сұрақтар бойынша талдап, қорытынды жасай білуі қажет және компьютерді пайдалану қабілеттеріне ие болуы керек.
4. Постреквизиттер: Студенттің алған білімі «Менеджмент», «Мемлекеттік экономиканы реттеу», «Бизнес этикасы», «Бизнесті ұйымдастыру» пәндерін оқып үйренуде кеңінен қолданылады.
5. Курс мазмұны: курс 1 семестрге арналған, сонымен қатар студенттің оқытушымен жұмысы (дәріс) - 30 кредиттік-сағатты, семинарлық жұмыс – 15 кредиттік сағатты, студенттің оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 23 кредиттік-сағатты, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 67 кредиттік-сағатты құрайды. «Маркетинг» пәні бойынша семестр бойына студент 2 аралық бақылау тапсыруы керек, ал семестр соңында ағымды емтихан тапсырады.
Курстың мақсаты: Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – маркетингтiң теориялық негiздерiн және категориялы-түсiнiктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтерi мен принциптерiн пайдалану бойынша тәжiрибелi дағдыларды игеру.
Курстың міндеті: Курстың мiндеттерi келесi сұрақтарды зерттеу болып табылады:
маркетингтiң теориялық негiздерi мен концепциялары;
маркетинг ортасы мен оның құрамдастары;
маркетинг аппарат жүйесi және маркетинг зерттеулерi;
тауар және қызметтер нарығындағы тұтынушылық iс-әрекет теориясының негiздерi;
нарықты сегменттеу және тауарды жайғастырудың әдiстемелiк негiздерi;
маркетинг жүйесiндегi тауар саясаты;
баға құру және баға стратегиялары;
маркетингтi басқару, жоспарлау және бақылау үрдiсi;
кызметтер маркетингi және халықаралық маркетинг ерекшеліктерi.
Пәннің рөлі және мәні: Дәріс сабақтарын оқу курстың теоретикалық білімі шеңберінде тәжірибелік сабақтарды және іскер ойындарды өткізу арқылы, сондай-ақ оқытушының көмегімен студенттердің өзіндік жұмысын жасау арқылы жүргізіледі.
Студенттерді бағалау кезінде олардың «Маркетинг» пәні бойынша алған білімі, сондай-ақ іскерлік ойындарға белсенді қатысуы және алға қарай ұмтылыстары, ынталары ескеріледі.
Күтілетін нәтижелер: «Маркетинг» пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесі шарттарды: тауар, баға, айырбас, бәсеке, рынок, сұраныс, ұсыныс, бөліп тарату, жабдықтаушылар, делдалдар, маркетингтік зерттеулер және т.б. негізгі түсініктер мен терминдерді; нақты маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістемесін: негізгі сатыларын; акпараттарды талдау, жинау құралдары, әдістері, шарттары; әр түрлі зерттеулердің жүргізу ерекшеліктерін; тұтыну мінез-құлықтарының теориялық негіздері және сегменттеудің, тауарды жайғастырудың, тауар мен қызмет маркетингінің кешенін өңдеудің әдістемелік мәселелерін білулері қажет.
Пәнді оқу барысында студенттер зерттеу жұмысындағы дағдыларды меңгеріп және негізгі түсініктер мен формулаларды тәжірибелік қызметте нақты экономикалық жағдайды талдау және шешу үшін қолдануды; қызықтыратын мәселе бойынша қысқаша есеп бере отырып нақты мини-маркетингтік зерттеулер жүргізуді; әр түрлі белгілер бойынша рынокта сегменттеу жүргізуді және сол жерде тауарды, қызметтерді жайғастыруды; нақты тауар немесе қызметке байланысты маркетинг кешенін өңдеуді игеруі кажет.