
- •- Модуль
- •Қазіргі қоғамда адам құқықтары орнымен қорғалуда ма? Қалай ойлайсыз?
- •Біздің мемлекетімізде адам құқықтарын қорғауға арналған қандай бағдарламалар жұмыс істейді?
- •«Тілдер туралы заңы»
- •Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Бақытты болу шарт па?
- •Білім жарысы
- •Өсиет сөз
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
- •Отаншылдық
- •Не істеу керек?
- •Тәуелсіз елдің өнерпаздары
- •Жастарға сенім арту ...
- •Жастардан талап етілетін ерекше қасиеттер ...
- •Жастарға арналған үндеу ...
- •Бақша ағаштары
- •Тарихыңды таны
- •Ғылым мен техника
- •Сауалнама
- •Қазақ елінің ұлттық байлықтары
- •Рухани, мәдени және материалдық, қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері мен арақатынасы туралы не айта аласыз?
- •Маман ретінде қоғамдық игілікке қандай үлес қосар едіңіз?
- •2.Наурыз мейрамындағы қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, алтыбақан, ақсүйек ойындары туралы әңгімелеңіз.
- •Жастар және
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Экономика туралы
- •Құнды қағаздар
- •Қаржыландыру
- •Нарықтық экономикадағы бәсеке
- •Бухгалтерлік есеп
- •Банк қызметі
- •Биржалық сауда
- •Заман және нарық
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Білім жарысы
Мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз.
Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар – білімділер, зейінділер. Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның көздеген мақсаты да, мағынасы да басқа. Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарылған. Ғылым, өнер артылған сайын дүниеде бейнет кемімекші.
Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі – кітап, оқу үйрететін орындар сайлы болу керек, екінші білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайылар керек. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Түсініктеме!
зейінді – дарынды, ерекше ақылды адамдар;
артылған сайын – дамыған сайын, көбейген сайын;
бірден-бірге асыруға – біреуге-біреу үйрету арқылы, біреуден біреу үйрену арқылы;
жайылуына – білімнің таралуына, білімнің берілуі, үйретілуі;
һәм – және;
әуелі – алғашқы, бірінші, тұңғыш;
Пікірлесейік!
Қазіргі заман жастарының ғылымға көзқарасы қандай?
Білімді жастар өздерінің білгендерін үйретуге әзір ме? Кітап оқуға деген көзқарасыңыз...
Дананың өмірінен үлгі:
Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне еріп, Бағдаттағы «Даналық үйіне» оқуға аттанбақшы болады. Ол жолға шығар алдында:
Адамзат, саған саналы өмір сыйлау үшін жарық саңылау (білім, ілім) іздеп барамын, – деді. Содан соң:
Сырыңды аш, дүние! – деп, жүріп кетіпті.
1-тапсырма. Нүктенің орнына сөйлемнің тиісті сыңарын жазыңыз.
...................................................................., талаптыға болсын кез.
......................................................, білім, тек білім ғана адамды күшті етеді.
........................................................................., күш дегеніміз – білім.
......................................................... , ең керектісін білген адам ақылды.
..........................................................., оның білгені өзіне көп болып көрінеді.
.................................................... , мұны өзімнің надандығым деп санаймын.
Басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер: білімдіден шыққан сөз, тек еңбек қана адамды күшті етпейді,ұрыста қару қандай керек болса,білім дегеніміз – күш, көп білген емес, адам аз білген сайын, егер мен бір нәрсе жайында білмей,үнсіз отырсам.
2-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
а) бал, арасындай, кітап, жинаған, өмір алтын, тәжірибесінің, сандығы.
ә) адамзат, кітап, ақыл-ойының, інжу - маржанын, жинайды.
б) дәл, бір, кітап, мен, тастан, жасалған ,қашалып, ескерткіштей, бойы,
сақталады, ғасырлар,
в) қазақ , кітапты, ертеден, халқы, қастерлеп, қымбат, дүние, санаған,
оны.
г) берер, кітаптың, пайдасын, нәрсемен, ешбір, мүмкін емес, өлшеу.
3-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастырыңыз.
Кітапты жақсы көріңіздер! Ол сіздің өміріңізді жеңілдетеді. Ақыл-ойдың, сезімнің шым-шытырығын ажырата білуге көмектеседі. Ол адамды және өзіңізді құрметтей білуге үйретеді. Ал ақыл-ойың мен жүрегіңді махаббат сезіміне бөлейді. (М. Горький)
Қажетті сөздер: жан-тәніңізбен сүйіңіз,жақын болыңыздар, айыра білуге, айқындай білуге, қадірлей білуге, қастерлей білуге, ардақтай білуге, махаббат әлемімен әлдилейді, сүйіспеншілік ұялатады.
4-тапсырма. Абайдың 32-қара сөзіндегі ойды талқыға салыңыз.
32-қара сөз
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің бірнеше шарттары бар. Оларды білмек керек.
Әуелі – білім-ғылым табылмаса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Ол үшін білім-ғылымға құмар, ынтық бол. Сол білгеніңді берік ұстап, білмегеніңде тағы да сондай білсем екен деген махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретіңмен ішке жайғастырып ал.
Екінші – білім-ғылымды үйренгенде ақиқат, мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Үшінші - әрбір ақиқатқа тырысып, ынтамен көзің жетсе, соны үлгі тұт, одан айрылма!
Төртінші – білім-ғылымды көбейту үшін адамда екі қару бар: бірі – ынта, екіншісі – талап.
Бесінші – ақыл кеселі деген нәрселерден қашу керек. Олар: уайымсыздық, салғырттық, білмегеніңді сұрамау, айтылған сөздің мәнін түсінбеу. Олар ақылдың, халықтың, дәулеттің, ғибраттың дұшпандары. Осылардан сақ болу керек!
Алтыншы – ақылды, ғылымды сақтайтын мінез деген болады. Сол мінез бұзылмасын. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, біреудің орынсыз сөзіне, я кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
Сенде беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Үйге тапсырма:
Негізгі мәтін, А.Байтұрсынұлының мақаласы және Абайдың 32-қара сөзі бойынша тұжырымдама жазыңыз.
1-сабақ. ЖАРНАМА – АҚПАРАТТЫҢ БІР ТҮРІ
Мәтінді оқыңыз
Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама, мағлұматнама жиынтығы.
Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан») - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – «жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауық туралы хабарландарудың бір түрі».
Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді:
– сыртқы жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, плакаттар);
– теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер);
– парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштері);
газет жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері).
Жарнама – қозғаушы күш.
Жарнама тауар өтімін арттыру мақсатында жазылады;
Жарнама фирма туралы хабар таратады;
Хабар тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдары (үнқағаз, журнал, радио, теледидар) арнаулы басылым, көрмелер пайдаланылады;
Жарнамада тауардың қасиеті, сапасы туралы жан-жақты мәлімет беріледі. Жарнама – маркетингтік іс-әрекет.
Түсініктеме!
хабарлама – ауызша немесе жазбаша түрде қысқаша түрде баяндалатын мәлімет;
насихаттау – белгілі бір жаңа идеяны не ғылым жетістіктерін елге айтып түсіндіру, үгіттеу;
бәйіт – ораза кезінде айтылатын жарапазан сарынындағы жыр-өлең;
жарапазан – рамазан айында айтылатын өлең-жыр;
дастан – әдебиеттегі сюжеті ұзақ жыр, эпикалық жанр;
жапсырма – көлемі әр түрлі металдан істелген жұқа бастырғы;
мағлұмат – жария ету, мәлімдеу;
үнқағаз – бір нәрсе жайлы мәлімет жазылған қағаз;
көрме – қоғамның немесе жеке адамның материалдық я рухани жетістіктерін жұртқа көрсететін орын.
1-тапсырма. Диаграмма бойынша жарнама туралы өз ойыңызды білдіріңіз.
2-тапсырма. Мына тіркестерді пайдалана отырып жарнама жазыңыз.
Маусымдық жеңілдік, ерекше талғам, назар аударыңыз, қосымша сыйлық, брендтік тауарлар, саны шектеулі, асыға күтеміз, тек бізде ғана, дисконттық карталар, сапасы жоғары, таза табиғи, кепілдік беріледі.
3-тапсырма. Жарнама мен жарнамаланған тауар сапасының сәйкестігі туралы мына бағананы толтырыңыз.
-
Сәйкес келетін жақтары
Сәйкес келмейтін жақтары
4-тапсырма. «Жарнаманың қоғамдағы орны» тақырыбы бойынша фирма үшін жарнаманың пайдасы, келтіретін шығындары, жарнама берудегі маркетингтік қызметтің рөлі туралы пікірталас өткізіңіз. Деректер мен дәлелдер келтіріңіз.
2-сабақ. ЖАРНАМА САУАТТЫЛЫҒЫ
Мәтінді оқыңыз.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше. Бүгінде еліміз еркіндік алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие.
Бүгінгі күні көкейкесті мәселеге айналып, ұлтжанды азаматтардың орынды алаңдауын тудырып отырған жай: қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл, оқылмайтын шалажансар тіл. Өз тіліміз өз көшемізден көрінбей жүр. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтық қарым-қатынасқа көшкен уақытта жер мен көкті жарнама жаулаған заман. Көшеге шықсаңыз – жарнама, теледидар, радио қоса қалсаңыз – жарнама. («Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері» Демесинова Самал Нұрболатқызы.)
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.
2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.
3. алып тасталды
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.
6. Жарнама Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді. Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.
Ел конституциясы бойынша бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қолдау мен қорғау – әрбір ұлтжанды азаматтың парызы мен міндеті. (Жарнама туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19* желтоқсанындағы №508 Заңы)
Түсініктеме!
мәртебе – абырой, атақ, данқ, дәреже;
көкейкесті – ойда жүрген маңызды, басты мәселе, тілек;
ұлтжанды – өз ұлтының мүддесін қорғаушы, ұлтын сүюші;
қосалқы – қосымша, жанама;
шалажансар – құрып кетуге жақын;
дәйектi – тиянақты, дәлелді, уәжді;
бұрмалау – бұзып, бұрып айту, істің жайын теріс көрсету;
бiркелкi – бір қалыпты, бірыңғай;
дүрбелең – күйзеліс кезең, әбігер, аласапыран;
шектеу – мөлшерлеу, есептеу;
парыз – адам бойына тән азаматтық борыш, қастерлі міндет.
1-тапсырма. Мәтінмен байланыстыра отырып мына пікірге өз ойыңызды қосыңыз.
Еліміздегі жарнама үшін қай тіл маңызды ...
Қазақ тіліндегі жарнамалардың сауатсыздығы ...
Заңдағы жарнама талаптарының орындалуы ...
Қала келбетіндегі жарнамалық стереотиптер...
2-тапсырма. Қате жарнамалармен жұмыс.
3-тапсырма. Мына жарнамаларды қазақшаға аударыңыз.
Каждый стакан Nesquik Plus с молоком содержит витамины и минералы, которые необходимы для здорового роста и полноценного развития. И это все тот же любимый шоколадный вкус Nesquik ... чтобы расти счастливыми.
Шоколад – это самая популярная сладость в мире. Как говорят англичане, родоначальники производства шоколада, «девять из десяти человек признаются, что любят шоколад, десятый всегда врет».
Благотворительный фонд «Аяла» собирает средства на покупку оборудования для проведения операций детям с врожденными пороками сердца в Национальном научном центре им. Сызганова.
Нужны деньги сейчас?
√ Получите до 3 000 000 тг.
√ Без поручителей, без справки о доходах
√ Без комисси за оформление кредита
√ Быстрый перевод денег
√ Погашение кредита маленькими суммами
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктерін анықтаңыз.
Баспасөз басылымдары, көрнекі ақпарат, көкейкесті мәселе, ұлтжанды азамат, азаматтық парыз, жеке тұлғалар.
Үйге тапсырма:
Өз фирмасы немесе тауарының тұсаукесерін жасап, жарнама беріңіз.
3-сабақ. ҚАЗАҚША ЖАРНАМАНЫҢ ҚАЗІРГІ СИПАТЫ
Мәтінді оқыңыз.
Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдениеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, грамматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады.
Бүгінде жарнаманың жаңа түрлері мен жаңа қалыптары пайда болуда, алайда жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Алдымен қазақ елінде қазақ тілінде әзірлену керек. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің грамматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршылық.
Активная семья Активті отбасы
Активный город. Активті қала
Активный студент Активті студент
Активное время Активті уақыт
Активные слова Активті сөздер
Енді бұл мысалды талдап көрелік: «актив» сөзінің бірінші мағынасы – белгілі ұйымның беріле, белсене істейтін мүшесі. Ал екінші мағынасы - өндіріс орындарының құнды зат я алыс-берісі, ақша бұйымдары. Демек мысалымыздағы «активті» сөзінің аудармасы – «белсенді». Белсенді отбасы, белсенді қала, белсенді студент, белсенді уақыт, белсенді сөздер десек орынды болар еді. Кейбір қазақ тіліндегі жарнамалар мәтіні орыс тіліндегі жарнама мағынасынан бөлек.
Бұл мысалдар дәлел үшін келтірілген болатын. Көшеміздегі жарнамаларда мұндай шалалық сауатсыздық кең етек алып бара жатыр. Қазақ жарнамаларында шетелдік жарнамалардың көшірілуі байқалады, ұлттық мәдениет белгілерінің жасанды өзгертілуі көзге айқын көрінеді. Бұлар қазақ жарнамаларының ықпал ету қызметін төмендетеді.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың аударма нұсқасын емес, семантикалық, грамматикалық, стилистикалық нормалары сақталған қазақша жарнама тілін дайындауға ерекше көңіл бөлу керек.
Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет және олармен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен, аудармашылармен жасақталуы тиіс.
Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындарға тіл нормаларын сақтауды талап ету, оларға жауапкершілікті жүктеу, заңды бұзғандарға айыппұл салғызу керек.
Міне, бүгінгі қазақ қауымы алдында тұрған, салмағы екі ұрпаққа да тең түсетін, ел болып, жұрт болып ойлана-толғана отырып шешетін ұлт тағдырына байланысты, күрделі де қиын проблема осы болса керек. Бұл проблемадан бой тасалап, сырт қалам деушілер түбінде мықтап қателеседі, ал тіл заңын сөз жүзінде қолдаған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым қарайтындардың күйкі тірлігі – елді емес, ең алдымен өзін-өзі алдағаны. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деп дана халық тегін айтпаған. Қоғамның арқалаған жүгі ауыр болғандықтан да оның құрамына енген азаматтардың ұраны ынтымақ, бірлік, тұтастық болуы керек. («Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері» Демесинова Самал Нұрболатқызы.)
Түсініктеме!
қалып – түр, пішін-кейіп;
ыңғай – бір нәрсенің реті, жөні;
қиянат – зорлық, озбырлық;
шалалық – толық емес, жарым-жартылай;
жетік – бір нәрсені жете білетін, білгір;
этномәдениет – белгілі бір халыққа қатысты мәдениет;
күйкі – тапшы, кем, мардымсыз;
жұмылу – бір нәрсені орындауға бірлесе кірісу, жабыла істеу.
1-тапсырма. Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелді тауып, мағынасын ашыңыз.
Мысалы: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, ...
2-тапсырма: Берілген сөйлемдердің функционалдық қызметін анықтаңыз.
Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасуы қажет.
Жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады.
Қазақ тіліндегі жарнамалардың мәтіні орыс тіліндегі жарнама мағынасынан бөлек.
Жарнама агенттіктері этномәдениетінен толық хабардар, басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен жасақталуы тиіс.
3-тапсырма. Жарнамалардағы мына сөз тіркестерін ұлттық ой-танымымызға сай аударып көріңіз.
безлимитная ночь-
безлимитный день-
оплата услуг-
дневной безлимит-
все за 8 -
авансовый платеж-
абонентская плата-
мобильный интернет-
4-тапсырма. Тауар мен қызмет көрсетудің сапасына байланысты қолданатын тіркестерді тауып, өз тауарыңызға жарнама жазыңыз.
Жанға шипа, дертке дауа, дегеніне жетті, атымтай (дай) жомарт, дидарына тоймайды, додаға түсті, иненің көзінен өткендей, қас пен көздің арасындай, көзден ғайып болды, бірін қоймай.
Ой бөлісейік! (диспут)
Қай қызмет түріне немесе тауарларға берілген жарнамаларды пайдалы деп ойлайсыз...
Үйге тапсырма:
Жарнама және бәсеке тақырыбына сауалнама құрастырыңыз.
1-сабақ. ҰЛЫЛАРДАН ҚАЛҒАН СӨЗ