Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орта шагын реферат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
95.44 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық университеті

Реферат

Тақырыбы: Қазақстандағы шағын және орта бизнестердегі қонақ үй қызметінің дамуы

Орындаған: Елеусіз Фариза

Тобы: РД и ГБ 11-13

Тексерген: Исаков Ерлан

Алматы 2013 жыл

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1) Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайы

2) Қонақ үй және мейрамхана бизнесі

3) Статистикалық мәліметтер

4) Қонақ үй қызметінің бәсекеге қабілеттілігі, қызмет көрсету сапасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Экономикасы жаңа-жаңа дамып отырған елдер үшін орта және шағын бизнесті жандандыру шешуші роль атқарады. Кәсіпкерлік қызмет  бұл  елдер үшін дағдарыстан алып шығатын бірден-бір сара жолы болып отыр. Шағын және орта бизнес-экономиканың тиімді де қомақты секторы. Оның аясында жалпы ішкі өнімнің үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі.  Бұл  индустриалды дамыған экономикасы бар, және өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдер экономикасы үшін тым жағымды көрініс. Экономикада бірден-бір маңызды элемент жұмыссыздық. жұмыссыздықтың кең етек алуы экономикалық әл-ауқаттылыққа зардабын тигізер фактор болса, шағын бизнес аясында көптеген жұмыс орындары ашылады. Осы жаңа жұмыс орындарын  отырып шағын бизнес ел экономикасына қыруар көмек етеді. Ол бәсекелестікке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, оның әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеретін шын мәніндегі қуатты экономикаға жол ашады.

И.Шумпетердің айтуынша: «Кәсіпкерлік шағын және орта бизнесті жүргізу - прогрестің алға тартар күші, іргелі инновация. Инновация - ғылыми-техникалық прогрестің, қоғам мен адамның барлық іс аясында жүргізілетін коммерцияның жетістіктері. Ол өндіріспен ғана емес, менеджмент, маркетинг, ойлау, Өмір сүру сипаты мен кәсіпкерлік мәдениетімен де ұштасып жатады.

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй нарығын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер. Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.  Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді. Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]