Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.42 Mб
Скачать

Қаржыландыру

1-сабақ. ТӨЛ ТЕҢГЕ ТАРИХЫ

Мәтінді оқыңыз

Ақша экономиканың даму тарихында ерекше текті тауар болып табылады. ақшаның ерекшелігі – оның әмбебаптығынан жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрінеді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал-тауар қызметін атқарады.

Әр уақытта және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды пайдаланды. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, әдемілігі) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Ақша негізінен үш түрлі қызмет атқарады:

– айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез-келген тауарды сатып алуға болады;

– құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен нарыққа ұсынылған кез-келген тауарлардың құны өлшенеді;

–қорлану қоры қызметін атқарады, егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан кейін түскен ақшаны өзге тауарлар сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Ақша дегеніміз – адам баласының сауданы жеңілдету мен басқа да экономикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын ерекше бір заттардың жалпы атауы.

Ақша дүниеге келтірілген сауда және техникалық құрал ретінде тауар айырбасын жеңілдетті. Екі адамның қолында бір-біріне қажетті заты болса ғана ақшасыз тікелей айырбас жасау жеңілдеу болады.Ақша саудаға қатысушылардың арасындағы алмастыруды жеңілдетеді, сондықтан да ақшаның бірінші рөлі – ол рыноктағы ақша айналымын қамтамасыз етуші құрал болуы.

Міне, сол себепті осы ғасырдың ортасына дейін алдыңғы қатарлы елдердің ақша жүйесінде алтын мен күміс негізгі ақша тауары болып келді. Бұл қымбат металдар жер шарында көптеген елдерде ең түсінікті ақша тілі болып қабылданды. Әрине, бұл ішкі және сыртқы сауданы бірқатар жеңілдетті.

Біз ақша операциясын жасау үшін ақшаны белгілі түрін пайдаланамыз. Ол: металл тиындар немесе қағаз банкноттар болуы мүмкін.

Қағаз ақшалар ақша айналымға ертедегі Қытайда 9 ғасырда жіберілген болатын. Басқа елдерде «нағыз ақшаның» орнына жүретін ақшалар кеңінен қолданылған. Мұндай ақшалардың құны патшалардың мөрі мен банкирлердің, саудагерлердің қолымен, жеке мөрімен куәландырылған. Мысалы, Ресейде мұндай ақшаның рөлін штемпель басылған былғары атқарса, Қытайда 13 ғасырда император Хубилай ақшаны тұт ағашының қабығынан «ойып жасауды» бұйырады. Мұндай ақшаны өзінің императорлық мөрімен куәландырды. Батыс мәдениетінде қағаз ақшаны шығару алғаш рет 16 ғасырда Солтүстік Американың Массачусетс штатына тиесілі.

Еуропада американың тәжірибесін пайдаланып, 1716-1720 жылдары Францияда атақты экономист және банкир Джонло банк ісінде банкноттар шығара бастады. Алғашқыда қазір банк билеттері деп аталып жүрген банкноттар кеңінен тарады. Мұндай банк билеттеріне банкирдің қолы қойылып берілді. Бұл оның билет берген адамға онда көрсетілген соманы кез-келген уақытта төлеуге міндеттілігін көрсететін еді.

Түсініктеме!

дүниеге келтірілуі – пайда болу, қолданысқа енуі;

алмастыру – айырбастау, айырбас жасау;

куәландыру – растау, шындыққа жатқызу;

кеңінен тарады – жайылды, таралды, берілді;

1-тапсырма.Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, «ақша туралы» анықтама беріп көріңіз.

Ақшаның қызметі, құн өлшеуші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

2-тапсырма. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз.

Курс английского фунта сегодня несколько упал по сравнению с долларом. Курс доллара выше, чем вчера. В какой валюте будут осуществляться платежи? Если вы располагаете наличными, то вы можете уплатить в кассу. Нас вполне устраивает оплата в тенге. Мы хотели бы пользоваться услугами вашего банка. У нас уже есть счет в вашем банке. Мы практикуем оплату в местной валюте.

3-тапсырма. Келтірілген фразаларды аяқтаңыз.

  • Ақша белгілері .................................................................................... .

  • Әр теңгең ................................................................................................

  • Ақша қозғалыссыз жатпау үшін ...........................................................

  • Баю үшін ................................................................................................ .

  • Айналым жасаушылар ...........................................................................

  • Ақшаны өзіңде сақтасаң ...................................................................... .

4- тапсырма. Сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойластырып жазыңыз.

Егер ертең жалақы алсам, ................................................................... .

Біздің валюта тұрақты болса, ................................................................. .

Келер айда АҚШ долларының бағамы өссе, ......................................... .

Егер жинаған ақшаңызды уақытында долларға айырбастаңыз, .......... .

Банкке ақша салсаң, ...................................................................................... .

Пікірталас!

  • Қазіргі қоғамда «ақша барлық мәселені шешеді» деген қағида бар. Соған сіздің көзқарасыңыз...

  • Данышпандар «Ақша – сауданың кілті, сауданың айналатын жолы» деген екен. Сол пікірге қандай ой айтар едіңіз...

2-сабақ. АҚША ЖАРАТА БІЛЕСІЗ БЕ?

Мәтінді оқыңыз.

Ақша – ертеден белгілі, ерекше тауар, ол жалпы эквивалент рөлін атқарады. Өткен мыңжылдықтарда көптеген халықтарда ақша рөлін әр түрлі тауарлар атқарған болатын. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлі алтынға берілді. Себебі, алтын сирек кездесетін өте құнды металл әрі оның ерекше қасиеттері ескерілді.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші (измеритель стоимости), бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, төлем құралы.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Құн өлшем қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға (потребить) қызмет ету үдерістерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

Ақша белгілері – айналыста алтын мен күміс ақшалардың белгілі бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар тиын-теңгелер, қағаз ақшалар мен банк билеттері.

1-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді талдаңыз.

  • Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

  • Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

  • Ақшада көз жоқ.

2-тапсырма. Қазақ тілінде ақшаны үнемдемеуді қалай айтуға болады?

    1. Ақшаны ш..........

    2. Ақшаны қ...........

    3. Ақшаны с......... ш.........

3-тапсырма. Берілген пікірлерді пайдалана отырып, эссе жазыңыз.

  • Адамның ақшаға көзқарасы бірнеше түрге бөлінеді екен:

  • «кедеймін, бірақ бақыттымын» 

  • «ақшам жоқ, оның қажеті де жоқ» 

  • «ақша керек» 

  • «қашан байимын?» 

  • « баймын, бірақ бақытсызбын»  

  • «ақша жасауды білемін»

4-тапсырма. Сіз осы кезеңдердің қайсысын таңдайсыз, неге? (ойларын жеткізуге тырысу, өз ойларын білдіру, монолог)

  • Сіз ақшаңыз көп болғанда, өзіңізді қалай сезінесіз?

  • Ал өте көп болса?

  • Ал егер болмаса?

  • Қарыз алғанда, не істейсіз?

  • Сіз бір затты сатып алғанда, не ойлайсыз?

  • Қанша ақша болғанын қалайсыз, оны неге жұмсайсыз?

Жұптық жұмыс.

Қазақстанның ұлттық валютасын шетелдіктерге таныстырыңыз.

АҚША дегеніміз ..............................

Ойталқы!

  • «Ақша табу» тіркесіне антонимдер білеміз бе?

  • Ақшаны жақсы көретін адамды қалай атаймыз?

  • Ақшаны қыспай, бере беретін адамды қалай атаймыз?

3-сабақ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ТАРИХЫ

Мәтінді оқыңыз.

Ертеректе ақша мүлдем болмаған. Көптеген жылдар бұрын адамдар тауарлармен алмасқан, оларды сатпаған. Яғни, ақшасыз сауда жүрді. Адамдар тек қана азық-түлік және киімдер ғана алмасқан кезде, бәрі жақсы болатын. Алайда адамдарға басқа да заттар қажет бола бастағанда, тауар ғана емес, бір құндылықты жинау амалын табу керек болды.

Егер де қасық пен шанышқыға айырбастайтын артық қойыңыз болса, сіз қасығы, шанышқысы бар, қойды керек ететін адамды күтіп отырғанды қаламайсыз ғой.

Салыстырмалы түрде ақшаның қандай да бір түріне келісімге келсе, онда сіз қойыңызды оның қасығы, шанышқысы бар, жоғына қарамай, кез келген адамға сата аласыз.

Ақшаның көптеген нұсқалары болған. Ақшаны ойлап табудың басты сипаты ақшаны әлдебір қымбат металға, мысалы, алтынға бекіту туралы келісім болды. Ақшаның көне нысандарының бірі зергерлер берген сертификаттар да болған.

Егер біреу төлем үшін ақша қажет болса, зергерге белгілі мөлшерде еңбекпен тапқан немесе қолындағы алтынын өткізеді.

Зергер оған бір мөлшерде алтын өткізгенін куәландыратын сертификат берген. Ал сертификатты кейін қайтарып, өткізген алтынын ала алады. Мұндай ақшалар өте сенімді саналған.

Ақшаны халықаралық тіл десе болады. Барлық әлемде адамдар олардың ақшасы қаншаға бағаланатыны басқа елдердің ақшасының жағдайы қандай екенін есептеп отырады. Көптеген жылдар бойы АҚШ-тың, Жапонияның, Германияның ақшасы бағалылырақ болып келгенін білесіздер. Екі елдің ақша бірлігі адамдардың бағалауымен валюталық курс деп аталады. Адамдар бір елдің ақшаларының құндылығына өздерінің қатынасын бірнеше амалдармен білдіреді. (З.Күзекова Қазақ тілі. 2010жыл.)

Түсініктеме!

зергер – сәнді бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста;

куәландыру – растығына кепіл болу, айғақтау;

1-тапсырма. Ойды жалғастырыңыз.

  • Ақша – халықаралық тіл ...

  • Ақшаның басты құндылығы ...

  • Еуропалық ақшалардың құндылығы ...

  • Зергерлер жасаған ақшаның көне түрлері ...

2-тапсырма. Нүктенің орнына қажетті формаларды қойыңыз.

Көптеген жылдар бұрын адамдар тауарлармен (..., ...., ...) .

АҚШ-тың, Жапонияның, Германияның ақшасы (..., ..., ...) болды.

Басқа елдердің ақшасының жағдайы қандай екенін (..., ..., ...) отырады.

Ақшаны ойлап табудың басты сипаты туралы (..., ..., ...) болды.

3-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

  • Ақша – сауданың кілті.

  • Иә, ... .

  • Ақшаны – халықаралық тіл десе болады.

  • Себебі, ... .

  • Ақшасы қаншаға бағаланатыны басқа елдердің ақшасының жағдайы қандай екендігін білдіреді.

  • ....

  • Адамдар бір елдің ақшаларының құндылығына өздерінің қатынасын бірнеше амалдармен білдіреді.

  • ....

6-модуль