Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник. Жакибаева К.А. (новый).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.02.2020
Размер:
32.42 Mб
Скачать

Заман және нарық

1-сабақ. СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САУДА

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі – сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңыздылығы артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтиды. Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие. АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік көрсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты.

2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім – мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртқа сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған қаржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге қысқарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда – халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала. Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-маусым айларында 2010 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда  44,7%-ға артты.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-маусым айларында $61 559,0 млн. құрады

Сыртқы сауданы халықаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Қазіргі кезде құрамында 130 астам ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.

Мәтінге тапсырма:

  1. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыз.

  2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыз.

  3. Оқыған мәтін бойынша қорытынды жазыңыз.

1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, жазыңыз.

  • байырғы –

  • аясы кеңею –

  • тиесілі –

ынтымақтастық –

үйлестіруші -

меншік-

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз.

Саудагер –

Жаппай –

Саудагерлік –

Жүйелену –

Басым –

Бейнеттену –

Белгісіздеу –

Қатынас –

Көлем –

3-тапсырма. Берілген фразеологиялық тіркестерді мысалмен түсіндіріп жазыңыз.

  • Сау басын саудаға салды –.......................................................................... .

  • Саудаға салды –............................................................................................. .

  • Саудайы адам –.............................................................................................. .

  • Саудаңыз құшат болсын! –........................................................................... .

  • Саудасы бітті –............................................................................................... .

2-сабақ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. Тіпті картадан іздеп табудың өзі қиын елдер – Денмарк, Гамоа сияқты республикалар да бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Ұйымға мүше болған елдер өндіретін шикізатты, дайын өнімді, жұмыс қолын, әр түрлі қызмет көрсету мен ой еңбегін ұйымға мүше елдерге еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік алады. Олар ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағындағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы кеден және басқа да салықтар көлемі бәріне бірдей болады.

Мәтінге тапсырма.

Мәтіндегі басты ақпарат не?

Аса маңызды деп санаған ақпаратты атаңыз.

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа сұрақ қойыңыз.

1-тапсырма. ДСҰ-на кіру Қазақстанға тиімді ме? Берілген пікірлермен келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе? Өз пікіріңізді айтыңыз.

Тиімді жағы:

  • Ұйымға мүше болу – біз үшін әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндігін ашады.

  • Елге келетін инвестиция көлемінің артуына жол ашады. Бұл ең басты фактор.

  • ДСҰ-на мүше болу арқылы Қазақстан экономикалық дискриминациядан құтылады.

  • Өзге елдермен ешқандай тарифсыз және шектеусіз сауда қатынасын жасау кезінде тек сапалы және арзан өнім есепке алынады. Нәтижесінде ұйымға мүше елдер үздік тауарларды арзан бағада тұтына алады.

  • Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу арқылы әлемдік рынокта мұнай және мұнай өнімдерін, табиғи газды, көмір және электр энергиясын еркін экспорттауға мүмкіндік алады.

Тиімсіз жағы:

  • Қазіргі күні Қазақстан өзіне күшті бәсекелес болатын елдерге өз рыногын толық ашуға дайын емес.

  • Экономикадағы басты салалар болып табылатын ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіптің бәсекелестік қабілеті төмен.

  • Өзіндік құны жоғары, сапасыз, өнім шығаратын өнеркәсіп орындары жабылып, жұмыссыздық көбейеді.

  • Бюджетке кеден салығынан, әр түрлі төлемдер есебінен түсетін қаржы азаяды.

  • Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдері ішкі сұраныстан айырылып қалуы әбден мүмкін.

  • ДСҰ-на дайындықсыз мүше болсақ, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына ауыр соққы болмақ.

2-тапсырма. Сөйлемдерді өз ойыңызбен жалғастырыңыз, сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес болсын.

  1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ...

  2. Ұйымға мүше мемлекеттер ...

  3. ТМД елдерінің ішінде ...

  4. Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған ...

  5. Ұйымға мүше болу ...

  6. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу арқылы ...

3-тапсырма. Мына пікірлерге өз ойыңызды білдіріңіз.

  1. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің мемлекет үшін маңыздылығы...

  2. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің әлемдік нарыққа шығудың тиімді жолы.

  3. Отандық тауарлардың сапасы мен сұранысын арттыру...

3-сабақ. КЕДЕН ІСІ

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Кеден – түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан. Тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдерін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шетелге баратын және шетелден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады. Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Қазақстанда екі кеден округы, Жетісу (Алматы және Талдықорған облыстарының аумағында) және Зайсан кеден округтары (Семей және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында) пайда болды. 1964 жылы жаңа Кеден кодексі құрылды. Онда кеден ісін басқару Сыртқы сауда министрлігіне жүктелді. Бірақ бұл жүйені реформалаудың ең түбегейлі кезеңі 1986 жылы басталды. Осы жылы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Оған мемлекеттік дербес мемлекеттік орган мәртебесі берілді.

1991 жылы егемендікке қол жеткізгеннен кейін кеден саясаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кеден заңнамасының негізінде 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Кеден мемлекеттік бюджетті толтырудың, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғаудың кепіліне айналды. Бүгінгі таңда ҚР Кеден құзыретіне шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметер жинап, өңдеу, кеден қылмыстарының жасалу деректері бойынша қылмыстық іс қозғау, анықтау және шұғыл іздестіру қызметтерін жүзеге асыру, санитарлық және карантиндік ережелердің орындалуын бақылау міндеттері де жатады. Кеден баждары мен алымдарын есептейді және оларды өндіріп алады, жүктердің өткізілуіне берілетін рұқсатнаманы рәсімдейді. Егер олар белгіленген талаптарға сай болмаса, әкелуге немесе әкетуге тыйым салынса, ұстап қалады, контрабандаға, кеден ережелерінің бұзылуына қарсы күреседі. Қажет болған жағдайда елден мәдени және тарихи құндылықтардың әкетілмеуін бақылайды. Заңды және жеке тұлғалардың шекара арқылы жүктерді алып өтуіне байланысты т.б. алуан түрлі міндеттерді атқарады. ҚР Кеден аумағы оның құрлықтағы аумағын, аумақтық және ішкі суды, сондай-ақ, оның аспанындағы әуе кеңістігін қамтиды. Ал Кеден шекарасы - республика аумағының шектері, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар. Заңнамаға сәйкес шекарада құжаттарды тиісінше рәсімдейтін кеден бақылауы кеден органдарына жүктелген. 2000 жылы 1 қаңтарда 94 уақытша сақтау қоймасы, 22 кеден қоймасы құрылды. Қазіргі кезде республиканың кеден органдары халықаралық мәндегі 14, республикалық мәндегі 73 автомобиль жолын, 17 темір жол магистралын, 13 кемежайды бақылайды.

Қазақстан Кеден қызметі халықаралық кеден ұйымдарымен өзінің байланысын ұлғайтуда. 1992 жылы маусымда Қазақстан Кедендік ынтымақастық кеңесіне (Дүниежүзілік кеден ұйымы) кірді. Мұның өзі импорт, экспорт операцияларын халықаралық стандарттарға сәйкес рәсімдеу тәртібін әзірлеуге мүмкіндік береді. Еуропалық одаққа мүше 15 елдің кеден қызметін біріктіретін Еурокеденмен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылуы кеден ісін дамытуға жаңа серпін берді. Бұл қадамдар Кеден одағына бірігудің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі үшін жақсы негіз болмақ.

Ойталқы!

  • Кеден – мемлекеттік бюджетті толтырудың көзі

  • Отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау – бәсекеге қабілетті елдің қатарына кірудің басты тетігі

  • Дүниежүзілік кеден ұйымына кіру – еліміздің экономикасын дамытудың басты жолы

1-тапсырма. Қазақстандық кедендік бекеттер туралы әңгімелеңіз.

– Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік бекет туралы...

– Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кедендік бекет туралы ...

– Қазақстан мен Ресей арасындағы кедендік бекет туралы ...

– Контрабандалық тауар әкелушілермен күресетін арнайы бөлім барын

білесіз бе?

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

  • Сақ жүрсең, сау жүрерсің;

  • Сақтықты сұңқардан үйрен;

  • Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында;

  • Адам боламын десең, арыңды ақшаға сатпа;

3-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасына сәйкес келетін фразеологизмдерді табыңыз.

адал еңбек – бармағынан бал тамған, ағаштан түйін түйеді;

дана, кемеңгер – екі иығына екі кісі мінгендей, жаурыны қақпақтай;

өнерлі, шебер – табан ақы маңдай тер, тер төкті

ойланды – көп оқыған, көргенінен тоқығаны, оқығаны көп;

денелі – ақыл таразысына салды, қабырғасымен кеңесті;

13-модуль

ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ

1-сабақ. МЕНЕДЖМЕНТ

Мәтінді оқып, пікіріңізді білдіріңіз

Менеджмент – ағылшын сөзі, басқару, ұйымдастыру. Ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор. Оның пікірінше өндірісті басқару мен ұйымдастыру жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19-20 ғасыр аралығында кең пайдаланыла бастады.Қазіргі менеджмент экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға міндетті. Менеджмент адамдар арасындағы міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдерді қабылдайды. Қазіргі заманда бірде-бір фирма,кәсіпорын менеджерсіз өмір сүре алмайды. Қалай фирма пайда болады, солай оны басқару да пайда болады. Міне, осы іспен менеджер айналысу керек. Сондықтан қазіргі уақытта менеджер мамандығы – ең керекті мамандық. Басқару – осы мамандықтың негізгі функцияларының бірі.

Менеджер – өндірісті басқарушы маман. Ол негізінен фирмадағы немесе кәсіпорындағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру,басқару мәселелерімен айналысады.Ұйымның алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. Менеджердің негізгі қызметтері: 1.Жоспарлау – ұйымдастыру мен әрекеттің олардың жетістіктері бойынша мақсатын анықтау. 2. Ұйымдастыру – қызметкерлердің құрылымдық жұмысы,жұмыстың жоғары тиімділігін арттыру. 3.Үйлестіріу – қойылған мақсатқа жету үшін өзара байланысты орнату және шешім. 4. Мотивация – қызметкерлердің өз міндеттеріне сәйкес жұмыстарын тиімді атқаруға жағдай жасау. 5. Бақылау – қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ету, жұмыс үдерісін тексеру.

Менеджердің 7 ерекше қасиеті болу керек: 1.Клиенттерді ажырата білу. Офиске кірген адам қайтадан тағы да келетіндей болу керек. Клиент өзін үйінде отырғандай сезінуі керек. Менеджердің сыпайылығы, сүйкімді бет-бейнесі,тіл табысқыштығы, жақсы қылықтары клиентті тартуы керек. 2. Есте сақтау қабілеті,ойлай алатындығы (ойлау қабілеті).3. Ұқыптылығы. Барлық құжаттар папкада, түскен қоңыраулар тіркелген болу керек. 4. Сөйлегендегі сауаттылығы. Телефонмен сөйлескенде, қонақтар келген кезде ол өте қажет. Шетелдік қонақтар келген кезде көп тіл білу керектігі де маңызды. 5. Сыртқы келбетінің әдемілігі, қызметке сай сәнді киіне білу. 6.Ұстамдылығы. 7. Мәселені нақты қоя білу.

Түсініктеме!

міндеттерді бөлу – әркімнің жұмысын бөліп беру, ісін анықтап беру

нұсқау беру – жұмысқа бағыт беру, істі қалай бастау керектігін түсіндіру

ұстамды болу – сабырлы болу, салмақты ұстау, бірқалыпты болу

тіл табысқыш – адамдармен сөйлесе білу, түсіне білу, тез сөйлесіп кету

Пікірлесейік!

  • Сіз фирманың менеджерісіз. Сізге кәсіпорынды басқару жайында пікірлесу керек. Фирмадағы жұмысты ұйымдастыру,басқару мәселелерін қалай ұйымдастыруға болады? Нені жасауды дәл білу,оны арзан әрі жақсы тәсілмен қалай жасауға болады? Мақсатты таңдау – оған жетудің жолы.

1 - тапсырма.Мына сөздердің синонимін жазыңыз.

сұраным – тікелей –

өтімді – мақсатқа жету –

айналысу – ұстамдылық –

ұқыптылық – көпшілік – - жетістік – орнату –

2- тапсырма. Мына пікірлерге қосатын ойларыңыз бар ма? Пікір бойынша тұжырымдама жазыңыз.

  1. «Басқару теориясындағы адамдық қатынастар,мінез-құлық мектебі» деген Анри Файольдың пікіріне өз ойыңызды білдіріңіз.

  2. «Мақсатты таңдау,оған жетудің жолы,нәтижені бақылаудың тәсілін дайындау» деген Фредрик Тэйлордың шешімі туралы өз ойыңызды айтыңыз.

  3. «Өндірісті,кәсіпорынды басқаруда ғылыми басқару жүйесіне көшу» деген тұжырымдамасына пікіріңіз.

  4. Басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізу

  5. Басқару – кәсіпорынның ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу.

3-тапсырма. Менеджер қандай болу керек? Сіздің пікіріңіз.

Үлгі: Ең бастысы, жұмысқа бар күш-жігерін салу керек.

Мінез-құлық мектебін қалыптастыру – ол, ..........................................

Басқару теориясын білу – .......................................................................

Фирманы ғылыми басқару жүйесіне қалыптастыру .............................

Кәсіпорынның ресурстарын тиімді пайдалану – ол, .............................

2-сабақ. МАРКЕТИНГ

Мәтін бойынша пікір білдіріңіз.

Маркетинг – ағылшын сөзі, нарық, базар, өткізу, сауда. Кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің) тауар өндіру, өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді. Тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады. Табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақта зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін пайдалану, жаңа өнімді әзірлеу, өнімді өткізу. Маркетингтің мәні – экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды дұрыс ұйымдастыру. Маркетинг – тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты – көп пайда табумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету, өндірістік – коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру. Адамдардың (кәсіпорындардың, фирмалардың) тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымын қанағаттандыру.

Түсініктеме!

зерделеу – ойлауға, ой елегінен өткізу, ойлану

болжау – жорамал, алдын-ала зерттеу

айырбас – бір зат пен екінші затты алмастыру, ауыстыру

Пікірлесейік!

  • Маркетингтің мәні маңыздылығы туралы не айта аласыз? Маркетингтік бағдарлама туралы не ойлайсыз?

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді басқа мағынада бере аласыз ба?

а) Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге

негізделеді.

ә) Маркетинг – кәсіпорындардың тауарларға сұранысын қанағаттандыру.

б) Маркетингтің мәні – болжауды, зерттеуді дұрыс ұйымдастыру.

2-тапсырма. Мына сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  • жарнаманы, маркетингтің мәні – экономиканы, инженерлік істі, психологияны, дұрыс ұйымдастыру, жоспарлауды, болжауды.

  • сұранымды жан-жақта зерделеп, болжау, маркетинг,жарнаманы пайдалану, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін пайдалану,

  • мақсатымен, нарықта табыс алу тауарлардың бағытталады өткізілуін тездетуге.

  • айырбас, көп пайда табумен бірге, тауарлардың тездету тұтынушыға жеткізілуін

3-тапсырма. Мәтін бойынша тұжырымдама жазыңыз.

  • Қазіргі маркетинг – кәсіпорындағы өндірілген тауарларды нарықта қалай өткізу керектігін зерттеп отыр.

  • Маркетинг – кәсіпорынның тауар өндірген, өткізген және сауда жасаған қызметін басқаратын ғылым.

  • Маркетинг өткізілетін өнімнің тұтынушыға жеткізілуін ұйымдастыруда.

  • Маркетинг – тұтынар өнім мен өндірілер өнімнің қалай өткізілуін болжап жүр.

Тест бойынша жұмыс.

а) Маркетинг дегеніміз –

  • Тауар өндіру, өткізу, сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

  • Адамдардың тауарларға сұранымын қанағаттандыру.

  • Оның негізгі мақсаты – көп пайда табу.

  • Болжауды дұрыс ұйымдастыру

ә) Маркетингтің мақсаты –

  • Тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады.

  • Көп пайда табумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету, өндірістік - коммерциялық қызметтің

тиімділігін арттыру

  • Кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің) тауар өндіру, өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

б) Маркетингтің мәні –

  • Сұранымды жан-жақта зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін пайдалану, жаңа өнімді әзірлеу, өнімді өткізу.

  • Табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.

  • Экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды дұрыс ұйымдастыру.

ТАПСЫРМАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ҚОСЫМША ТҮСІНІКТЕР:

1-модуль, 1-сабақ.

Мейлінше тегеурінді, қарқындылық туралы айтылады.

Адал еңбекпен тапқан табыс, бейнетпен келген төлем.

Адамның қателесу, жаңсақ істеуі, әбес айтуы, жаңылып кетуі.

Адал ниетімен борышын өтеді, ата-ананың ізгі тілегін орындады.

2-модуль, 2-сабақ

Қазіргі кезде Алматы қаласында мынадай сақтандыру компаниялары жұмыс істейді:

1.     «Экспорттық несиелер мен қаржы салымдары бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ;

2.     «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ;

3.     «Казахинстрах»ШСК» АҚ;

4.     «АТФ Полис» СК»  АҚ;

5.     «Виктория» СК» АҚ;

6.     «ЦАСО» СК»  АҚ;

7.     «ЭйАйДжи Қазақстан» СК» АҚ;

8.     «Сентрас Иншуранс» СК»  АҚ;

9.     «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ;

10.   «Евразия» СК» АҚ;

11.   «Amanat insurance» СК»  АҚ;

12.   «Алматылық халықаралық сақтандыру тобы»СК» АҚ;

13.   «ДО «ТӘБ Банкі» АҚ «Лондон-Алматы»Сақтандыру компаниясы;

14.   «СК «НОМАД Иншуранс» АҚ;

15.   «СК «Альянс-Полис» АҚ;

16.   «ДК БТА «ТӘБСақтандыру» АҚ