Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+ 4 Vestnik FMO 2012 №3-4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

Аннотация

В этой статье рассматривается вопрос академической мобильности,которая была и остается одним из важных аспектов глобализации. Разные задачи и разнообразные подходы к их реализации ставят на повестку дня острую необходимость стимулирования академического обмена и страны, преуспевшие в этом вопросе отличаются гибкостью и желанием адаптироваться к новым реалиям сложного мира высшего образования. Поэтому возникла реальная необходимость в изучении и анализе всех сторон этого процесса с целью дальнейшего использования его высшей школой для совершенствования системы образования в целом.

Ключевые слова: Болонский процесс, академическая мобильность, интернационализация, дистанционное обучение.

Қадысқызы Айгүл

Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті, шетел тілдері қафедрасының аға оқытушысы

Қытайдағы билингвалдық оқыту ерекшеліктері

Түйін: Мақалада автор билингвалдық білім беру туралы анықтама беру арқылы Қытайдағы билингвалдық оқыту тәжірибесін, оның міндеті, ерекшеліктері және болашағы туралы қысқаша таныстырды. Мақсаты билингвалдық білім берудің маңыздылығы мен ерекшеліктерін ортаға қою.

Кілт сөздер: Билингвалдық білім беру; тәжірибе, билингвализм; Қытай тілі; ағылшын тілі; тіл саясаты; мемлекеттік тіл.

ХХI ғасырда ғылыми техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста тәуелсіз Қазақстан үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, бүгінгі заман талабына сай зерделі, ой-өресі жоғары, жан-жақты дамыған, бір емес бірнеше тілдерді меңгерген құзіретті маман дайындау мәселесі маңызды болмақ. Бұл бағытта Президентіміз 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей қолданатын жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек. Сондықтан шетелдің білім саласындағы тәрбие жөніндегі озық тәжірибелер еліміз үшін өте маңызды.

Қытайдағы билингвалдық оқыту тәжірібиесі ХХ ғасыр Еуропа АҚШ елдерінде басталған. 1928 жылы халықаралық білім беру мекемесі Люксембуркте тұңғыш рет билингвалдық оқыту жөнінде жиналысын өткізді. Ол кезде адамдардың барлығы билингвалдық оқытуға қарсы пікірде болды. Алайда жылдар өте келе ХХ ғасырдың 20–шы жылдарына келгенде экономика жаһандану процесінің ықпалында билингвалдық оқыту Канада, Америка, Франция, Аустралия, Индия, Сингапур және Бельгия қатарлы елдердің қызығушылығын тудырды. ХХ ғасырдың 90–шы жылдарының соңында билингвалдық оқыту реформасының тәжірибесі Қытайдың Бейжің, Шаңхай, Шынжын қатарлы жерлерде қанат жайды.

Шынын айтқанда, Қытайдың жаңа өкіметі таққа шыққаннан кейін (1949 жылы) Қытайдың ірі қалаларындағы кейбір оқу орындарында билингвалдық оқыту жүргізілген. Кейіннен, 1950-жылдарда Қытайдың жоғары оқу орындарында Кеңес Одағынан мамандары шақырылып, қос тілде кәсіби білімдерді оқытса да, бұл процес түрлі себептермен тоқтап қалды. Демек, Қытайдың жаңа үкіметі таққа шыққаннан кейін билингвалдық оқыту процессінің ғұмыры қысқа болды. Халықаралық тіл оқыту процесі ықпалды тілдерді оқыту дәуіріне өткеннен кейін жамағаттың бәрі ана тілінен тыс тағы бір шетел тілін үйренудің керек екенін сезінді. Бұл жеке тұлғалармен қоғамның дамуының қажетіне айналды. Осы идеяның жетекшілігінде әр ел ана тілінен басқа тағы бір шетел тілін оқытуға мән берді, әрі билингвалдық оқыту тәжірибесін кеңінен қанат жайдырды.

Билингвалдық оқыту дегеніміз – екі тілде білім беру процесіне қаратылған. Алайда, осы тақырып туралы тіл оқыту саласындағы мамандардың пікірлері қазірге дейін бір арнаға тоғыспай келеді. «Longman Dictionary of Language & Applied Linguistics» сөздігінде: билингвалдық оқыту дегеніміз оқу орындарында екінші шетел тілі немесе шетел тілінде пәндік білім беру деген анықтама берілген [1].

Қытайдағы билингвалдық білім берудің міндеті

Соңғы жылдары Қытайда орта бастауыш мектептерді қытай және ағылшын тілдерінде оқыту процессі ерекше дамып келеді. Өйткені білім берудің халықаралық жаһандану процессіне үйлесуін талап етеді. Билингвалдық білім берудің міндеті: ана тілі негіз, шетел тілі қосымша, кәсіпті өзек, моральді таяныш етіп, жаны сұлу, кәсіптік шеберлігі бар қос тілді немесе көп тілді дарындыларды тәрбиелеу, сондай ақ ұлтжанды, көз аясы кең азаматтарды тәрбиелеу [2] .

Қытайдағы билингвалдық оқыту ерекшеліктері

1. Қытай және ағылшын тілдерінде оқытуды негіз ету

Қытай және ағылшын тілдерінде оқытудың мақсаты оқушылардың ағылшын тілін оқу өресін өсіру. Мемлекетке қос тілді дарындылардың қорын дайындап, негізін қалау, шетел тілін білу деңгейін жоғарлату. Қазіргі кезде билингвалдық білім беруде шетел тілінің ішінде ағылшын тілінен ғана бастап тәжірибе қорытуда, кейін бірте-бірте басқада шетел тілдерін ойластыру жоспарда.

2. Қытайдағы билингвалдық оқыту басқа мемлекеттерге қарағанда өзгеше.

Кейбір ғалымдар Қытай елі ағылшын тілін мемлекеттік тіл етіп, Қытайда біртіндеп қытай ағылшын тілдерінде мемлекетте қос тілге айналдыру керек деген ұсыныс білдіруде. Билингвалдық білім беру тәжірибесі бар мемлекеттердің қоғамдық, тарихи және мәдени ерекшеліктері бар. Мәселен, Индия Англияның 200 жыл бойы отаршылдық үстемдігінің тауқыметін әбден тартқан ел. Индияда 1000-нан аса тіл бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін біртұтас қолайлы болу үшін Индия өкіметі 1950 жылы негізгі заңға өзгеріс енгізіп, үнді тілі мен ағылшын тілін он бес жылдық мерзімімен өкіметтік тіл деп белгіледі. Он бес жылдан кейін ағылшын тілі мемлекеттік тіл болу мәртебесінен айырылады. 1965 жылға жеткенде Индияның көптеген өңірлері әсіресе оңтүстігінде үнді тіліне жатпайтын өңірлері үнді тілін бірден бір мемлекеттік тіл етуге қатты наразылық білдірді. Үкімет бұған шарасыздық танытты. Тағы бір мысалы Сингапур үкіметі 1980 жылы ағылшын тілін бірінші тіл етіп Қытай, Малай және Таміл тілдерін екінші тіл етуді билингвалды ағарту саясатын жолға қойды. Қытайдың тарихи дамуы, мәдени дәстүрі және қытай тілінің халықаралық маңызды тілдер қатарына бет алған ауқымына негізделгенде қытай едәуір уақыт ішінде қытай ағылшын қос тілді мемлекетке айналуы мүмкін емес және оның қажеті де шамалы [3].

3. Билингвалдық білім алу азғантай адамдардың игілігіне айналуында.

Билингвалдық оқыту қоғам мен экономиканың қажетіне үйлесу үшін туындаған, әрі қоғам мен экономиканың даму өресінің шектемесіне ұшырайды. Демек, билингвалдық білім алу барлығына ортақ жалпылық сипатта білім алу үрдісі болып табылады.

4. Билингвалдық оқытуда қытай тілінің рөлін әлсіретуге болмайды.

Қытайдың экономикалық қарыштап дамуына байланысты қытай тіліне деген қызығушылық күн санап күшейіп келеді. Қазір бүкіл әлемде 25 млн адам қытай тілін үйренуде, 85 елдің 2300 ден аса оқу орны қытай тілі сабағын ашты. Бұдан басқа, БҰҰ-дағы қызметтік тілдің бірі- қытай тілі. Қытай тілі ағылшын тілінен кейін маңызды тілдің біріне айналды. Қытайда қазір өз еліне қызмет ететін халықаралық дәрежедегі дарындылар тәрбиеленуде. Ең әуелі қытай тілін білуі, сосын тағы бір шет тілін жетік меңгеру – қытай елінің шарты болып табылады. Міне, бұл біз тілге тиек етіп отырған билингвалдық оқыту арқылы тәрбиеленген дарындылар болып табылады.

5. Қытайдағы жоғары оқу орындарында билингвалдық оқытуды орнықты дамытып отыр.

Қазір кейбір негізгі университеттерде шетелдің түп нұсқалы оқулықтарын пайдалануда, әрі сол оқулықтың тілін білім беру тілі деп белгілеуде. Бұл негізігі оқу ағарту кезеңіндегі билингвалдық оқыту тәжірибесінің дамуына барынша түрткі болуда. 2004 жылы қытайдың білім министрлігі жариялаған «Университеттерде ағылшын тілін оқытудың талабын» жоғары оқу орындарда үш сатыға бөліп отыр. Яғни, әдеттегі талап, едәуір жоғары талап және қатаң талап деп, үш сатыға бөлу керек делінген. Соңғы екі талап бойынша студенттер кәсіптік шығармаларды оқу кәсіптік ғылыми жобаларды жазу сияқты шет тілін жаттық пайдалану керек деп белгіленген. Ішінара кәсіптік жоғары оқу орындарында кәсіптік сабақтардың 5% түп нұсқалы оқулықтарды кіргізу арқылы шет тілінде сабақ өтеді [4].

Қытайдағы билингвалдық оқытудың дамуы сапа ағартудың жаңа бастамасы

Тіл үйрену мен пәндік сабақтар оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Қос тілде ойлау қабілеті ақыл-парасаттың өсуін жебейді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жасау студенттердің көз аясын кеңейтеді. Ғылыми тілдік қабілетін дамытуға негіз болады. Билингвалдық оқыту жоғары оқу орындағы студенттердің тұлғалық дамуын ілгерлетеді. Сондықтан, орта бастауыш мектептерде және жоғары оқу орындарында қос тілде сабақ өту қоғамның назарын аударуда біртіндеп дамып келеді.

Билингвалдық оқыту тәжірибесінің бастапқы қалыптасуы бүкіл ел көлемінде қос тілде ғылыми зерттеу қарым-қатынас ортасын қалыптастыру. Мемлекет бойынша ғылыми ұйымдар құру ғылыми сайттар ашу, бүкіл елде ғылыми зерттеу орталығын құру. Қос тілді оқыту нысаналы мамандықтардың университетерде өзіндік орны қалыптасуда.

Өңірлік тәжірибиемен түйінді тәжірибеге бірдей мән беру, алғашқы ауқымы қалыптасты. Қытайдың дамыған өңірлері мен теңіз жағалауындағы қалалардың билингвалдық оқытуы тез дамуда. Кей қалаларда билингвалдық оқыту сол жердің білім беру жобасына енді. Билингвалдық оқыту кейбір қалаларда орнықты дамып, нақты бір нәтиже көрсетуде. Билингвалдық ғылыми зерттеу жүргізудің түйінді сынақтар жер-жерде жалпыласуда. Толықсыз санаққа қарағанда, қытай бойынша 10 мыңдаған қос тілді сынақ оқытушылары, бір мыңдай қос тілдегі сынақ мектептері және бір млн-нан аса қос тілдегі тәжірибеден өткен оқушылар бар.

Қытайдағы билингвалдық оқыту нәтижелі болуының негізгі факторлары төмендегідей:

  • Өз еркімен оқу принципін ұстану

  • Қоғамның мойындатуына ие болу

  • Мектепара ынтымақтастыққа көңіл бөлу

  • Ұтымды оқыту әдісін дәп басу

  • Мектеп сабақтарын шұғырландыру

  • Мектептегі ғылыми зерттеуге мән беру

  • Мектептегі тәрбие жұмысын қадағалау

  • Кәсіптік дамуды іргеллету т.б.

Билингвалдық оқытудың болашағы

Қытай ерекшелігіндегі билингвалдық оқыту халықаралық билингвалдық оқыту тәжірибесімен жергілік ерекшеліктерді бірлестіру болып табылады. Тәжірибе арқылы бүкіл елде билингвалдық оқытуды зерттеу, оған қызмет ету жүйесін, мемлекеттің билингвалдық оқыту саясатымен бағытын қамтамасыз ету жүйесін, билингвалдық оқыту сабақтарының стандартты оқулығын шығару жүйесін, билингвалдық оқытуда оқытушыларды тәрбиелеумен олардың толымдылығын бағалау жүйесін және билингвалдық оқытудың сапасын бақылау, оған баға беру жүйесін тез арада құру.