Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайы
Бүгінгі күні шағын және орта бизнестің алдында ең бір шешімін күтіп тұрған проблема ол - шағын кәсіпорындарды ресурстармен қамтамасыз ету. Өндірістің спецификасы әрине жаңа технологияларды қажет етеді. Одан шығар жол - отандық өндірісті жандандыру. Сөйтіп жаңа техника, құрал - жабдықтар шығаруға мамандану. Ол үшін шағын бизнесті техникалық қолдау бағдарламасын жасап, шетелдік инвесторлардың капиталын тарту керек. Проблеманың екінші аспектісі - бұл шағын бизнесті - қаржылық қамтамасыз ету. Бұған алғашқы қаржы құрау мәселесі жатады. Осы проблема тұрғандықтан шағын бизнес қазіргі кезде тек қана делдалдық, алыпсатарлық қызметтер түрімен ғана айналысуға еріксіз. Осы қаржылық ресурстарды табу мен оны қолға ала алмау мәселесі шағын бизнесті көлеңкелі экономика жағына бүрып отыр. Сэйкесінше барлық тапқан табыс мемлекеттен тыс жасырын капитал табысына кетіп отыр. Алғаш қойылған мәселелердің жиынтығы шағын және орта бизнестің инфрақұрылымын құрып, оны ақпаратпен қамтамасыз ету, әріптестер іздеу, тағы да басқа жүйелерді құруды қажет деп отыр. Сонымен шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалар жеткілікті, және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Бірақ сөзсіз шағын және орта бизнес секторы - экономикада отандық нарықтың жолға қойылуьша дем беретін сектор. Ол біздің өмірімізге толығымен еніп, өндірісті дамытып, әлемдік экономикалық алғы шектерде алғашқыларының санына бізді қоса алатынына сенімдіміз. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес алдындағы проблемаларды былайша топтауға болады:
Шағын бизнесті оптималды түрде қолдау мақсатында мемлекеттік стратегияның қажеттілігі.
Шын "мәніндегі жергілікті жерлерде шағын бизнес монйторингін "жолға қою.
Тексеруші органдардың бюрократизмін тоқтату.
Несие ресурстарына қол жеткізуге жол ашу.
Салық саясатын шағын бизнес мүдделерімен байланыстыру.
Психологиялық қоғамдық барьерді жеңу.
Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар
Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі -адамдардың рынокті қабылдауы, рынокті түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нэтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тәжірибеде де осыны дэлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.
Елімізде әлі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы" сияқты жап - жақсы Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерстер енгізілді. Алайда, олардың бэрі де, тұгас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нэтижесінде еңбек рыногіндегі жағдай бұрынғыдай күрделі боп отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфлияция да (ақшаның қүлсыздануы да) сақталуда. Мұның бәрінің себептері әралуан.
