Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау

Тапсырма №8. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын құру және талдау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Баға – тауар (жұмыс, қызмет) құнының ақшалай көрінісі.

Бағаға әсер ететін факторлар:

  1. Өндірістік шығындар.

  2. Сұраныс.

  3. Тұрғындардың сатып алу қабілеттігі(ақша табысына байланысты).

  4. Ақша өрісінің жағдайы (ақша көлемі, инфляция, ұлттық ақша бірліктері, валюта бағамының өзгерісі және т.б).

  5. Бәсеке.

  6. Бағаны мемлекеттік реттеу.

  7. Тауар сапасы.

  8. Тасымалдау көлемі.

  9. Сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас.

  10. Жеткізу шарттары.

Баға белгілеу мақсаттары:

  • нарықта қалуды қамтамассыз ету;

  • пайданы мейлінше көп табу;

  • нарық үлесін жаулап алу;

  • тауар сапасы бойынша берілетін нарықта көшбасшылық орынға ие болу.

Кез келген нарықта бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу үдерісіне байланысты. Құрамдас элементтері бойынша тауар бірлігінің бағасы (Б) былай анықталады:

Б= Өқ +П+ҚҚС + Сү (1)

мұндағы Өқ-тауардың өзіндік құны;

П-пайда;

Сү-делдалдық саудалық үстемесі, ол оның жеке шығындары,

пайдасы және ҚҚС-нан тұрады.

Егер фирма акциздік тауарларды өндіретін болса, онда тауар бағасы мына формуламен анықталады:

Б=Оқ+П+А+ҚҚС+Сқ (2)

мұндағы А-акциз салығы;

Берілген тапсырманы орындау:

  1. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау.

  2. Өзіндік құнды калькуляциялау әдістерін талдау.

  3. Өндірістегі шығындар сметасын құру .

№ 8 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл.

Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 11,12 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

  5. Бизнес-планирование : учебно-практ. пособие / В. М. Попов [и др.].- М. : КНОРУС, 2009. - 480 с.

  6. Буров В.П. Бизнес-план фирмы : теория и практика: учебное пособие / В. П. Буров. - М. : ИНФРА-М, 2009. - 192 с.

Тақырып 9. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау

Тапсырма № 9. Кәсіпорын рентабельділігін талдау және оны арттыру жолдарын қарастыру

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өнімді өткізуден түсетін таза табысты факторлық талдау.

Ауыл шаруашылық өнімін өткізуден түсетін табыс үнемі мына факторлардың әсерінде, ықпалында болады: өнімді өткізу көлемі, өнімнің құрылымы; өткізілген өнімнің сату бағасы; шикізат, материал, отын, электрэнергиясының тарифтері, тасымал шығындары, материалды және еңбек ресурстарының шығындарының деңгейі.

Өнімді өткізуден түсетін табысқа факторлардың әсерінің формальды есебін келтірейік.

  1. Өнімді өткізуден түсетін табыстың ( ) жалпы өзгерісінің есебі :

( 1 )

мұндағы Р1- есепті кезеңдегі табыс, теңге

Р2 – өткен жылғы табыс, теңге

2. Өткізілген өнімнің сату бағасының өзгерісінің 1 табысқа әсерінің есебі:

1= ( 2 )

мұндағы - есепті кезеңде осы кезеңдегі бағамен өнімді өткізу (р-өнім бағасы, q – өнімнің жалпы саны);

- есепті кезеңде өткен жылғы бағамен сату.

3.Өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі ( 2) :

2= P0K1 - P0 = P0 (K1 - 1) ( 3 )

мұндағы P0 – өткен кезеңдегі табыс

К1- өткізілген өнім көлемінің өсімінің коэффициенті:

К1 = S1.0/S0 ( 4 )

мұндағы S1.0 - есепті кезеңде өткен жылғы баға мен тариф бойынша өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны;

S0 - өткен жылдағы өнімнің нақты өзіндік құны

4. Өнімнің құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде өнім көлеміндегі өзгерістердің табысқа әсерінің есебі ( ) :

0 2 – К1) ( 5 )

мұндағы К2 - сату бағасы бойынша бағаланған өнімді өткізу көлеміндегі өсім коэффициенті:

К2 = ( 6 )

мұндағы - есепті кезеңде өткен жылғы бағамен өнімді өткізу;

- өткен кезеңдегі өнімді өткізу.

5.Өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері :

= S1.0 – S1 ( 7 )

мұндағы S1.0 - есепті кезеңдегі өткен жылғы баға және шарт бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны;

S1 – есепті кезеңде нақты өткізілген өнімнің өзіндік құны.

6. Өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер есебінен өнімнің өзіндік құнының өзгерісінің табысқа әсері былай анықталады ( ) :

( 24 )

Факторлық ауытқулардың қосындысы есепті кезеңдегі өнімді өткізуден түсетін таза табыстың жалпы өзгерісін береді және келесі формуламен анықталады::

немесе

мұндағы Р – табыстың жалпы өзгерісі;

Р1 –i- ші фактордың есебінен табыстың өзгерісі

Біздің кәсіпорында табыстың жалпы ауытқуы -1514,4 мың теңге, бұл

Өндірістік қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа бағасының өзгерісі.

Өндірістің табыстылығы жалпы немесе таза табыстың өткізілген өнімнің шығындарының қосындысына қатынасымен анықталады:

немесе

мұндағы Прп - өнімді өткізуден түскен табыс;

Чрп – таза табыс;

Зрп - өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар

Табыстылық көрсеткіштерінің деңгейі мен серпініне өндірістік-шаруашылық факторларының жиынтығы әсер етеді: өндірісті ұйымдастыру мен басқару деңгейі; капитал құрылымы, өндірістік ресурстарды пайдалану дәрежесі, өнімнің сапасы, көлемі, құрылымы, әртүрлі қызмет түрінен түсетін таза табыс, оларды пайдалану бағыттары.

№ 9 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл.

Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 13,14 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

  5. Бизнес-планирование : учебно-практ. пособие / В. М. Попов [и др.].- М. : КНОРУС, 2009. - 480 с.

  6. Буров В.П. Бизнес-план фирмы : теория и практика: учебное пособие / В. П. Буров. - М. : ИНФРА-М, 2009. - 192 с