Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать
    1. 6.2 Оперативті жоспарлау

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың соңғы сатысы – есепті кезеңдегі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің оперативті жоспарды құру.

Оперативті жоспарлау қысқамерзімді кезеңде ағымдық жоспарлы-экономикалық қызметін жүзеге асырумен түсіндіріледі, мысалы жылдық өндірістік бағдарламаны құру, кәсіпорынның тоқсандық бюджетін әзірлеу, алынған нәтижелері бақылау және түзету енгізу т.с.с.

Оперативті жоспарлау кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған жылдық тапсырмалардың өз уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Оперативті жоспарлау бір жылға немесе өте қысқамерімге құрылатын бюджет жүйесі немесе қаржы жоспары арқылы жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда оперативті жоспарлаудың 2 түрі бар:

- күнтізбелік;

- ағымдық.

Күнтізбелік жоспарлау жылдық жоспарлы тапсырмаларды өндірістік бөлімшелер мен оларды орындау мерзімдері бойынша бөлу, сонымен қатар нақты жұмысты атқарушыларға бекітілген көрсеткіштерді ұсыну.

Күнтізбелік жоспарды құру үшін алғашқы мәліметтер ретінде өнімді шығару көлемі, орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығы, нарыққа тауарларды жеткізу мерзімдері және кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жоспарының басқа көрсеткіштері қолданылады.

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ағымдық жоспар

  2. Оперативті жоспар деген не?

  3. Тактикалық жоспар нені білдіреді?

  4. Күнтізбелік жоспар қалай дайындалады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  1. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

  2. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  3. Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.

  4. Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.

  5. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  6. Ниязбекова Р.Қ. Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Алматы: Экономика, 2008.

Тақырып 7. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорында өнім өндіру мен оны өткізуді жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

    1. Кәсіпорынның өндірістік жоспарының мазмұны

7.2 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру және өндірістік қуатын жоспарлау

7.3 Сату жоспарын құру

7.1 Кәсіпорынның өндірістік жоспарының мазмұны

Өнім өндіру және сату жоспарын құру кәсіпорынның әлеуметтік- экономикалық дамуының кешенді жоспарының басты міндеті болып табылады.

Өнім өндірісі мен оны өткізуді жоспарлау – бұл дәл қазір және келешекте нарық қажеттіліктерін алдын ала болжау арқылы жылдық жоспардың негізгі көрсеткіштерін дайындау және орындау үдерісі. Әрбір кәсіпорынның өндірістік жылдық жоспары келесі жоспарлы көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесін құрайды.

  • жоспарлы кезеңдегі фирма және оның жеке бөлімшелерінің өндірістік қызметінің негізгі мақсаты;

  • барлық тауар номенклатурасы бойынша сапалы және сандық көрсеткіштерін нақты айқындай отырып, өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінің көлемі мен мерзімі;

  • жылдық өндіріс көлемі мен кәсіпорын, цех, бөлімшенің сәйкестігінің есебі, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі;

  • кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жылдық өндірістік бағдарламасына ресурстардың қажеттіліктерін анықтау, жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар балансының есебі;

  • жоспарлы жұмыстарды негізгі цехтар (нарықты тапсырысты орындаушылар бойынша бөлу, дайындау мерзімі мен өнімді нарыққа жеткізу бойынша бөлу;

  • жоспарлы көрсеткіштерге жету құралдары мен әдістерін таңдау;

  • жоспарлы тауарлар (өнім, қызмет) өндірісін ұйымдастыру әдістері мен нысандарын негіздеу, өндіріс және өткізу жоспарының орындалуына бақылау жасау.

Өндірістік жоспардың негізгі көрсеткіштері:

  1. Өнімге сұраныс пен өндіріс көлемі.

  2. Ұсыныс шамасы мен кәсіпорынның өндірістік қуаты.

  3. Шығындар мен өнімнің бағасы.

  4. Қажетті ресурстар мен инвестицияға мұқтаждықтар.

  5. Сату көлемі мен жалпы табыс т.б.