Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

1.3 Кәсіпорын қызметін жоспарлау жүйесін құру қағидалары

Жоспар – кәсіпорын мен оның барлық бөлімшелерінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы (болжам).

Жоспарлаудың жалпы қағидаларын алғаш француздың әкімшілік басқару мектебінің негізін қалаушы Анри Файоль ұсынған. Оның пікірінше, жоспарлаудың 4 қағидасы бар:

  • біртұтастылық қағида;

  • үздіксіздік;

  • иілгіштік (бейімделгіш);

  • дәлдік қағидасы.

Біртұтастық қағида кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы және жиынтық жоспарын қарастырады.

Үздіксіздік қағида - әрбір кәсіпорындарда жоспарлау, ұйымдастыру және өндірісті басқару үдерісі еңбек қызметі сияқты өзара тығыз байланысты болады және әрдайым тоқтаусыз жүргізіледі. Бұл қағида бойынша стратегиялық жоспардан тактикалық жоспарға, одан оперативті жоспарға біртіндеп көшу және қысқа мерзімді жоспарлар мен ұзақ мерзімді жоспарлар өзара тығыз байланыста болуы шарт.

Иілгіштік қағида – жоспарлаудың үздіксіздігімен тығыз байланысты және жоспарда көрсетілген көрсеткіштерді түзету мүмкіндігін, кәсіпорынның жоспарлы экономикалық қызметінің үйлесімділігін білдіреді.

Дәлдік қағида – көптеген Кәсіпорын қызметін факторлар мен оның сыртқы ортасымен анықталады. Әрбір жоспар кәсіпорынның қаржылық жағдайымен оның нарықтағы орнын ескере отырып, кәсіпорынның қандай жетістікке жетуге талпынатын нақты дәлдікпен құрылуы шарт. Кейінірек ұйымдастыру мен басқару теориясының «жүйелі әдіс» саласындағы әйгілі ғалым Рассел Линкольн Акофф Файольдің жоспарлаудың төрт қағидасына қатысу қағидасын қосқан.

Қатысу қағидасы біртұтастықпен тығыз байланысты, қатысу бойынша ұйымның әрбір мүшесі қызметі мен атқаратын жұмысына байланыссыз жоспарлау қызметінің қатысушысы бола алады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың мазмұны

  2. Жоспар дегеніміз не?

  3. Жоспарлау қандай кезеңдерден тұрады?

  4. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың қағидалары

  5. Жоспар құру кезінде қолданылатын көрсеткіштер

  6. Жоспар құру әдістері

  7. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың негізгі міндеті

  8. Кәсіпорын қызметін жоспарлау пәні нені зерттейді?

  9. Жоспарлаудың қағидаларын алғаш ұсынған автор?

  10. Қатысу қағидасы нені білдіреді?

  11. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың қандй түрлерін білесіз?

  12. Оперативті жоспарлаудың міндеті неде?

  13. Стратегиялық жоспарлау

  14. Тактикалық жоспарлау

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  1. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

  2. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  3. Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.

  4. Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.

  5. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  6. Ниязбекова Р.Қ. Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Алматы: Экономика, 2008.