
- •Азаматтық іс жүргізу ұғымы
- •Азаматтық іс жүргізу сатылары
- •Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
- •Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
- •Азаматтық процестегі тараптар түсінігі
- •Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері
- •Іс жүргізу құқық мирасқорлығы
- •Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК-нің 47-бабы). Арнайы – ҚР АІЖК-нің 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөлініп қарастрса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға,сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арыында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК-нің 65-бабы).
Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері
Іс жүргізуге тең қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.
ҚР АІЖК-нің 50-бабында: «Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады».
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда ол тең талап қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысу болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1 – процессуалдық-құқықтық мағынада.
2 — материалдық-құқықтық мағынада.
Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі – енжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;
3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы, 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.
Материалдық-құқықтық мағынады 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы, ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бін немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 2-бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптардың қатысатын біртектес, не бір талап қоюшылардың бір жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін біп іске біріктіруге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 3-бөлігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59-баб 6-бөлігі).