Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ylmysty_1179_is_zh_1199_rgizudegi_m_1241_z...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.22 Кб
Скачать

4. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу кезінде бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғаға қатысты талаптар

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процестi жүргiзушi органның күдiктiден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерiнен (елдi мекеннен) кетпеуi, сотта iстi тергеуге және қарауға кедергi келтiрмеуi, қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде келуi жөнiнде жазбаша мiндеттеме алуынан тұрады.       Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупiн төндiрумен байланысты қылмыс жасалған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган жәбiрленушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша күдiктiге, айыпталушыға жәбiрленушiнi iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салу туралы жазбаша түрде ескертедi.

Тақырып №5 Жеке кепiлдiк

1. Жеке кепiлдiктің түсінігі мен мәні

2. Жеке кепiлдiктің бұлтартпау шараларының ішінде алатын орны және маңызы

3. Жеке кепiлдiктің мақсаты мен жүзеге асырылу тәртібі

4. Кепiлдiк берушiлерге қойылатын талаптар және олардың жауаптылығы

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Жеке кепiлдiк сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.       Бұлтартпау шаралары ретiндегi жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.       Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк беретiн адамның айыбының мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн осы шара қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсiндiрiлгендiгiн растайтын жеке кепiлдiгi туралы қолхат бередi.       Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.       Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн жеке кепiлдiк қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкiн.

Тақырып №6 Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы

1. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауының түсінігі мен мәні

2. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауының бұлтартпау шараларының ішінде алатын орны және маңызы

3. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауының мақсаты мен жүзеге асырылу тәртібі

4. Байқау жөнiндегi мiндеттi орындамағандардың жауаптылығы

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын сезiктiлердi, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.       Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған iстiң мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнiң командованиесi: байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.       Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттi жасаған жағдайда әскери бөлiмнiң командованиесi ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.       Өздерiне жүктелген байқау жөнiндегi мiндеттi орындамағанына кiнәлi адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.

Тақырып №7 Кәмелетке толмағанды қарауына беру

1. Кәмелетке толмағанды қарауына берудің түсінігі мен мәні

2. Кәмелетке толмағанды қарауына берудің бұлтартпау шараларының ішінде алатын орны және маңызы

3. Кәмелетке толмағанды қарауына берудің мақсаты мен жүзеге асырылу тәртібі

4. Қарауына кәмелетке толмаған берiлген адамдарға олар қабылдаған мiндеттемелерiн орындамағаны үшін жауаптылығы

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етудi, соның iшiнде оның үйден тыс жерде болуын шектеудi, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның рұқсатынсыз басқа жерге кетуiне жол бермеудi мойнына алып, жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.       Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн болады.       Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаншыларға, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгi өкiлдерiне кәмелетке толмаған сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етiледi.       Қарауына кәмелетке толмаған берiлген адамдарға олар қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.

Тақырып №8 Кепiл

1. Кепiл түсінігі мен мәні

2. Қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген кепiлдiң мөлшерi

3. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу

4. Кепіл түріндегі бұлтарпау шарасын қолдануды санкциялайтын органдар

5. Кепіл түріндегі бұлтарпау шарасын бұзудың құқықтық салдары

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Кепiл сезiктiнiң, айыпталушының өзi не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды.       Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады.       Кепiлдiң мөлшерi: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз еселенген мөлшерiнен; орташа ауырлықтағы, қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмайды.       Кепiл берушiге, егер оның өзi сезiктi немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәнi түсiндiрiледi. Кепiлдiң қабылданғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерi түсiндiрiлгендiгi, ал кепiл берушiге сезiктi, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналатындығы туралы ескертiлгендiгi атап өтiлген хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдап алған лауазымды адам, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ ол басқа адам болса кепiл берушi қол қояды. Соттың депозитiне кепiл енгiзiлгендiгi туралы хаттама мен құжат iстiң материалдарына қосылады, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi тапсырылады.       Сезiктi, айыпталушы қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етiп өзгертiледi.       Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда прокурор сотқа кепiлдi мемлекеттiң кiрiсiне айналдыру туралы ұсыныс жолдайды. Сот кепiл берушi жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн болатын тиiстi шешiм қабылдайды.       Қалған жағдайларда сот iстi тоқтату туралы үкiм немесе қаулы шығарған кезде кепiлдi кепiл берушiге қайтару туралы мәселенi шешедi.       Қылмыстық iс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепiл анықтау немесе алдын ала тергеу органының қаулысы бойынша кепiл берушiге қайтарылады.

Тақырып №9 Үйде қамап ұстау

1. Үйде қамап ұстаудың түсінігі мен мәні

2. Үйде қамап ұстауды соттың санкциялауы

3. Үйде қамап ұстаудың бұлтартпау шараларының ішінде алатын орны және қамаудан айырмашылығы

5. Үйде қамап ұстау қолданылған тұлғаға қойылатын шектеулер

6. Үйде қамауда ұстаудың мерзiмi, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртiбi

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Үйде қамап ұстау сезiктiге, айыпталушыға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкiндiк беретiн шарттар болған, бiрақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән-жайлар ескерiле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде осы Кодекстiң 150-бабында көзделген тәртiппен соттың санкциясымен қолданылады.       Бұлтартпаудың аталған шарасын таңдау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгiленген шектеулердiң сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетiледi. Қамап ұсталатын адамға белгiлi бiр адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салынуы, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгiленуi мүмкiн. Қамап ұсталатын адамның тұрғылықты жерi күзетiлуi мүмкiн. Қажет болған кезде оның мiнез-құлқын қадағалау белгiленедi.       Қамауға алынған адамның тұрғын үйден шығуына белгiленген шектеулердi сақтауын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган тәулiктiң кез келген уақытында оның тұрғылықты жерiнде болуын тексеруге құқылы.       Тексеру күндiзгi уақытта екi реттен артық және түнгi уақытта бiр реттен артық жүргiзiлмейдi. Лауазымды адамның қамауда отырған адамның тұрғын үйiнде болуына осы адамның және онымен бiрге тұратын адамдардың келiсiмiмен жол берiледi және ол отыз минуттан аспауға тиiс.       Үйде қамауда ұстаудың мерзiмi, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртiбi белгiленген ережелермен айқындалады.

Тақырып №10 Қамауға алу

1. Қамауға алудың түсінігі мен мәні

2. Қамауға алуды қолданудың негіздері

3. Қамауға алуды соттық санкциялаудың тәртібі

4. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiлердi, айыпталушылар мен сотталушыларды, ұсталғандарды ұстау орындарында ұстау

5. Қамауға алудың мерзімдері, оларды ұзартудың тәртібі

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде соттың санкция беруiмен ғана және заңмен кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты, егер:       1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жерi болмаса;       2) оның жеке басы анықталмаса;       3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;       4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса;       5) ол ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не оған күдiк келтiрiлсе;       6) оның бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы болса, қолданылуы мүмкiн.       Прокурор, тергеушi, анықтау органы қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретiнде таңдау қажет болған кезде сот алдында қамауға алуға санкция беру туралы өтiнiшпен iс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулымен бiрге өтiнiштiң негiздiлiгiн растайтын қылмыстық iстiң материалдары қоса берiледi.       Егер өтiнiш осы Кодекстiң 132 және 134-баптарындағы негiздерде және тәртiппен ұсталған сезiктiге қатысты қозғалса, аталған қаулы мен материалдар ұстау мерзiмi аяқталғанға дейiн он сегiз сағаттан кешiктiрiлмей прокурорға табыс етiлуге тиiс.       Айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы қылмыстық қудалау органының өтiнiшiн қолдау туралы мәселенi шешу кезiнде прокурор күзетпен ұстауға негiздердi қамтитын барлық материалдармен танысуға мiндеттi және айыпталушыдан, сезiктiден жауап алуға құқылы. Прокурор табыс етiлген барлық материалдарды зерделеп, заңда көзделген негiздер болған кезде және неғұрлым жеңiл бұлтартпау шарасын таңдау жолымен зардаптарды жою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы өтiнiшiн қолдау туралы қаулы шығарады. Өтiнiштi қолдаудан бас тартылған жағдайда, прокурор қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы өтiнiшiн қолдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Прокурор өтiнiштi қолдаудан бас тартқан кезде айыпталушы, сезiктi күзетпен ұстаудан дереу босатылуға тиiс.       Айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы өтiнiштi қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстаудан босату туралы прокурордың қаулысына қамау түрiнде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiш жасаған қылмыстық қудалау органы не өздерiнiң немесе берiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын процеске қатысушылар жоғары тұрған прокурорға шағым жасай алады.       Қылмыстық қудалау органының қамауға алуға санкция беру туралы өтiнiшiн қолдау туралы прокурордың қаулысын, сондай-ақ оның негiздiлiгiн растайтын материалдарды прокурор ұстау мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi сағаттан кешiктiрмей сотқа табыс етуге тиiс.       Судья қажет болған жағдайда қылмыстық iстi сұратуға құқылы.       Қамауға алуға санкция беру құқығы аудандық және оған теңестiрiлген соттың судьяларына тиесiлi.       Қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiшпен iс қозғау туралы прокурор қолдаған қаулысы алдын ала тергеу iсi жүргiзiлген жер бойынша не сезiктiнiң ұсталған жерi бойынша сот отырысында айыпталушының, сезiктiнiң, прокурордың және қорғаушының қатысуымен материалдар сотқа түскен кезден бастап сегiз сағат iшiнде аудандық немесе оған теңестiрiлген сот судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлi, жәбiрленушi, оның заңды өкiлi және өкiлi де қатысуға құқылы. Процеске қатысушыларға сот отырысының орны мен уақыты туралы сот уақтылы хабарлаған жағдайда олардың сотқа келмей қалуы сот отырысын өткiзуге кедергi болмайды.       Сот отырысы барысында хаттама жүргiзiледi.       Қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелердi шешу кезiнде сот аталған бұлтартпау шарасын таңдау кезiнде ескерiлетiн мән-жайларға қатысты iстiң материалдарын зерделеумен шектеледi.       Айыпталушы болмаған кезде қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiштi соттың қарауына оған iздестiру жарияланған немесе ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарланған кезде алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берiледi.       Судья отырыстың басында қандай өтiнiштiң қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi. Содан кейiн прокурор айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретiнде таңдаудың қажеттiлiгiн негiздейдi, бұдан соң сот отырысына келген басқа да адамдар тыңдалады.        Судья айыпталушыны, күдiктiнi қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiштi қарап, айыпталушыны, күдiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы не қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. Судья күдiктiнi немесе айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тартқан кезде сот отырысының барысында прокурордың өтiнiшi бойынша күдiктiге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрiнде бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.       Күдiктiге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрiнде бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтiнiштi прокурор қажет болған жағдайда, судья күдiктiнi, айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулыны жария еткеннен кейiн, өзi оған тәртiппен наразылық берудi орынсыз деп санаған жағдайда тiкелей мәлiмдей алады. Судья үйде қамауда ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда прокурор белгiленген қағидалар бойынша наразылық беруге құқылы.       Соттың қаулысы қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiшпен iс қозғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезiктiге, жәбiрленушiге кiдiрiссiз жiберiледi және дереу орындалуға тиiс.       Қылмыстық қудалау органының нақ сол қылмыстық iс бойынша нақ сол бiр адамға қатысты қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтiнiшпен сотқа қайтадан жүгiнуiне, судья аталған бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейiн, қамауға алу қажеттiгiн негiздейтiн жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана мүмкiн болады.       Егер сотталушы адамға қатысты қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе сотта туындаса, сот бұл туралы шешiмдi тараптың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамасы бойынша қабылдайды, ол туралы қаулы шығарады.       Қылмыстық процестi жүргiзушi орган айыпталушының, сезiктiнiң туыстарына қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретiнде қолданатыны жөнiнде белгiленген тәртiппен хабарлауға мiндеттi.       Айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы немесе одан бас тарту туралы соттың қаулысына тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.       Аудандық немесе оған теңестiрiлген соттың қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күшi жойылған жағдайларда айыпталушыны, сезiктiнi қамауға алуға санкция беру туралы мәселенi облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың қарауы тәртiппен жүзеге асырылады.

Тақырып №11 Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шаралары

1. Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шараларының

түсінігі, мәні

2. Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шараларын қолданудың негіздері

3. Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шараларының түрлері

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану. Қылмыстық iс бойынша тергеудiң және сотта iс қараудың, үкiмнiң ойдағыдай атқарылуының тәртiбiн қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шараларының орнына немесе сонымен бiрге iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шараларын: келу туралы мiндеттеменi, алып келудi, қызметiнен уақытша шеттетудi, мүлкiне тыйым салуды қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган жәбiрленушiге, куәға және басқа да iске қатысушы адамдарға iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын: келуi туралы мiндеттеменi, алып келудi, ақшадай жазаны қолдануға құқылы.

Тақырып №12 Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралы мiндеттеме

1. Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралы мiндеттеменің түсінігі мен мәні

2. Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралы мiндеттемені қолданудың негіздері

3. Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралы мiндеттеме қолданылған тұлғаның жүріс тұрысына қойылатын талаптар

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә немесе жәбiрленушi тергеу iс-әрекеттерiне немесе сотта iс қарауға қатысудан жалтаруы мүмкiн деп ұйғаруға жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда не олар дәлелдi себептерсiз шақыру бойынша iс жүзiнде келмеген кезде аталған адамдардан анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың шақыруы бойынша уақтылы келуге жазбаша мiндеттеме қайтарып алынуы мүмкiн, ал тұратын жерi өзгерген жағдайда бұл туралы кешiктiрмей хабарлауы керек.

Тақырып №13 Алып келу

1. Алып келудің түсінігі мен мәні

2. Шақырту туралы тиiсiнше хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi

3. Алып келуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар

4. Алып келуге жатпайтын тұлғалар

5. Алып келудің уақыты

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбiрленушi дәлелдi себептерсiз шақыру бойынша келмеген жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң, соттың дәлелдi қаулысы бойынша алып келуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшыратылуы мүмкiн.       Шақырту туралы тиiсiнше хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi: адамды келу мүмкiндiгiнен айыратын сырқат, жақын туыстарының қайтыс болуы, кездейсоқ апат, адамды тағайындалған уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер болып танылады. Сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбiрленушi шақыру бойынша тағайындалған мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы олар өздерi шақырылған органға хабарлауға мiндеттi.       Алып келу туралы қаулы сезiктiге, айыпталушыға, сондай-ақ куә мен жәбiрленушiге оның атқарылуы алдында жарияланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.       Алып келу түнгi уақыттарда жүргiзiлмейдi.       Олардың заңды өкiлдерiне хабарламастан он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар, он сегiз жасқа толмаған адамдар, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуi тиiс науқас адамдар алып келуге жатпайды.       Алып келу туралы сот қаулысын сот приставы немесе iшкi iстер органы; анықтаушының, тергеушiнiң қаулысын анықтау, алдын ала тергеу жүргiзетiн орган немесе iшкi iстер органы атқарады.

Тақырып №14 Қызметiнен уақытша шеттету

1. Қызметiнен уақытша шеттетудің түсінігі мен мәні

2. Айыпталушыны қызметiнен уақытша шеттету туралы қаулының орындалуы

3. Қызметiнен шеттетiлген айыпталушының мемлекеттiк жәрдемақыға құқығы

4. Қызметiнен уақытша шеттетудің тоқтатылуы

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган прокурордың санкциясымен,  осы қызметте қала отырып, ол тергеуге және iстi сотта қарауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi келтiредi немесе осы қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, айыпталушыны қызметiнен шеттетуге құқылы.       Айыпталушыны қызметiнен уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жiберiледi, ол оны алғаннан кейiнгi үш тәулiк iшiнде қаулыны орындауға және ол туралы сол адамға немесе қызметiнен шеттету туралы шешiм қабылдаған органға хабарлауға мiндеттi.       Қызметiнен шеттетiлген айыпталушының, егер ол оған қатысты емес жағдайлар бойынша басқа қызметте iстей алмаса немесе басқа жұмысқа кiре алмаса, еңбекке ақы төлеудiң бiр ең төменгi мөлшерiнен кем емес сомада ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыға құқығы бар.       Қызметiнен уақытша шеттету бұл шараға қажеттiлiк болмаған кезде судьяның немесе прокурордың қаулысымен, сондай-ақ тергеушiнiң немесе анықтаушының қаулысымен тоқтатылады.

Тақырып №15 Мүлiкке тыйым салу

1. Мүлiкке тыйым салу түсінігі мен мәні

2. Мүлiкке тыйым салуды санкциялау

3. Тыйым салынбайтын мүліктің түрлері

4. Тыйым салынған мүлікті бағалау

5. Банктердегi және несие мекемелерiндегi шоттар мен салымдардағы қаражаттарға тыйым салу

Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Үкiмдi азаматтық талап, басқа да мүлiктiк жазалар немесе мүмкiн болатын мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде орындауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың санкциясымен анықтаушы, тергеушi немесе сот сезiктiнiң, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекетi үшiн материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкiне тыйым салуға құқылы. Осы Koдекстiң 232-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мүлiкке тыйым салу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жиырма төрт сағаттың iшiнде оған мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хабарлама жiберу арқылы жүзеге асырылады.       Күдiктiнiң, айыпталушының немесе олардың iс-қимылы үшiн заң бойынша материалдық жауапкершiлiкте болатын, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттемелерi қайта құрылымдауға жататын қаржы ұйымдарының кредиторлары болып табылатын тұлғалардың мүлкiне тыйым салу туралы азаматтық талап қою бөлiгiнде үкiмдi орындауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берiлмейдi.       Мүлiкке тыйым салу оның меншiк иесiне немесе иеленушiсiне оған билiк етуге, ал қажет жағдайларда бұл мүлiктi пайдалануға тыйым салуды жариялаудан не мүлiктi алудан және оны сақтауға беруден тұрады.       Азаматтық талапкер немесе прокурор ұсынған азаматтық талапты қамтамасыз етуге тыйым салынған мүлiктiң құны талаптың құнынан аспауға тиiс.       Бiрнеше айыпталушылардың немесе олардың әрекетiне жауап беретiн адамдардың әрқайсысынан тыйым салуға жататын мүлiктiң үлесiн айқындау кезiнде айыпталушыға таңылған қылмысты жасауға қатысу дәрежесi ескерiледi, алайда азаматтық талапты қамтамасыз ету үшiн толық мөлшерде тиiстi адамдардың бiрiнiң мүлкiне де тыйым салынуы мүмкiн.        Тiзбесi заңдармен айқындалатын, бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлiкке тыйым салынбайды.       Мүлiкке тыйым салу туралы дәлелдi қаулы шығарылады. Мүлiкке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салуға жататын мүлiк, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында ол қаншалықты анықталғаны, сондай-ақ азаматтық талапты қамтамасыз етуде тыйым салу жеткiлiктi болатын мүлiктiң құны көрсетiлуi тиiс.       Анықтаушы, тергеушi меншiк иесiне немесе мүлiктi иеленушiге мүлiкке тыйым салынғаны туралы қаулыны қолхат ала отырып тапсырады және оны берудi талап етедi. Бұл талапты өз еркiмен орындаудан бас тартылған жағдайда мүлiкке тыйым салу мәжбүрлеу жолымен жүргiзiледi. Мүлiктi оның меншiк иесi немесе иеленушi жасырып қалды деп ойлауға негiз бар қажеттi жағдайда қылмыстық iзге түсу органы тiнту жүргiзуi не алып қоюы мүмкiн.       Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған соттың шешiмi бойынша мүлiкке тыйым салуды соттың атқарушысы жүргiзедi.       Мүлiкке тыйым салу кезiнде мүлiктiң құнын айқындайтын маман қатыса алады.       Меншiк иесi немесе мүлiктi иеленушi бiрiншi кезекте қандай затқа тыйым салу қажеттiгiн ұсынуға құқылы.       Анықтаушы, тергеушi мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хаттаманы, ал соттың атқарушысы - мүлiк тiзiмiн жасайды.       Тыйым салынған мүлiк алынуы не тыйым салған адамның қалауы бойынша мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылығы ескертiлуi тиiс жергiлiктi әкiмшiлiктiң, тұрғын үй-пайдалану ұйымының өкiлiне, осы мүлiктi иеленушiге немесе өзге адамға сақтауға берiлуi мүмкiн, ол туралы қолхат алынады.       Банктердегi және несие мекемелерiндегi шоттар мен салымдардағы ақша қаражаты мен өзге де бағалы заттарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.       Мүлiкке тыйым салу бұл шара бойынша қажеттiлiк жойылған кезде iстi жүргiзушi адамның немесе органның қаулысымен тоқтатылады. Тергеушiнiң, анықтаушының мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы қаулысы прокурордың келiсiмiмен шығарылады.

ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:

Пайдаланылатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995 жылдың 30 тамызы (2011 жылдың 02 ақпандағы өзгерістер мен толытырулармен бірге).

  2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңы (2011 жылдың 16 ақпандағы өзгерістер мен толытырулармен бірге).

  3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жыл 13 желтоқсан (2013 жылдың 04 шілдедегі өзгерістер мен толытырулармен бірге).

  4. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы (2012 жылдың 16 ақпандағы өзгерістер мен толытырулармен бірге).

  5. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

  6. Әділет органдары туралыҚазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы

  7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы

  8. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралыҚазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 336 Заңы

  9. Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы

  10. Жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңы

  11. Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І ЗаңыҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 65-IV Заңы

  12. Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 13 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1883.

  13. Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2002 жылғы 6 желтоқсан N 26

  14. Уақытша ұстау изоляторларында қамауда ұсталатын сезіктілер мен айыпталушылар арасында туберкулезді анықтау және оларды айдап алып жүру жөніндегі тәртіпті бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 384, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі N 439 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 маусыда тіркелді. Тіркеу N 1877.

  15. Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы N 56, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы N 187, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 6 қазандағы N 590, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағысының 2005 жылғы 7 қазандағы N 214 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3947

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.А. "Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 года" - Послание Президента народу Казахстана. - "Казахстанская правда" от 30 апреля 2002 года.

2. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

3. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

Темирбулатов С.Г. О некоторых вопросах конституционной законности. // Закон и время, 1996, № 4.

4. Туякбаев Ж.А. Развитие прокуратуры Казахстана в период государственно-правовой реформы. // Автореф. диссертации на соискание ученой степени канд. юрид. наук. - М., 1997.

5. Бахтыбаев И.Ж. Конституционный надзор прокуратуры Республики Казахстан. - Алматы: "Жети Жаргы", 2000.

6. Бойков А.Д. Третья власть в России. ( Очерки о правосудии, законности и судебной реформе). - М., 1997.

7. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (конспект лекций). М.: "Приор", 2000.

8. Чувилев А.А., Чувилев А.А. Правоохранительные органы. М.: "Юриспруденция", 2000.

9. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М.: "Зерцало", 2000.

10. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары. Алматы., 2004.

11. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право РК. 1998г.

12. Когамов Краткий научно-практический комментарий к главам нового уголовно-процессуального кодекса РК. 1998г.

13. Уголовный процесс. Учебник для вузов. Под общ. ред. д.ю.н., проф. Кобликова А. С. "ИНФРА-М - НОРМА" Москва 1999

14. Уголовный процесс: Конспект лекций Смирнова Н. Н. "Издательство Михайлова В. А." Санкт-Петербург 2000

15. Краткий курс уголовного процесса: Учебное пособие Рыжаков А. П. "Приор" Москва 2000

16. Уголовный процесс: Словарь-справочник Савицкий В. М., Ларин А. М. "ИНФРА-М – КОНТРАКТ" Москва 1999.

17. Ахпанов А.Н., Сарсенбаев Т.Е. Процессуальные образцы по уголовным делам. – Астана. 2000.

18. Толеубекова Б.Х., Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное право РК.Часть особенная.- Алматы,2000.

19. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: принципы, гарантия, реализация. – Астана, 2001.

20. Бычкова С.Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы, 1999.

21. Ларин А.М. Уголовный процесс: структура права и структура законодательства. М., 1985г.

22. Божье В.П. Источники уголовно-процессуального права и новое законодательство. М., 1990г.

23. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в РК. Алматы, 1998г.

24. Ахпанов А.Н. Пределы право ограничений личности в уголовном судопроизводстве. Караганда 1995г.

25. Лившиц Ю.Д., Рзаев А.А., Сотников Н.И., Ташибаев К.И. Дознание в органах внутренних дел Казахской ССР. Караганда 1990г.

26. Кругликов А.П. Правовое положение органов и лиц, производящих дознание. Волгоград ВСШ МВД СССР, 1986г.

27. Стецовский Ю.И., Ларин А.М., Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. М., Наука 1988г.

28. Теленков П.М. Участие представителей на предварительном следствии в советском уголовном процессе. Волгоград, 1976г.

29. Гуткин И.М. Актуальные вопросы уголовно-процессуального задержания. М., 1980г.

30. Григорьев В.Н. К проблеме документального оформления задержания подозреваемого // Проблемы первоначального этапа расследования. Ташкент, 1986г.

31. Чувилев А.А. Правомерность принятия решения о задержании лиц, подозреваемых в совершении преступления, на основании оперативно-розыскных данных. // Проблемы обеспечения соц. законности в деятельности ОВД. М., 1987г.

32. Капсалямов К.Ж. Юридические гарантии обеспечения конституционных принципов в сфере мер уголовно-процессуального принуждения. - Алматы,1986.

33. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. Алматы 1997г.

34. Ахпанова А.Н. Пределы правоограничений личности в уголовном судопроизводстве. Караганда 1995г.

35. Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждение. М., 1985г.

36. Еникеев Д. Проблемы эффективности мер уголовно-процессуального пресечения Казань 1982г.

37. Чувилев А.А. Заключение под стражу в качестве меры пресечения. Лекция М., 1989г.

38. Эффективность мер пресечения не связанных с содержанием под стражей. М., 1964г.

39. Рыжаков Меры пресечения. - М., 1997г.

Глоссарий

Термин атауы

Анықтамасы

"сот"

сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

"бiрiншi сатыдағы сот"

қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;

"апелляциялық саты"

бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәні бойынша қарайтын сот;

"кассациялық саты"

бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын сот;

"қадағалау сатысы"

заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтініштер, наразылықтар бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;

"судья"

сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);

"төрағалық етушi"

қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья; 

"басты сот талқылауы"

бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;

"процеске қатысушылар"

қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

"қылмыстық процестi жүргiзушi орган"

сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

"тараптар"

сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

"айыптау тарабы"

қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

"қылмыстық iзге түсу (айыптау)"

қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

"қылмыстық iзге түсу органдары"

прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу

анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;

"анықтау"

анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

"алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру")

уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

"тергеуде болу"

белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;

"қорғану тарабы"

сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;

"iс жүргiзу әрекеттерi"

қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша қорытынды баға %-дық өлшемде анықталады:

АЕ1 + АЕ2

Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4 Яғни:

АЕ1 - 1 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

АЕ2 - 2 аралық емтиханның пайыздық өлшемі

Е - емтихандық бағаның пайздық өлшемі

2

Сезіктіні ұстау бұл:

Қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы;

Қылмыстық іс жүргізудің алдын алу шарасы;

Қамауға алу;

Сезіктінің бостандығын шектеу;

Сезіктінің қылмыстық әрекетін алдын алу бойынша шарасы.

Қандай жағдайда тұлға сезікті ретінде ұсталынады:

Қозғалған қылмыстық іс бойынша;

Оны айдап алып келген уақыттан бастап;

Күштеп ұсталынған уақыттан бастап;

Кез келген қылмыс жасалуына күдік туындалған жағдайда;

Барлық жағдайда.

Ұстау хаттамасы қанша мерзім ішінде жасалынады:

Ұсталған кезден бастап 3 сағаттың ішінде;

Анықтау немесе алдын ала тергеу органдарына алып келінген сәттен бастап 3 сағаттың ішінде;

Анықтау немесе алдын ала тергеу органдарына алып келінген сәттен бастап 6 сағат ішінде;

Сезікті ретінде жауап алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде;

Сезіктіні алып келген сәттен дереу.

Ұсталған тұлғаны жеке тінту қалай жүргізіледі:

Арнайы қаулыны шығармай-ақ және прокуродың санкциясынсыз ол адам ұсталса не күзетпен қамау,а алынса;

Арнайы қаулыны шығармай-ақ, тек куәгерлердің қатысуымен;

Прокурор бекіткен қаулыны шағару арқылы және куәгерлердің қатысуынсыз;

Прокурордың санкциясымен және куәгерлердің қатысуымен;

Жүргізілмейді.

Ұсталынған тұлғаның туыстарына қанша мерзім ішінде хабарланады:

12 сағат ішінде;

24 сағат ішінде;

48 сағат ішінде;

24 сағаттан кешікпей;

Дереу.

Қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адамды босатудың негізіне жатпайды:

Ұсталынған дипломатиялық иммунитетке ие болуы;

Оның жасалған қылмысқа қатыстылығы расталмаса;

Ұсталынғанға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алуды қолданудың негіздерінің болмауы;

Ұстау ҚІЖК 134 бабының талаптарын бұзуымен жүргізілсе;

Ұстаудың заңда белгіленген мерзімі аяқталса.

Бұлтартпау шарасының түрлеріне не жатпайды:

алып келу

жеке кепілдік

қамауға алу;

үйде қамау

кепіл

Бұлтартпау шарасын қолдану негіздеріне жатпайды:

Тұрақты тұрғылықты орынның болмауы;

Айыпталушының болуы;

Тұлғаны ұстау;

Сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылса;

Бостандықты шектеу қажеттілігін көрсететін тиісті деректердің болуы.

Аталғандардың қайсысы бұлтартпау шаралары түрлеріне кірмейді:

Келу туралы міндеттілік;

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;

Кепіл;

Жеке кепілдік;

Ұйде қамап ұстау.

Бұлтартпау шарасын қолдануға өкілетті емес тұлғалар:

Істі тергелу реті бойынша берген тергеуші;

Іс бойынша тергеуді жүзеге асыратын анықтау органы;

өз өндірісіне алған тергеу бөлімінің бастығы;

Тергеудің заңдылығын қадағалайтын прокурор;

Басты сот талқылуындағы судья.

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол алдыруды тағайындау үшін мән-жай болып табылмайды:

Айыпталушы соттан және тергеуден қашып кетуі мүмкін болуы;

Оның тұрақты тұратын жерінің болуы;

Соттылығының болмауы;

Онша ауыр емес қылмыстың жасауы;

Оның тұрақты жұмыс орнының болуы.

Әскери бөлімінің командованиесінің бақылауына беру кезінде әскери қызметшіге қатысты қандай құқықтық шектеулер берілмеуі қажет:

Режимді бұзғаны үшін тәртіптік батальонына жіберілуі мүмкін;

Суық және ату қаруын алып жүру құқысынан айыру;

Нарядқа жіберілмейді;

Қысқа мерзімді демалысқа шығу құқығынан айыру;

Режимді бұзғаны үшін гауаптвахтыға жіберіледі.

Кепілдің ең төменгі мөлшері қандай:

Айлық есептегіш көрсеткіштен 100 аса;

Айылық есептегіш көрсеткіштен 200 аса;

Айлық есептегіш көрсеткіштен 300 аса;

Айлық есептегіш көрсеткіштен 500 аса;

Заңда белгіленбеген.

Кепілдің жоғарғы мөлшері қандай:

Айлық есептегіш көрсеткіштен 1000 аса;

Айлық есептегіш көрсеткіштен 500 аса;

Айлық есептегіш көрсеткіштен 1500 аса;

Айлық есептегіш көрсеткіштен 2000 аса;

Заңда белгіленбеген.

Қамауға алудың мерзімі қай уақыттан бастап есептелінеді:

прокурордың берілген санкциясымен;

Тұлғаны қылмыс болған жерден ұсталудан;

Сезіктіні күштеп ұсталынғаннан;

Кезекші бөліміне алып келінген сәттен;

Қамауға алудан.

Сезіктіні ұстаудың мерзімі қанша:

72 сағат,10 тәулік;

72 сағат; 7 күн

30 тәулік;

2 ай;

Сезіктіні ұстауға тыйым салынады.

Алдын ала тергеуде қамауға алудың максималды мерзімі қанша:

12 ай;

6 ай;

9 ай;

18 ай;

Заңда белгіленбеген.

Аудандық прокурорға қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанша мерзім ішінде ұсынуға болады:

7 жеті тәуліктен кешікпей;

3 тәуліктен кешікпей;

5 тәуліктен кеікпей;

10 тәуліктен кешікпей;

15 тәуліктен кешікпей.

ҚР Бас прокурорына қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанша мерзім ішінде ұсынуға болады:

15 тәуліктен кешікпей;

5 тәуліктен кешікпей;

7 тәуліктен кешікпей;

10 тәуліктен кешікпей;

30 тәуліктен кешікпей.

мәжбүрлеудің өзге де шараларына жатпайды:

Куәландыру;

Алып келу;

Ақша өндіріп алу;

Мүлікке тиым салу;

қызметінен уақытша шеттету.

Келмеудің себепті жағдайына жатпайды:

Тұрғылықты жерін ауыстыру туралы хабарламаны бермеуі;

Келуге, кедергі келтіретін ауру;

Шақырту қағасын уақытында алмауы;

әртүрлі табиғи аттардың болуы;

өзге де себептердің болуы.

Қандай тұлғаларға қатысты алып келуді жүзеге асыруға болмайды:

16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты;

Түнгі уақытта;

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты;

Жүкті әйелдерге қатысты;

Жұқпалы ауруға жалдыққан тұлғаларға қатысты.

Қандай мақсатта айыпталушы қызметінен босатылады:

әділеттілікті орнату үшін;

Тергеуге кедергі келтірмеуі үшін;

Мекеме беделін сақтау үшін;

Жаңа қылмыстарды жасалуына кедергі келтірмеу үшін;

Еңбекке деген адал тәрбиелеуді қалыптастыру үшін.

Ақша өндіріп алу шаралары кімге берілмеуі мүмкін:

Асыраушысына;

Тек айыптаушыдан, қорғаушыдан және сотталушыдан басқа, сот мәжілісіне қатысып отырған кез келген тұлғаға;

Кәмелетке толмаған тұлға қарауына берілген кез келген тұлғаға;

Сеніп тапсыруышысына;

--

Қылмыстық іс жүргізуде мүлікке тыйым салу қандай мақсатта қолданылады:

Үкімнің азаматтық талап бөлігін орындауды қамтамасыз ету мақсатымен;

Дәлелдемелерді табу мақсатымен;

іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіретін әрекеттерді жою мақсатымен;

Бұлтартпау шараларын орындау мақсатымен;

әкімшілік айыппұлды төлеу мақсатымен.

9