
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •4. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу кезінде бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғаға қатысты талаптар
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша
әдістемедік ұсыныстар.
Тәжірибелік сабақтар барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында халықаралық құқықшығармашылық пен халықаралық жүйенің маңызды аспектілері, сондай-ақ дәріс сабақтарында қарастырылған тақырыптардың өзекті мәселелері талқыланады. Осы сабақтар негізінде студенттер өз бетінше келешектегі кәсіби мамандығы үшін маңызды құқықтық нормаларға сараптама жүргізу дағдыларын игеріп, таңдаған мамандығы бойынша тәжіриби өмірдің қиындықтарына төзетін теңдестірілген дәстүрлі көзқарас қалыптастырады.
Семинар сабақтарына дайындалуда оқытушымен оқу курсының басында берілген силлабустағы тақырыптар бойынша дайындалу қажет.
Дәріс сабақтары 3-4 тақырып алдында жүретіндіктен, дәрістерде оқытушы семинар сабақтарында қарастырылуға жататын тақырыптың өзекті мәселелерін беріп отырады. Студенттер тек тақырыпты ғана емес, оның өзекті месәлелеріне өз бетінше материал тауып, дайындалуы тиіс.
Семинар сабақтарының нысандары әр түрлі болады: сұрақ-жауап, ауызша сұрау, конференция, пресс-конференция, дөңгелек үстел, кіші жарыстар және т.б. Бұл нысандардың түрін оқытушы алдын ала немесе сабақ үстінде ескертпестен қолдануы мүмкін. Сондықтан студенттер әр дайым дәріс материалдарымен ауызша немесе жаттап дайындалу әдісі қолданбауы тиіс және ол төмен бағалауға алып келеді.
Семинар сабақтарында жоғары баллға ие болу үшін сабақтардан қалмау тиіс (20 балл); үнемі белсенді қатысу қажет, яғни әр семинар сабақтарына тыңғылықты дайындалу, оқытушы тапсырған сұрақтарға уақытылы жауап бере білу немесе шешу білу қажет (20 балл).
СОӨЖ сабақтарына дайындалу бойынша әдістемедік ұсыныстар
Студенттер СОӨЖ сабақтарының тақырыптарын оқу курсының басында алады. СОӨЖ-қа жалпы 15 тақырып беріледі.
Студенттер СОӨЖ-тың алғашқы 7 тақырыбын 1-ші рейтингке дейін уақытылы тапсыру қажет. 1 аптада студент 1 тақырып қорғауы тиіс. Қорғай алмаған студенттер 1-ші рейтингке дейін тақырыптарды қорғауына рұқсат етіледі, алайда уақтылы тапсырмағандығы үшін бағасы төмендеуі мүмкін.
Тапсыру нысандары: презентация, баяндама, конспект, видео, кроссворд, тестілеу, есеп шығару және т.б. Оқытушы белгілі бір тақырыпқа қатысты тапсыру нысанын алдын ала белгілеуі мүмкін.
ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Тақырып №1 Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шараларының институты
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шаралары институтының мәнi, ұғымы мен маңызы.
2. Мәжбүрлеу шараларының түрлерi мен ерекшелiктерi.
3. Қылмыстық iстер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi мәжбүрлеу шараларын қолданудың шарттары негiздегi және тәртiбi.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану кезiндегi тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету.
Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.
Тақырып №2 Ұстау - процессуалдық мәжбүрлеу шарасы
1. Ұстауды жүргізудің негiздері
2. Азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға құқығы
3. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау тәртiбi
4. Ұсталған адамды жеке тiнту
5. Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамды босатудың негiздерi
6. Сезiктiнiң туыстарына оның ұсталғандығы туралы хабарлау
Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда: 1) ол адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда; 2) көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстiң 133-бабында көзделген тәртiппен ұсталса; 3) ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде; 4) жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы. Адамның қылмыс жасағандығына сезiктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе сезiктiнiң жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады. Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және бұл ретте оған сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Тақырып №3 Мәжбүрлеу жүйесiндегi қылмыстық iс жүргiзушiлiк бұлтартпаудың мәнi, ұғымы мен маңызы
1. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер
2. Бұлтартпау шаралары
3. Бұлтартпау шараларын таңдау кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар
4. Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану
5. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi
Дәрісті оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.
Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз өкiлеттiгi шегiнде ол адамға бұлтартпау шараларының бiрiн қолданады.
Тақырып №4 Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу бұлтартпау шарасын қолданудың құқықтық негіздері
1. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алудың түсінігі
2. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алудың бұлтартпау шараларының ішінде алатын орны және маңызы
3. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алудың мақсаты мен нысаны