Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кластердің экономикасы және ұйымдастырылуы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Пәннің мазмұны:

1-тақырып. Кластерлердің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері

ҚР экономикасының ұлттық жүйесі мен салалық құрылымы. Кластерлердің объективті қажеттілігі мен нарықтық экономика жағдайында қалыптасу мен даму мүмкіндігі. М.Портер теориясы

2-тақырып. Кластерлердің мәні, ұйымдастыру қағидалары және түрлері

Бәсекеқабілетті өнім өндірісінің нарығы жүйесіндегі кластерлердің әлеуметтік-экономикалық ролі. Кластерлерді ұйымдастырудың мәні мен қағидалары. Кластерлердің ерекшеліктері, түрлері мен жіктелуі.

3-тақырып. Кластерлердің қызмет етуі мен дамуының шетелдік тәжірибесі

Ғаламдану жағдайындағы халықаралық бәсекеқаблеттіліктің дамуы. АҚШ-тағы, Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі кластерлердің қалыптасуы және даму ерекшеліктері. Кластерлер тиімділігінің көрсеткіштері.

4-тақырып. Кластерлердің құрылуы мен қызмет етуінің экономикалық механизмдері

Кластерлердің қалыптасуына, дамуына әсер ететін экономикалық жағдайлар мен факторлар және олардың жіктелуі. Жоғары қосылған құны бар өнім өндіру үрдісінде кластерге кіретін субъектілердің өзара қатынасының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері. Кластерлерді құрудағы экономикалық басымдылықтар.

5-тақырып. Кластерлердің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі

2003-2015 жж.-ға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Ұлттық экономика жүйесінде кластерлердің құрылуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі. Кластерлерді басқарудың әкімшілік және экономикалық механизмдері.

6-тақырып. Кластерлерді ұйымдастырудың әлеуметтік-экономикалық негіздері

Қазақстанда кластерлердің құрылуы мен дамуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Кластерлердің қалыптасуы мен дамуының көздері. Кластерлердің құрылуы мен қызмет етуінің технико-экономикалық жағдайлары.

7-тақырып. Өнеркәсіп салаларындағы кластерлерді ұйымдастыру мен дамуы

ҚР өнеркәсіп салаларының ерекшеліктері мен даму тенденциялары. Өнеркәсіптік кластерлердің құрамы мен құрылымы (ауыр, жеңіл өнеркәсіп және т.б.). Өнеркәсіп салаларында кластерлер дамуының перспективалары.

8-тақырып. Агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлерді ұйымдастыру мен дамуы

ҚР АӨК даму тенденциялары мен ерекшеліктері. АӨК жүйесіндегі кластерлер, олардың түрлері мен мазмұны. Ұлттық экономиканың (тамақ, тоқыма, өнеркәсіптік және т.б.) сфераларындағы кластерлер.

9-тақырып. Инфрақұрылым мен қызмет көрсету сфераларындағы кластерлерді ұйымдастыру мен дамуы

Қызмет көрсету мен инфрақұрылым сфераларының ролі мен мәні. Кластерлердің қалыптасуы мен дамуының ерешеліктері және қызмет көрсету мен инфрақұрылым сфераларындағы олардың мазмұны.

10-тақырып. Ұлттық экономика жүйесіндегі кластерлер қызметін талдау

Кластерлердің қалыптасу мен даму тиімділігін талдау. Кластерлер қызметінің және олардың бәсекеқабілеттілігін сандық және сапалық талдау. Кластерлер қызметінің өсуі мен даму резервтерін анықтау.