Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+ 4 Vestnik FMO 2012 №3-4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

Список литературы

1. Stankiewicz, W. J. The Validity of Sovereignty // In defense of Sovereignty. – London; Toronto, 1969. – P. 291.

2. Гринин Л. Е. статья «Глобализация и процессы трансформации национального суверенитета». // Век глобализации. Выпуск №1/2008

3. Устав Организации Объединенных Наций

4. Мухаев Р.Т. Геополитика. –Unity-Дана, Москва 2010. 2-ое издание,перер.,и доп. 839 стр.

Аннотация

Берілген мақалада трансұлттық компаниялардың және халықаралық ұйымдардың жұмыстарының елдер арасындағы эконимикалық, саяси қатынастарға ықпалы қарастырылады. трансұлттық қылмыс мәселесі талқыланады.

Кілт сөздері: Трансұлттық компаниялар, халықаралық қатынастың ғаламдық акторы, ұлттық мемлекеттің егемендігі, халықаралық ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, жаһандану.

Annotation

The article describes the impact of transnational companies and international organizations on the economic, political relations between states. Examines the question of transnational crime.

Key words: Transnational companies, global actor of international relations, nation states’ sovereignty,international organizations, United Nations Organization,globalization.

Б. Кулешова

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студенті, ғылыми жетекшісі аға оқытушы

Р.С. Жанбулатова

Қазақстан, Астана

Жаһандық геосаяси және геоэкономикалық үдерістер контекстіндегі Шығыс Азиядағы интеграция мәселелері

Түйін: Мақалада Шығыс Азия елдерінің өзара интеграциялық әрекеттесулерінің өзекті мәселелері қарастырылған. Жалпы аймақтағы интеграциялық үдерістердің ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Сонымен қатар, интеграцияның перспективаларын американ –қытай қатынастары негізінде анықтауға талпыныстар жасалған.

Кілтті сөздер: ШАС, АСЕАН, АТМА, аймақтану, экономикалық даму аймақтары.

ХХ ғасырдың аяғына қарай көпжақты және екіжақты негізде интеграциялық үрдістердің дамуы көрініс тапқан Шығыс Азия аймағы өзіне назар аудартып отыр. Жалпы, АТМА мемлекеттері басқаларды даму қарқыны бойынша басып озуымен қатар, халықаралық бәсекелестікке мүмкіндігі жаңа «тынықмұхиттық эраның» немесе бұл аймақтың әлемдік экономикалық дамудың орталығы болатын мезгілдің келе жатқаны туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. ХХ ғасырдың соңғы екі онжылдығында Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Сингапур және Индонезия басқа индустриалды елдердің даму деңгейінен 2,5 есе асып түскен өте әсерлі экономикалық өсім деңгейін көрсетті. Әлем енді «кіші айдаһарлар» (Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг) туралы емес, жаңа «шығысазиялық экономикалық ғажайып» туралы шулады.

Шығыс Азияны кездейсоқтықтан ХХІ ғасыр аймағы деп атамайды. Аймақ негізгі жаһандық геоэкономикалық және геосаяси орталықтардың бірі болып саналады. Шығысазиялық державалардың, әсіресе Қытай, Жапония сияқты ірі елдердің, экономикалық күшеюі олардың әлемдік саясатта әсерін бірден өсірді. Қазіргі таңда бұл аймақ елдерінің экономикалық өсімі айқын басым қарқын алуда. Сондықтан, Шығыс Азия аймағы халықаралық интеграциялық үрдістердің рөлін көрсетуге мүмкіндік береді, әсіресе интеграциялық үрдістердің мемлекеттердің экономикалық дамуына түрткі болатынын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл аймақтың интеграциялық өзара әрекеттесуінің тәжірибесі мен артықшылықтарын біздің елдің даму стратегиясында ескеру керек. Аймақтық әріптестікті дамыту — экономикалық өркендеудің тірегі. Осы орайда Шығыс Азиядағы интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері айқындау, сондай-ақ, әлемдік және аймақтық интеграциялық өзара әрекеттесуді АҚШ - Қытай қатынастар шеңберінде сипаттау маңызды болып табылады. Сонымен бірге, экономикалық интеграция ескі түйіндердің шешілуіне әрдайым жеткізумен қатар жаңа бағыттарға жол ашады. Тұрлаулы экономикалық өсуге қол жеткізудің маңызды шарты Шығыс Азия кеңістігінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ Шығыс Азия – бұл тек әлемдік экономиканың аса маңызды бөлігі ғана емес, ұлы өркениеттер мен әлемдік діндердің аумағы ғана емес, Азия континентінде, әлемдегі қай жерге қарағанда да, қақтығыстық әлеует жоғары. Осыған байланысты заманауи сынақтар мен қатерлерге қарсы күрес ісінде Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН) мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының маңызды рөлін атап өту керек. Осы тұрғыда АСЕАН-ның қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумына (АРФ) мүшелікке Қазақстан берген өтініш аймақаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатыны және қауіпсіздіктің АРФ-АӨСШК-ЕҚЫҰ “еуразиялық белдеуін” одан әрі құру үшін оңтайлы жағдайлар туғызады [1].

90 жылдардың II жартысынан бастап шығысазиялық интеграция Еуропадан кейінгі әлемде екінші интеграция жүйесіне айналды. Шығыс Азия елдерінің өсу темпіне негізделген жоғары даму динамикасы, олардың өзара және сыртқыаймақтық державалармен сәтті, нәтижелі диалогы Шығыс Азия аймағын бұрынғы Еуропа сияқты әлемнің экономикалық және саяси тартылысының негізгі орталығына айналдырады. 90 жылдары аймақта 15 ресми және бейресми интеграциялық типтегі ұйымдар жұмыс жасады. Олардың негізгісі – АСЕАН (1967ж.). Бұл Оңтүстік-шығыс Азияның 10 елі мүше болатын субаймақтық ұйым. «10+1» схемасы бойынша аймақтан тыс серіктестермен (АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, ЕО) жылдық постминистрлік кездесулер тұрақты сипатқа ие болды, яғни асеандық «ондық» және серіктестердің бірі. Мәселен, 2010 жылы АСЕАН+Қытай еркін сауда аймағының қалыптасуы Оңтүстік-Шығыс Азияның экономикалық өміріне Қытайдың экономикалық ресурстарын қосуға мүмкіндік берді. Мұндай аймақтың құрылуы аумақтық даулар шиеленісе қалса немесе әскери-саяси мәселелер туындай қалса күшті амортизатор рөлін атқарады. Осындай түсіністік шеңберінде АСЕАН инвестиция және еркін сауда аймағын қалыптастыруды тездетуді, АСЕАН-ның ескі және жаңа мүшелерінің арасындағы экономикалық алшақтықты азайтуға көңіл бөлуді, ірі аймақтық маңызды жобаларға назар аударуды («Үлкен Меконг» жобасын дамыту, Сингапур – Куньмин теміржол магистралінің құрылысы) шешті. Сонымен қатар, 2012 жылға дейін АСЕАН - Жапония еркін сауда зонасын құру жайында келісімге қол қойылды [2].

ХХ ғасырдың соңына қарай әлемде көпжақты ұйымдармен қатар (1995 ж. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) АТМА-да интеграциялық үрдістерде мүше-мемлекеттер үлкен үміт артқан аймақтық ұйымдар пайда бола бастады (1989 ж. Азия- Тынықмұхиттық Экономикалық Қауымдастық, АТЭҚ форумы). АТЭҚ – жалғыз ғана мемлекетаралық сипаттағы жалпыаймақтық экономикалық ұйым. Оның мақсаты – 2010 жылы индустриалды дамыған елдер үшін, 2020 жылы АТЭҚ-ке мүше дамушы елдер үшін сауда және инвестицияда ашық және еркін зона құру. АТЭҚ құрамына АСЕАН елдері (Бирма, Лаостан басқа), АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, Тайвань, Ресей, Мексика, Чили, Папуа-Жаңа Гвинея және тынықмұхиттық арал-мемлекеттер кіреді.

1996 жылы Сингапур ұсынысымен аймақаралық өзара іс-әрекет түрі ретінде Азия - Еуропа диалогы (АСЕМ – Asian Europe Meeting, ASEM) шеңберінде тұрақты кездесулер өткізіле бастады.

1997 жылдан бастап «ондық» басшыларының Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореямен («10+3») кездесулер өткізіле бастады. Олар АТМА-да сауда-экономикалық блок құруға тырысатын Малайзиямен ұсынылады. Куала-Лумпурдың ойынша, оның құрылуы Шығыс Азияның ЕО және НАФТА тәрізді аймақтық бірлестіктермен диалог құру барысында позицияларды теңестіру тиіс еді. 2000 жылдың қарашасында мүше мемлекеттер басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру жоспарын жасасуға келісті. Бұндай жоспарды іске асыру белгілі бір қиындықтарға тап болатыны, бірақ кейін ұйымның әлемдік нарықтағы позицияларын күшейтетіні анық.

2005 жылдың желтоқсанында Куала-Лумпурде АСЕАН+3 форматы шеңберінде оған кейін Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресейдің қосылу мүмкіндігі бар бірінші Шығыс Азия саммиті өтеді (ВАС). Шығыс Азия еркін сауда аймағын құру жобасы бойынша жұмыс басталды (АСЕАН, Қытай, Жапония мен Корея Республикасымен). Шығыс Азиялық ЕСА-н құруда басты кедергілер - аймақ елдерінің экономикалық даму деңгейі мен адам басына шаққанда орташа табыстағы ерекшелік, әлемдік нарықтарда тауарлар бәсекелестігінің қиындауы, кейбір елдердің экономикаларындағы тұрақсыздық, қаржылық-экономикалық саясатта келісімнің болмауы. Саяси факторлар да бар – Жапония мен Қытай арасындағы аймақтағы басшылық үшін бәсекелестік және Австралия мен Жаңа Зеландияның бұндай аймақты құруға қатысты позициялары. Бірақ та жаһандық және аймақтық мәселелер (қаржылық дағдарыс сабағы, әлемдік терроризм қауіпі, стихиялық дағдарыстар мен эпидемиялар, энерготасымалдаушылар бағасының өсуі) мемлекеттерді экономикалық интеграцияға түрткілейді. Шығыс азиялық қауымдастық өзіне тән белгілерге ие болып, әлемдегі ең күшті интеграциялық бірлестіктерге айналуы мүмкін.

Қалыптасудың қиындығына қарамастан Шығыс Азияны қамтитын көпжақты экономикалық форматтар – АТЭҚ, АСЕАН, АСЕАН+3, АСЕАН+Қытай, АСЕАН+Жапония, АСЕАН+Оңтүстік Корея, АРФ, ВАС – тұрақтандырушы саяси рөл ойнайды.

Аймақтық деңгейдегі көпполярлылық Шығыс Азия елдерінің әлемдік үрдіске жақындасуын анықтайды. Қытай әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлы құрылымын қалыптастыру концепциясының беделді насихаттаушысы болып есептеледі. Қытай өзінің экономикалық күшінің өсуі негізінде жаңа жаһандық және аймақтық саяси орнын нығайтуға ұмтылушы, аймақтағы «тыныштықты бұзушы» ел болып отыр. Қытайдың жаңа халықаралық саяси белсенділігі Азиядағы оның басты әріптестері, сонымен қатар қарсыластары – АҚШ және Жапониямен қарым-қатынасын өзгертуге әкеледі. Ара-қатынастың қайшылығын және барлық ауыртпалығын сақтай отыра, АҚШ және Қытай арасындағы «әріптестік және бәсекелестік», «жалпы қауіп бойынша өзара әрекеттілік пен өзара тәуелділік» қатынастарында қытай-американдық жақындасу үрдісі қарастырылуда. Қытай АҚШ-пен қарым-қатынасты сыртқы саясатта бірінші орынға қойып, Вашингтонның әлемдік лидерлігін мойындап және қызығушылықтары түйіскен жағдайда ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты. Есесіне Қытайды сынға алу – адам құқығы, қытай қоғамының демократизациясы, сөз және дін еркіндігі, Тибет мәселесі, қытай ұлттық валютасының курсы және т.б. мәселелер – қытай-американдық қатынастарда екінші орынға ығыстырылды[3].

Алайда соңғы жылдарда АТМА-дағы ұлы державалардың Оңтүстік-Шығыс Азияда үстемдік ету үшін күресінде жаңа үрдістер орын алды. Бұл күреске қатысушылардың құрамы белгілі: бір жағынан Жапония мен АҚШ, екінші жағынан – Қытай. Бұл ұлы елдер ОША-да үстемдік орнату арқылы бүкіл АТМА-дағы орталық күшке айналғысы келетінін түсінуге болады. Осылайша, АСЕАН елдерінің аймақтағы ұлы державаларының мүдделі векторына айналуы ұйымның халықаралық қатынастардағы күннен күнге өсіп келе жатқан беделін қуаттайды [4]. Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, әлемдік экономикалық дағдарыс аяқталуына қарай, АҚШ емес ендігі кезекте Қытай әлемдік гегемон рөліне ұмтылатын болады. Зерттеушілердің пікірінше, Қытайдың экономикалық даму қарқыны мен ондағы шетелдік салымдардың жоғары көрсеткіші алдағы екі онжылдықта Қытайдың АҚШ және ЕО-қа тең келетін державаға айналу мүмкіндігі жоғары [5]. XXI ғасырдағы Қытайдың сыртқы саясат доктринасы мемлекеттің позициясын өзгертетін негізгі үш өзгерісті көздейді. Бірінші мақсат Қытайдың Шығыс Азияда көшбасшы рөл ойнауы. Кейіннен ол АТМА да бірінші орынға шығуы. Кейіннен әлемдік деңгейдегі қуатты державаға айналу. Айта өту керек, Қытайдың аймақтық саясатында басымдық Оңтүстік –Шығыс Азия аймағына ықпал етуге бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін Қытай тікелей қарулы қақтығыстардан алшақ болу керек және инвестиция мен технологияларды тарту үшін, сондай-ақ, жаңа нарықтардың ашылуы үшін өзінің экономикалық даму қарқынын әрі қарай жалғастыруы керек. Бұл стратегия шеңберінде Қытай дипломатиясы үшін маңызды обьект көрші мемлекеттер мен аумақтар болып саналады. Өйткені бұл аймақтармен локальды қарулы қақтығыстар ғана емес, тиімді экономикалық байланыстардың дамуы мүмкіндігі де зор. Қытай дамушы мемлекеттерге ықпал ету үшін дипломатияны, халықаралық көмекті, инвестицияны,сауда преференцияларын және мәдениетін пайдаланады. Америкалық зерттеуші Курланцик айтқандай, соңғы кездері қытайлық дипломаттар оларды қабылдаушы елдердің тілдерін өте еркін түрде меңгерген, өте ашық және белсенділік танытуда және өздері тұратын және жұмыс істейтін елдердің қоғамдастығына өте ұқыптылықпен қарайтын болған. Қытай дипломатиясының принциптері өте ерекше. Ондағы дипломаттардың көндіру манерасы Қытай дипломатиясының «жұмсақ күшін» құрайды.

Қытай ОША аймағында интеграцияның дамуына мүдделі. Қытай бұл аймақта өз позициясын нығайтуға және антиқытайлық кейіпті әлсіретуді көздейді. Қытай ОША аймағында өз беделін көтерумен қатар,бұл өңірде билік жүргізуге бағытталған. Өйткені бұл аймақ Қытай үшін өте маңызды. Себебі осы аймақ арқылы Қытай әлемдік көшбасшылық үшін күресте өзінің саяси ықпалын кеңейтіп қана қоймай оны әрі қарай нығайта алады. Соңғы онжылдық ішінде Қытай елі АСЕАН үшін отызға жуық жобалар жасаған. Салыстырмалы түрде Вашингтон соңғы отыз жыл ішінде тек қана сегіз жоба жасаған болатын.

Аймақта өз позицияларын нығайту үшін Пекин АТЭҚ форумы елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысуда. Пекиннің негізгі мақсаты өзіне жылы қабақ танытатын мемлекеттерден өзіндік қауіпсіздік белдеуін құру және ОША елдері арқылы өзінің «жұмсақ ықпалын» қалған бүкіл әлемге тарату.

Аймақтың бұрыннан келе жатқан көшбасшысы – Жапония аймақтағы рөлін нығайтуға әлі де күш салуда. Ғасырдың басында аймақта экономикалық интеграцияның тиімді құрылымдарын құру бұл мемлекет үшін басты мақсатқа айналды. «Шығыс Азиялық қауымдастық» концепциясын іске асыру Токио үшін өз стратегиялық мақсаттарына жетудің ең қысқа, әрі рационалды жолы ретінде қарастырылады. Жалпы, көшбасшылық үшін күресте Жапония аймақтағы түрлі экономикалық және саяси интеграциялық топтастықтарға қатысуда. Жапонияның интеграцияға осындай тырысулары, оның Шығыс Азияда рөлінің төмендеуімен түсіндіріледі. Себебі, Жапонияда экономикалық даму қарқының төмен болуы сақталса, Қытай бірнеше жылдарда Шығыс Азия аймағында доминантты рөл атқаруы мүмкін[5].

АҚШ Қытайдың ықпалының Шығыс Азия аймағында кеңінен тарауынан және оның негізгі жауына айналу мүмкіндігінен қатты мазалануда. Сонымен қатар, АҚШ-тың шығысазиялық аймаққа ерекше назар аудару себебі Ресейдің шығыс азиялық стратегиясының орындалуына кедергі жасау. Өйткені АҚШ Ресейдің Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия аймағында 1990-шы жылдары жоғалтқан геосаяси позияциясын қайтаруына мүдделі емес. Үшіншіден, АҚШ өзінің Корей жарты аралындағы стратегиялық плацдармынан айрылып қалуға қорқады. АҚШ-тың шығысазиялық аймаққа қызығушылық танытып отырған тағы бір себебі- бұл АҚШтың осы аймақтағы сенімді стратегиялық әріптесі Жапониямен тұрақты қарым –қатынастарын сақтап қалу.

Жалпы, XXI ғасырдың басында АҚШ Шығыс Азиядағы саясатын барынша белсенді түрде жүргізуге тырысты. Себебі халықаралық қатынастардың жаңа аймақтық кезеңінде АҚШ бұл аймақтағы өзінің ықпалын нығайтуға мүдделі болды.

АҚШ саясаты үшін ең маңыздысы - осы жердегі өзінің әскери және саяси ықпалын сақтап қалу және Америкаға жау болып саналатын күш орталықтарының әрекетін бейтараптандыру үшін ықпалын нығайту қажет болды. Бұл АҚШ дипломатиясы үшін өте күрделі тапсырма, өйткені «суық соғыстың» аяқталуымен және биполярлы жүйенің күйреуімен Шығыс Азия мемлекеттерінде АҚШ-қа деген жауластық идеология қалыптасты. Сондықтан да АҚШ «бөліп ал да билей бер» принципін ұстанатын болады, бір жағынан аймақтағы негізгі ойыншыларға АҚШ-қа қарсы тұру үшін бірігуге жол бермеу, екінші жағынан аймақ мемлекеттерін бір –бірімен емес, керісінше АҚШ-пен біріуге мәжбүрлейтін жасанды шарттар жасамақ. Осы себепті де Вашингтон Корея мен Қытай арасындағы, Қытай және Жапония, Жапония және Корея, Қытай және Ресей арасындағы әлсіз қарама –қайшылықты жасырын түрде қолдап отырады. АҚШ Шығыс Азия аймағында «бөліп ал да билей бер» принципі бойынша әрекет ету үшін мемлекетаралық мұндай келіспеушіліктерді басқарып оыруға дайын [7].

АҚШ басқарушы топтарының ойынша, Шығыс Азия аймағындағы мемлекетаралық қақтығыс мүмкіндігі әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда жоғары болып табылады. 2020 жылғы жартылай мерзімді перспектива бойынша Корей жартыаралындағы және Тайвань шығанағы болуы мүмкін қақтығыс жағдайы жоғары және бұл қақтығыс аймақтық емес әлемдік сипат алу да мүмкін.

АҚШ үшін де, Қытай үшін де Жапониямен қатынастың маңыздылығы өсуде. Ол Қытай үшін әріптес те, бәсекелес те болып қала береді. Қытай Жапониямен тығыз қарым-қатынас орнатып, инвестиция да тартып жатыр. Бірақ, Қытай аймақтық әскери және саяси салада өзінің экономикалық күшін пайдалануға ұмтылып отыр, бұл дегеніміз – белгілі бір дәрежеде Жапонияның аймақтағы ұмтылысына қарсы тұру. Жапония – АҚШ үшін маңызды одақтас, соңғы кездері бұл екі держава арасындағы қатынас тығыз және әртарапты болып отыр. Жапония кез-келген американ-қытайлық жақындасуға үреймен қарайды, себебі ол АҚШ пен Жапония арасындағы қауіпсіздік қатынастарға кедергі болып, аймақтағы оның экономикалық басымдылығын нығайтуды қиындатады. АҚШ Шығыс Азиядағы жетекші орынды Қытайға береді деп Жапония қорқуда. ХХІ ғасырдың басында Қытай өзінің әскери потенциалын әлдеқайда күшейтті. Сенкаку аралдарындағы екі мемлекет арасында аумақтық даудың туындауы және Қытайдың әскери-теңіз күшін модернизациялауы Пекин мен Токионың потенциалды бәсекелестік қайшылықтары туралы айтуға мүмкіндік береді [8].

Шығыс Азиядағы жағдай динамикасының жаңа факторы болып осы геоэкономикалық және геосаяси кеңістікке Үндістанның шығуын атап өтуге болады. Үндістан өзінің Үнді мұхитындағы әсер етуін оңтүстік-шығыс Азиядағы дамып жатқан үдерістерге қосылу есебінен кеңейтуге тырысып жатыр. Осы кеңістік арқылы болашақта толықтай Шығыс Азияға жол ашылады. Әзірше үнділік фактордың әсері үлкен емес.

Шығыс Азиядағы интеграциялық үрдістерді сараптай келе, 2005 жылдың 14 желтоқсандағы алғашқы Шығыс Азиялық саммитке (ШАС) дейін бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу Шығыс Азиялық Қауымдастықтың (ВАС) негізі ретінде есептелмеді, тек ғана «саяси, экономикалық, стратегиялық және басқа мәселелерді талқылау үшін» тағы бір форум ретінде шақырылған болатын. Мұнда Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы (АТМА) интеграциялық үдерістердің тартылу ортасы Шығыс Азияға ауысады, ал Азия-Тынық мұхиттық Экономикалық Қауымдастықпен (АТЭҚ) жүзеге асқан тынықмұхиттық интеграция екінші орынға ығыстырылады. Соңғы кездегі оқиғалар осы тұжырымдардың растығын дәлелдеп отыр.

Шығыс Азия аймағындағы интеграциялық үрдістер дамып жатыр деуге болады, бірақ Европа және Солтүстік Америка модельдерінен өзгеше болып келеді. Бұнда әлі де ресми түрде жалпы аймақтық кедендік одақтар немесе интеграциялық үдерістерді реттеудің бірыңғай саясаты жоқ. Шығыс Азия аймағындағы интеграция еуропалықтан ерекшелігі, егер де екіншісінде экономикалық байланыстар саяси қатынастарға әкелсе, біріншісінде керісінше интеграцияның экономикалық алғышарттары пайда болу үшін біршама саяси шаралар қолданылды. АСЕАН жұмысы саяси салада тиімдірек болды[6].

Шығыс Азияның аймақтық интеграциясы «субаймақтық экономикалық зоналар» (ресми кедергілерді шектеулі түрде алып тастау) моделі негізінде жұмыс істеуде. Аймақтағы интеграциялық ерекшеліктердің біріне экономикалық ынтымақтастықтың жаңа динамикалық формасының пайда болуын атап кетуге болады - экономикалық даму аймақтары. Интеграциялық үдерістердің жоғары темптері Солтүстік-Шығыс Азияға қарағанда, аймақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде көрініс алады. Жалпы, Шығыс Азиядағы бірігу үрдістерінің негізгі орталығы, яғни интеграцияның ядросы оңтүстік-шығыс Азия немесе АСЕАН болып табылады, ал басқа беделді аймақтық бірлестіктермен институттар осы ұйым «кеңістігінде» қызмет етуде. Олар АСЕАН тетіктеріне негізделіп, ресми түрде аталған ұйымның құндылықтарын бөліседі. Шығыс Азия аймағында интеграциялық идеялармен тұжырымдамалар бір-бірімен араласып, ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде үлкен рөл ойнауда [9].

Ерекше аталуы тиіс келесі жайт да: аймақ елдері сыртқы экономикалық қатынастарда әр қайсысының рөлін арттыратын сыртқы нарықта өз қызығушылықтарын қорғайтын ұжымдық позицияны қалыптастыруда. Жалпы, аймақта интеграция мәселелерін шешуде кешендік әдіс қолданылады. Мемлекеттердің өзара әрекеттесуі сауда-экономикалық қатынастармен шектелмейді. Ол өндірістік саладағы интеграция, сонымен қатар бәсекеге қабілетті өндірісте инвестицияларды көбейтуге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен бекітіледі.

Қазіргі кезде басымды тенденцияларды бағалай отырып, белгілі бір жағдайларда ВАС уақыт өте келе АСЕАН+3 үдерісінің табиғи жалғасы және «көпқабатты» шығысазиялық регионализмнің бөлігі болуы мүмкін. Бірақ мұны біржақты айтуға болмайды, себебі ВАС құру ең алдымен осы форумды тағы бір азиаттық гигант – Үндістанның қатысуына байланысты Шығыс Азиядағы барлық интеграциялық дискурсқа жаңа динамика әкелді. Егер жоғарыда көрсетілген үдерістерге АҚШ белсенді түрде қосылса, кез-келген сценарий өзгерістерге ұшырауы мүмкін. 1989 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан АТЭҚ пен ВАС идеясы түріндегі шығысазиялық және тынықмұхиттық интеграцияның қақтығысынан қашып құтылу мүмкін емес.