Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Тауарлы өнімбұл толығымен дайындалған, басқа тараптарға жіберуге дайын өнімдердің құны. Тауарлы өнім көлемі келесі формуламен анықталады:

ТӨ=Тдөк м.ө + Тқ + Тжф

мұндағы Ттп – дайын өнімдер (жинақтаушы бұйымдар) құны;

Тжф – жартылай фабрикаттар құны;

Тк – күрделі құрылыс және өнеркәсіптік емес шаруашылыққа жіберілетін өнім мен жартылай фабрикат құны;

Тм.ө. – берілген кәсіпорынның негізгі құралдар кіретін меншікті өндірісіне тағайындалған құрал-жабдықтар, инструменттер құны;

Тқ – тапсырыстар бойынша орындалған өндірісітегі сипаттағы қызметтер мен жұмыстар құны.

Жалпы өнім (ЖӨ)– белгілі бір уақыт аралығындағы (ай, жыл, тоқсан) дайындалу сатысына байланыссыз кәсіпорынның атқарған жұмыстарының барлық көлемін сипаттайды және келесі формуламен анықталады:

ЖӨ = ТӨ +(АӨж.с. – АӨж.б.) + (Иж.с. – Иж.б.)

мұндағы АӨж.б, АӨж.с.– кезеннің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің

қалдық құны, теңге;

Иж.б.ж.с. – кезең басы мен соңына сәйкес келетін меншікті

өндіріске дайындалған арнайы тағайындалған

құралдардың қалдық құны, теңге.

Тапсырма. Жыл бойы кәсіпорын бағасы 1200 теңге 450 құрал және бағасы 2100 теңге болатын 500 құрал дайындап шығарды. Жыл басында өндірістің қалдығы 520000 теңге, ал жыл соңында 290000 теңге. Бұл жағдайда жалпы өнім көлемі қандай болады?

Өткізілген өнім көлемі – кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

Өөтк= ТӨ + (Қ ж.б- Қ ж.с)

мұндағы ТӨ – тауарлы өнім, теңге;

Қж.бж.с – кезең басы мен соңындағы өткізілетін өнім қалдықтарының

құны, теңге.

Тапсырма. А бұйымының жылдық шығарылым көлемі 6500 дана, Б - 7300 дана, В - 6000, Г – 4000 дана. 1 өнім бірлігіне белгіленген көтерме бағасы: А- 100 теңге, Б - 1800 теңге, В - 1200 теңге , Г - 900 теңге.

Жоспарлы кезең басында кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім қалдығы 2530 мың теңге. Тұтынушыға жіберілген, бірақ есепті кезеңде төленбеген дайын өнім құны 1700 мың. Кезең соңындағы өткізілмеген өнім қалдықтары 4 880 мың теңге .

№ 7 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Кәсіпорынның персоналға қажеттілігі қалай анықталады?

  2. Еңбек өнімділігін жоспарлау

  3. Өнім бірлігін дайындауға бір жұмыстар немесе қызметтерді орындауға жұмыс уақытының қажетті немесе ғылыми негізделген шығындарды бейнелейді

  4. Бір жұмысшыға немесе бригадаға жұмыс уақытының берілген кезеңіндегі орындалған жұмыстар (қызметтер) мен дайындалған өнім номенклатуралары мен жоспарлы көлемін бекітеді

  5. Бір жұмыс, топ, бригадаға бекітілген аудан басқа да өндірістік объектілердің өлшемі, жұмыс орындарының саны

  6. Жұмыс уақытының сәйкес есептік кезеңде дайындалған өнімдердің қажетті көлемін белгілейді

  7. Еңбек сыйымдылығы

  8. Еңбек өнімділігінің өсімін қалай анықтаймыз?

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

1. Кәсіпорын бойынша жұмысшының санын анықтау керек. Қызмет көрсету нормасы кестеде келтірілген.

Кәсіп

Қызмет көрсететін жұмыс орындарының жалпы саны

Қызмет көрсету нормасы

Смена (кезек) саны

1. крановщик

30

15

2

2.электросварщик

20

10

2

3. наладчики

50

5

2

2. Бір айдағы жұмысшы-мәмілешінің нақты еңбекақысы мен бөлшекті қондырғы үшін мәмілелі бағаны анықтаңыз. Берілгені келесі кестеде келтірілген. Сағаттық тарифтік ставка 250тг.

Нұсқа

Жұмыс разряды

Өңдеу нормасы, дана/см

Нақты атқарылғаны, дана/ай

1

2

45

1000

2

3

240

3000

3

2

10

1500

4

2

8

200

5

3

190

4500

6

1

40

1000

7

3

12

300

8

4

80

1900

Жұмыс бойынша тарифтік коэфитценттері: Бірінші

1,00

Екінші

1,07

Үшінші

1,15

Төртінші

1,24

Бесінші

1,33

Алтыншы

1,43