Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать
    1. Кәсіпорын бюджеті және оның түрлері

Бюджет құру – қаржылық шығындар мен нәтижелерді анықтау мақсатымен кәсіпорын және оның бөлімшелерінің жалпы бюджетін құру жолымен кәсіпорын қызметінің өндірістік-қаржылық жоспары.

Бюджет – қаржылық нәтижелер мен қаражаттарды анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын сипаттайтын жоспардың сандық көрсеткіштері.

Бюджет құру кезеңдері:

  1. Сатуды болжау және бюджетін дайындау.

  2. Күтілетін өндіріс көлемін анықтау.

  3. Өнім өндірісі мен оны өткізуге байланысты шығындар есебі.

  4. Ақша ағымдарын есептеу және талдау.

  5. Қаржылық есеп беру нысандарын құру.

Операциялық бюджет - өндіріс, өнімді өткізу, кәсіпорындарды және оның жеке бөлімшелерінің басқару шығындарын сипаттайтын бюджет жүйесі.

Операциялық бюджетті құру барысында әртүрлі шығындардың бюджеті дайындалады, атап айтқанда:

  1. Сату бюджеті.

  2. Өндіріс бюджеті.

  3. Шикізаттар, материалдарды сатып алу және пайдалану бюджеті.

  4. Еңбек бюджеті.

  5. Жалпы цехтық шығыстар бюджеті немесе сметасы.

  6. Цехтық өзіндік құн бюджеті.

  7. Жалпы өндірістік өзіндік құн бюджеті.

  8. Өндірістік өзіндік құн бюджеті немесе толық өзіндік құн.

  9. Коммерциялық шығыстар бюджеті.

  10. Басқарушылық шығыстар бюджеті.

  11. Толық өзіндік құн бюджеті.

  12. Пайда мен зиян бюджеті.

Қаржы бюджеті – бұл қаражат көздері (құрылымы, көлемі) мен оларды пайдалану бағыттарын бейнелейтін жоспар. Оған төмендегілер кіреді:

  1. ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (түсімдер, төлемдер);

  2. күрделі қаражат салымдары;

  3. бухгалтерлік баланс.

Бухгалтерлік баланс – жоспарланған операцияларды орындау шарттарыындағы кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайының өзгерісін сипаттайды.

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері

  2. Қаржылық жоспарлау жүйесі мен қағидалары

  3. Кәсіпорынның табыстары мен шығыстары балансын құру әдістемесі.

  4. Кәсіпорын бюджеті, оның түрлері.

  5. Тәуекелді басқару

  6. Қаржы, қаржылық жоспар

  7. Қаржыландыру стратегиясының құрылуы

  8. Жобалардың қаржылық тиімділігін қалай анықтайды?

  9. Кәсіпорынның табыстары мен шығыстары балансын құру әдістемесі

  10. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

  11. Бюджеттік жоспарлау

  12. Кәсіпорынның рентабельділігін анықтау

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

    2. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

    3. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

    4. Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.

    5. Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.

    6. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

    7. Ниязбекова Р.Қ. Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Алматы: Экономика, 2008.