Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ ЛАБ по ТЭС каз.2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу тәртібі

1.1 Модульдеудің бекітілген түрінде байланыс жүйесінің әр түрлі нүктелеріндегі сигналдарды бақылаңдар.

1.2 Әр түрлі модульдеулермен танысыңдар.

1.3 Арнада бөгуілдің болуы жағдайындағы байланыс жүйесі арқылы сигналдардың өтуін бақылаңдар.

Бөгеуілсіз арна арқылы дискретті сигналдарды тарату.

1.4 КОДЕР 1, МОДУЛЯТОР, БАЙЛАНЫС АРНАСЫ, ДЕМОДУЛЯТОР, блоктарын жалғаңыз.

1.5 Модульдеудің АМ түрін, ал КОДЕР- 2-де кодтың «1» түрін қойыңыз.

1.6 КОДЕР-1-дің тумблерлері арқылы кез-келген кодтық комбинацияны теріңіз. КОДЕР-1-дің шығысындағы, МОДУЛЯТОРДЫҢ шығысындағы, ДЕМОДУЛЯТОРДЫҢ шығысындағы сигналдардың осцилограммасын салыңыз.

1.7 МОДУЛЬДЕУ ТҮРІН ауыстыра отырып, модулятордың шығысындағы сигналды салыңыз. Модульдеудің әр түрінде «0» және «1»-дің қалай ауыстырылып-қосылатынына назар аударыңыз.

Бөгеуілі бар арна арқылы дискретті сигналдарды тарату.

1.8 n(t) арнасының төменгі кірісіне шуыл генераторының шығысындағы сигналды беріңіз.(СИГНАЛДАР КӨЗІ блогында)

1.9 ФМ-түріндегі модульдеуді орнатыңыз.

1.10 Шуыл сигналын ұлғайта отырып, шығыс сигналының осцилограммасында ара-тұра үзілістердің пайда болуына дейін жеткізіңіз.(демодулятордың шығысында).

1.11 Модульдеуді ФМ түріне ауыстырып, үзілістердің ұлғаю жиілігін байқаңыз. Шуыл кернеуін өзгертпей, осы бақылауды өзге түрлі модульдеулерде де жүргізіңдер. Бөгеуілге тұрақтылық тұрғысынан ең жақсы және ең жаман модульдеу түрін есеп беруге жазыңдар. Шуыл деңгейін өзгертпей АМ жағдайындағы МОДУЛЯТОРДЫҢ шығысындағы және ДЕМОДУЛЯТОРДЫҢ кірісіндегі осцилограммаларды бекітіңіз.

Бөгеуілсіз арна арқылы аналогтық сигналдарды тарату.

1.12 Кодер-1-ді АЦП блогімен ауыстырыңыз, оның кірісіне көздер блогынан s4 сигналын беріңіз. ДЕМОДУЛЯТОРДЫҢ шығысын ЦАП блогімен жалғаңыз, разрядтарды ауыстырып қосқышын 3 жағдайына қойыңыз. Модульдеу түрі-ФМ. Шуыл реттегіш ГШ – сол жақ шет жағдайында (арна шуыл жоқ).

1.13 Байланыс жүйесінің әр түрлі нүктелеріндегі сигналдар осцилограммасын салыңыз: АЦП кірісі, оның шығысы, содан ЦАП блогының 1 және 2 шығыстары.

1.14 Разрядтарды ауыстырып-қоса отырып (2,3 және 5), берілу сигналының дәлдігінің өзгеруін байқаңыз.

Бөгеуілі бар арна арқылы аналогтық сигналдарды тарату.

1.15 Осцилографтың кірісін АЦП-нің кірісіне және ЦАП-тің екінші шығысына қосыңыз. Модульдеу түрі-ФМ.

1.16 Шуыл деңгейін жаймен ұлғайта отырып, шығыс осцилограммасында ара-тұра үзілістердің пайда болуына дейін жеткізіңіз.

1.17 Шуыл деңгейін өзгертпей, байланыс жүйесіндегі бөгеуілге тұрақтылықтың ең жақсы және жаман деңгейін қамтамасыз ететін, шығыс осцилограммасындағы қателіктердің төмен деңгейінде модульдеу түрін анықтаңыз. Өз бақылауларыңызды отчетта жазыңыз.

Бөгеуілсіз арна арқылы ГЗ-111 аналогтық сигналын тарату.

1.18 АЦП кірісіне ГЗ-111 генераторынан f=30 Гц жиілігіндегі төменжиілікті сигналды беріңіз. ДЕМОДУЛЯТОРДЫҢ шығысын ЦАП блогымен жалғаңыз, разрядтарды ауыстырып-қосқышын 3 жағдайына қойыңыз. Модульдеу түрі-ФМ. Шуыл реттегіш ГШ –шеткі сол жақ жағдайында (арнада шуыл жоқ).

1.19 Байланыс жүйесінің әр түрлі нүктелеріндегі сигналдар осцилограммасын салыңыз: АЦП кірісі, оның шығысы, содан ЦАП блогының 1 және 2 шығыстары.

1.20 Разрядтарды ауыстырып-қоса отырып (2,3 және 5), берілу сигналының дәлдігінің өзгеруін байқаңыз.

Бөгеуілі бар арна арқылы ГЗ-111 аналогтық сигналын тарату.

1.21 Осцилографтың кірісін АЦП-нің кірісіне және ЦАП-тің екінші шығысына қосыңыз. Модульдеу түрі-ФМ.

1.22 Шуыл деңгейін жаймен ұлғайта отырып, шығыс осцилограммасында ара-тұра үзілістердің пайда болуына дейін жеткізіңіз.

1.23 Шуыл деңгейін өзгертпей, байланыс жүйесіндегі бөгеуілге тұрақтылықтың ең жақсы және жаман деңгейін қамтамасыз ететін, шығыс осцилограммасындағы қателіктердің төмен деңгейінде модульдеу түрін анықтаңыз. Өз бақылауларыңызды отчетта жазыңыз.