Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азаматтық іс жүргізу ұғымы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.02.2020
Размер:
41.87 Кб
Скачать

Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажыраты білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне жалпы ережелер Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөлімінебірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуге, ерекше  талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.

Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.

Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.

 

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз – азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқытық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары- азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді.  Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық  іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең». Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі номативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге  сәйкес  ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерімі көрсетілмесе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне  енеді. Ал заңда көрсетілсе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚРАІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе№ Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

 

Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы

Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.

 

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні

- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;

- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;

- шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субьектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. – жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.

Азаматтық сот өндірісінің түрлері бұл өзінің матриал-

ды_-құқықтық таби_аты бойынша _қсас болып келетін белгілі бір

ше_бердегі азаматтық істерді сотты_ бірінші сатысында қарау

ж_не шешу т_ртібі. құқықтарды немесе за_ды м&дделерді қор-

_ау_а жататын ерекшелік пен сипат жекелеген топта_ы азаматтық

істерді қоз_ау, қарау ж_не шешу ерекшеліктерін айқындайды.

Азаматтық сот 0ндірісін б0лу критерилері келесі т&рлерге

б0лінеді:

белгілі бір ше_бердегі азаматтық істерді қарау ж_не шешуді_

процессуалдық ерекшеліктерін айқындайтын даулы

материалдық қ_қықтық қатынастарды_ спецификасы;

сот қызметіндегі нысананы_ даусызды_ы.

Жо_арыда келтірілген критерилерге с_йкес, азаматтық іс

ж&ргізу за_ы азаматтық сот 0ндірісіні_ &ш т&рін к0рсетеді:

1. Талап 0ндірісі.

2. Ерекше талап 0ндірісі.

3. Ерекше 0ндіріс.

9

Талап _ндірісі азаматтық сот 0ндірісіні_ жалпы ереже-

леріне с_йкес бірінші сатыда_ы азаматтық сот істерін қарастыру.

Ерекше талап _ндірісі _Р АІЖК-ні_ 25-29 тарауларымен

тізімі аны_тал_ан бірінші сатыда_ы істерді соттарды_ қарастыруы.

Б_л істерде даулы материалдық ққықтық қатынас

субъектілері болып мыналар табылады:

а. бір жа_ынан мемлекеттік қызметте т_ратын лауазымды т_л_а

немесе мемлекеттік билік органдары;

б. екінші жа_ынан – жеке ж_не за_ды т_л_алар.

Ерекше _ндіріс м&дделі т_л_аларды_ арасында ___ы_

туралы дау болмайтын бірінші сатыда_ы сот істерін _арастыру (30-

39 _Р АІЖК).

АІЖК-ні_ 13 тарауында «Ат_ару _ндірісі» т_ртібінде

бірініші сатыда сот істерін қарау ж_не шешу т_ртібі анықтал_ан

(_Р АІЖК 140-бап).

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары[өңдеу]

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына — заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.

Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

  • Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

  • Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

  • Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

  • Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.

  • Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.

  • Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

— Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және негіздеуге міндетті.

— Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.

— Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

— Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:

  • төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

  • іске қатысушы адамдардың өтініштері айтылады;

  • іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктемелері айтылады;

  • куәгерлер өз айғақтарын береді;

  • сарапшы жазбаша нысанда жасалған қорытындысын мазмұндайды (сарапшы жоқ болған жағдайда қорытындыны сот жариялайды);

  • маман кеңес береді;

  • сот отырысында жазбаша дәлелдемелер, хаттамалар және өзге де құжаттар жарияланады;

  • мемлекеттік органның жазбаша жасалған қорытындысы мазмұндалады;

  • сот жарыссөзі жүргізіледі;

  • прокурор іс бойынша тұтастай қорытынды жасайды;

  • істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі

Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша түрде жүзеге асырылады не жазбаша рәсімдеуді талап етеді. Мысалы, талап-арыз (өтініш), апелляциялық немесе кассациялық шағым (наразылық), қадағалау шағымы не қадағалау тәртібіндегі наразылық тек жазбаша түрде ғана беріледі, сот актілері жазбаша нысанда шығарылады.

Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.[1]

Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы  1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.  2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.  3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.  4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

Сотта істі қараудың жариялылығы  1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.  2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.  3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.  4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.  5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.  6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.  7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.  8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.