Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЛАБ по ТЭС каз.2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

3.1 Жазық транзистордың вольтамперлық (құйма-бекітпелік) сипаттамалары ауытқу кернеулерін тізбектей қою жолымен (3.1 табл. қара) әрқайсының құйма тогының мәнін өлшей отырып анықталады. Соңғы үшін " iС " тетігін басу және құрылған миллиампердан отчетті жазып алу жеткілікті. iС=f(ЕСМ)

3.1-кесте

ЕСМ

В

0

-0,5

-1

-1,5

u0

iС

МА

0

Осы уақытта есте сақтар жайт аспап тілінің толық ауытқуы-5,0мА, өлшеу шектерін ауыстырып-қосқышқа тәуелді емес. Вольтамепрлік сипаттамаларды алу кезінде қатіліктерден қашу мақсатында қосындылағыштардың кірістерінен келетін барлық сымдарды ажырату қажет. Кестені толтырып болғаннан кейін сызбаны салу.

Моногармониялық әсер

3.2 Моногармониялық әсер uЗИ = ЕСМ + Umcos2f1t.

Салынған вольтамперлық сипаттамалардан квадраттық бөліктің шектерін анықтау. (u0ЕСМ 0).

Вас Квадратық бөлігіндегі түрлендіру

3.3 Жұмыс нүктесінің орны ВАС квадраттық бөлігінің ортасынан алынады. ЕСМ1 = u0/2, бұл жерде u0 -Қиылу кернеуі.Табылған мән ЕСМ1 -ді потенциометрмен қою және оны 3.2. кестесіне кіргізу.

3.2-кесте

ЕСМ1=...В;

f1 =1кГц;

Um1=...В;

U1=Um1/2=…В

Частота

0

f1

2 f1

3 f1

...

Амплитуда

...

3.4 Кіріс сигналының амплитудасы Um1 сигнал бүкіл квадраттық бөлікті қамтитындай болуы тиіс. (нольден қиылуға дейін) яғни Um1=ЕСМ1 (і.і суретін қараңыз) Өлшеу аспаптарының амплитудалық мәндерінде емес әсерлік мәндерінде дәл бөліктеуіне байланысты, пішіннің кірісіне (1, 2, не 3) 1кГц көзінен (пішіннің сол жақ жоғарғы ұясы) кіріске қосылған вольтметр көрсететіндей кернеу берілуі тиіс.

U1= Um1 /2. (3.2)

ВАС-тың бөлікті-параболалық бөлігіндегі түрлендіру.

3.5 Уақытша диаграммалар және спекторлар моногармониялық сигнал мезетінде түрлендіргіштің кірісінде және шығысында байқалады. Олар бір-бірінің астында сәйкестіктердің сақталуымен уақыт өсінде де жиіліктер осінде де суреттеледі. Спектрдің ДК-ге анализін жасау үшін сәйкес ұяны стендің төменгі жағында В7-38 құрылған вольтметірінің жанында орналасқан ДК-дің «А» кірісімен арнайы сым арқылы жалғау керек.(ДК-де спектроанализ режимінде жұмыс жасау үшін сәйкес қосымшаны оқып алған дұрыс). Келтірілген спектрограммаларда міндетті түрде жиіліктерді Гц-пен және спектральді құраушылардың амплитудаларын көрсету қажет. Осы мәліметтерді 3.2-кестесіне енгізу қажет.

3.6 ЕСМ2 = u0.-ді қою.

3.7 Кіріс сигналының амплитудасын Um2=u0 (3.3-сүрет) белгілеу. Осы жерде қолданылған белгілеуге назар аударыңыз: Um2 –кіріс сигналының амплитудасының екінші мәнін білдіреді.(екінші гармоникамен шатастырмаңыз)

3.8 3.5 пунктін ЕСМ2 үшін қайталап және Um2, 3.3-кестеге ұқсас 3.2-кестені толтырыңыз.

Бигармоникалық әсер

3.9 Бигармоникалық әсер uЗИ = ЕСМ + U1mcos2f1t+ U2mcos2f2t

f2=1,2кГц жиілігіндегі екінші гармоникалық сигнал ретінде көздер блогындағы Г3-111 дыбыстық генераторы қолданылады. Қосындылағыштың кірістерінің біріне f1=1кГц қалыпты сигналын беріп, кез-келген біреуіне f2=1,2кГц тарату керек.

ВАС-тың квадраттық бөлігіндегі түрлендіру

3.10 ЕСМСМ1=u0/2 ауытқуын қою қажет.( ВАС-тың квадраттық бөлігінің ортасындағы жұмыс нүктесі)

3.11 Қосындылағыштың екі кірісіне де әр түрлі көздерден келген сигналдардың бірдей амплитудасын қою, осы кезде сигнал (ұру) квадраттық бөліктің шекарасынан шықпайды.

3.12 Сәйкес таблицаны толтыра отырып 3.5 пунктің сигналдың жаңа параметрлері үшін қайталау.

3.13 Алдын-ала бір сигналдың амплитудасын азайтып, 3.5 пунктін қайталау.

ВАС-тың бөлікті-параболалық бөлігіндегі түрлендіру

3.14 ЕСМСМ2=u0-ді қою.

3.15 U1m=U2m= u0/2сигналдарының амплитудасын қою.

3.16 Сигналдардың жаңа параметрлері үшін 3.5 пунктін қайталау.