Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтық іс жүргізу ұғымы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
41.87 Кб
Скачать

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша мынадай жағдайларда болады:

1. Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы);

2. Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке суьбективтік құқық мирасқорлығы (талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару).

Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндірі алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АІЖК-нің 190-бабы).

Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс, мысалы, мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.

Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

 

Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар

Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау.

Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен  жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі азаматтық і бойынша азаматтық іс жүгізудің негізгі қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.

Тиісті тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қобшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.

Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:

1) сотпен — өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК-нің 170-бабы 3-бөлігі).

2) Талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК-нің 51-бабы 1-бөлігі).

Барылқ жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК-нің 51-бабы 2-бөлігі), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші  бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады.

Тиісті емес жауапкерді тиіті жауапкермен орын ауыстыру оның екі жолы болады:1) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім берсе; 2) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе.

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан мұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.

Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады.