Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Стратегия ұғымы.

  2. Стратегияның қандай түрлерін білесіз?

  3. Үкіметте қабылданған стратегиялардың жүзеге асырылу барысы

  4. Стратегиялық жоспардың қандай ерекшелігі бар?

  5. Стратегиялық талдау әдістері

Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

    2. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

    3. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

    4. Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.

    5. Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.

    6. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

    7. Ниязбекова Р.Қ. Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Алматы: Экономика, 2008.

Тақырып 6. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлаудың экономикалық мәні, маңызы және мазмұнымен, жоспарлау қағидалары мен әдістерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

    1. 6.1 Тактикалық жоспарлау

    2. 6.2 Оперативті жоспарлау

    1. 6.1 Тактикалық жоспарлау

Кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде тактикалық және оперативті жоспар құрылады.

Тактикалық жоспарлау ортамерзімді жоспар құруды білдіреді, мұнда стратегиялық тұжырымдар, әдістер мен оны жүзеге асыру нысандары нақтыланады. Тактикалық жоспарға тұрақты түрде түзетіліп, һөзгертулер енгізіледі, сондықтан оны сырғымалы немесе өз бетінше реттелетін жоспар деп атайды (5 жылды қамтиды).

Оперативті жоспарлау қысқамерзімді жоспар құруға негізделген. Бұл өндірістік үдеріске әсер ету әдістері мен құралнамаларын (инструмент) детальды құруды білдіреді.

Тактикалық және оперативті жоспардың көрсеткіштері басқарудың жоғары деңгейіндегі стратегиялық жоспар құру үшін негіз болып табылады.

Ортамерзімді жоспарда белгілі бір кезеңде негізгі міндеттер қалыптасады, мысалы:

  • кәсіпорынның және оның жекелеген бөлімшелерінің өндірістік стратегиясы (өндірістік қуатты қайта құру мен оны кеңейту, жаңа өнімді игеру және ассортиментті кеңейту);

  • өнімді өткізу стратегиясы (өткізу желілерінің құрылымы және оның дамуы, нарыққа ену, өткізуді кеңейтуге ықпал ететін іс-шараларды жүргізу);

  • қаржылық стратегия (қаражат салымдарының көлемі мен бағыттары, қаржыландыру көздері, бағалы қағаздар қоржынының құрылымы);

  • кадрлық саясат (кадрлардың құрамы мен құрылымы, оларды дайындау және пайдалану);

  • қажетті ресурстардың көлемі мен құрылымын және Кәсіпорын қызметін мамандандыру мен өндірісті кооперациялауды ескере отырып, материалды-техникалық жабдықтау нысандарын анықтау.

Ортамерзімді жоспарлар ұзақмерзімді даму бағдарламасында көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған іс-шаралардың белгілі бір жүйелілігін қарастырады.