
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау және тапсыру графигі
- •Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •4. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу кезінде бұлтартпау шарасы қолданылған тұлғаға қатысты талаптар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Қылмыстық іс-жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры
З.ғ.д., профессор
Шапақ Ү.Ш.__________________
"____" _________________ 2013 ж.
«5В030300-Құқыққорғау қызметі» мамандығы студенттеріне арналған «Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары» пәні бойынша
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Астана, 2013 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жаубасов Б.Ж. дайындалған.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының жиналысында қаралған. №____хаттама «____»______________2013 ж.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының меңгерушісі ________________ Пен С.Г. «____»____________2013 ж.
Ұлттық құқық жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған. №____хаттама, «____»______________2013 ж. Төраға ________________ «____»____________ 2013 ж.
|
|
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Қылмыстық іс-жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры
З.ғ.д., профессор
Шапақ Ү.Ш.__________________
"____" _________________ 2013 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ»
Мамандық: «5В030300-Құқыққорғау қызметі»
Оқу нысаны: күндізгі
Кредит саны: 2
Курс: III
Семестр: 5
Дәрістер: 20 сағат
Семинарлар: 10 сағат
Аралық емтихандар саны: 2
СОӨЖ: 15 сағат
СӨЖ: 45 сағат
Емтихан: 5 семестр
Еңбек сыйымдылығы: 90 сағат
Астана, 2013 ж.
№ |
Бөлімнің атауы |
Бет |
|
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus) |
|
|
Оқытушы туралы мәліметтер |
|
|
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері |
|
|
Курстың мақсаты мен міндеттері |
|
|
Оқу сабақтарының графигі |
|
|
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары |
|
|
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары |
|
|
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі |
|
|
СӨЖ орындау және тапсыру графигі |
|
|
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар |
|
|
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі |
|
|
Глоссарий |
|
|
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы |
|
|
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы |
|
|
Дәрістер тезисі |
|
|
Аралық емтихандық сұрақтар |
|
Курс оқытушысы туралы мәліметтер: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жаубасов Бауыржан Жанатұлы
Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі – жақсы
Кафедра туралы мәліметтер: Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы.
Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045, e-mail: zhaubassov_b@mail.ru
Пререквизиттер : Аталған курсты оқыту басталғанға дейін философия, ҚР құқыққорғау органдары, ҚР қылмыстық құқығы, азаматтық құқық, әкiмшiлiк құқық пәндерін меңгеруі тиіс.
Постреквизиттер : Пәнді оқып игергеннен кейін криминалистика, ҚР прокурорлық қадағалау, ҚР адвокатурасы, дәлелдемелер теориясы, жедел іздестіру қызметі және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып үйренген абзал.
Курсты меңгеру келесі жағдайларға септігін тигізеді: «Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары» - Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығындағы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктер беру, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың құқықтық және гуманитарлық мәселелері, қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне қатысты қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдануды ерекшеліктері, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу және қылмыстарды тергеу, ашу кезінде дәлеледемелерді жинау, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың тиісті жүріс тұрысын қаматамасыз етудің құралы, сезіктіні ұстау, бұлтартпау шараларын, өзге де мәжбүрлеу шараларын қолдануды қамтиды.
Жүйелі құрылымдық әдіс - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды белгілі құрылымдары бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйелер ретінде қарауды ұйғарады. Жүйелі-құрылымдық әдісте құрылым элементтерінің қызметтік сипаттамасына, олардың қызметтерінің шектеулері мен өзара үйлесімдіктеріне маңызды орын беріледі (мысалы, құқық қорғау қызметтерін талдаудағы құқық институттары).
Салыстырмалы-құқықтық әдіс - осы арқылы құқықтық институттар мен қатынастардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін өзара салыстырады.
Логикалдық-тілдік әдіс - заң ұғымдарын, құқықтық құбылыстардың белгілерін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар заңдар конструкцияларын танып-білуден, түсінік беруден және анықтаудан тұрады.
Пәннің сипаттамасы: «Қылмыстық іс жүргіудегі мәжбүрлеу шаралары» арнаулы курсы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығындағы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктер беру, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың құқықтық және гуманитарлық проблемалары, қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне қатысты қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың ерекшеліктері, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу және қылмыстарды тергеу, ашу кезінде дәлеледемелерді жинау, қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың тиісті жүріс тұрысын қаматамасыз етудің құралы, сезіктіні ұстау, бұлтартпау шараларын, өзге де мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелерін қарастырады.
Оқу сабақтарының графигі
Сабақтың түрлері |
Апта бойынша сабақтарды бөлу |
Сағаттар саны |
||||||||||||||
7 семестр |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
||
Дәрістер (сағ.) |
4 |
3 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
20 |
Семинар сабақтары (сағ.) |
|
|
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
|
10 |
СОӨЖ
|
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
СӨЖ
|
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
45 |
Консультациялар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
90 |
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптар және сағ.көлемі
|
Сабақтардың мақсаты мен міндеті |
Өзекті мәселелер |
1 |
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шараларының институты – 2сағ.
|
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шаралары институтының ұғымын талқылау, міндеттерін ашып көрсету, принциптерді басшылыққа алу, олардың орнын ашып көрсету |
қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шаралары институтының міндеттерін, принциптерін толық ұғынуы |
2 |
Ұстау процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде – 1сағ.
|
Мәжбүрлеу шарасы ретінде ұстау ұғымы,шарттары,мерзімі және ұстау жүргізілгеннен кейінгі процессуальдық әрекеттер; |
Ұстау жүргізілген субьектіге қатысты оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру,ұсталғандығы жөнінде хабарлау; |
3 |
Мәжбүрлеу жүйесiндегi қылмыстық iс жүргiзушiлiк бұлтартпаудың мәнi, ұғымы мен маңызы-2сағ. |
Мәжбүрлеу жүйесiндегi қылмыстық iс жүргiзушiлiк бұлтартпаудың мәнi, ұғымы мен маңызын бiлу; бұлтартпау шараларының түрлерi, бұлтартпау шараларын қолдану ерекшелiктерi; қылмыстық iстер бойынша бұлтартпау шараларын қолданудың шарттары, негiздерi және тәртiбi; тұлғаларды қамауда ұстау мерзiмдерi мен мерзiмдердi ұзарту тәртiбi; бұлтартпау шараларын қолдану кезiнде айыпталушының (сезiкткнiң) құқықтары мен мүдделерiн сақтаудың iс жүргiзу кепiлдерiн қамтамасыз ету; бұлтартпау шарасын жою немесе өзгерту тәртiбi. |
Бұлтартпау шарасын таңдауда заңдылық пен негізділік мәселелерін қарастыру; |
4 |
Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу бұлтартпау шарасын қолданудың құқықтық негіздері-1сағ. |
Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұруы; |
Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қолхатты алу бұлтартпау шарасы ретінде қолдануда заңи негіздермен қоса, ішкі сенімді басшылыққа алу; |
5 |
Жеке кепiлдiк-1сағ.
|
Жеке кепілдік бұлтартпау шарасы ретінде қолданылу шарттары,ерекшеліктері; |
Бұлтартпау шарасы ретіндегі жеке кепілдіктің жол берілетіндігі мәселелері; |
6 |
Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы-1сағ.
|
Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы-бұлтартпау шарасының арнайы түрі ретінде таңдалуы
|
Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы қолданылатын субьектілер;
|
7
|
Кәмелетке толмағанды қарауына беру-1сағ.
|
Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуді, соның ішінде оның үйден тыс жерде болуын шектеуді, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге кетуіне жол бермеуді мойнына алып, жазбаша мiндеттема беруі; |
Ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаншыларға, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгi өкiлдерiне кәмелетке толмаған сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы ескерту мәселелері; |
8 |
Кепiл бұлтартпау шарасы ретінде -1сағ.
|
Кепілді бұлтартпау шарасы ретінде таңдау ерекшеліктері,қолданылу тәртібі; |
Кепіл мөлшері, бұлтартпау шарасы ретінде қолданылуға болатын қылмыс санаттары мәселелері; |
9 |
Үйде қамап ұстау-1сағ.
|
Үйде қамап ұстау сезiктiге, айыпталушыға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкiндiк беретiн шарттар болған, бiрақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән-жайлар ескерiле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде қолданылуы; |
Үйде қамауда ұстау мерзімі, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртібі мәселелері; |
10 |
Қамауға алу-2сағ.
|
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылуы; |
Үйде қамауда ұстау мен қамаудың ерекшеліктері, сотта қаралу тәртібі, сотқа қатысатын субьектілер; |
11 |
Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шаралары -1сағ.
|
Процессуалдық iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шаралары ұғымы, қолданылуы,мерзімі, шараларды жүзеге асырушы органдар мен лауазымды тұлғалар және бұл шараларды орындауға тиісті адамдар; |
Қылмыстық iс бойынша тергеудiң және сотта iс қараудың, үкiмнiң ойдағыдай атқарылуының тәртiбiн қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шараларының орнына немесе сонымен бiрге iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеудiң өзге де шараларын: келу туралы мiндеттеменi, алып келудi, қызметiнен уақытша шеттетудi, мүлкiне тыйым салуды қолдануға құқылы. |
12 |
Анықтаушыға, тергеушiге, сотқа келу туралы мiндеттеме –1сағ. |
Іс жүргізушілік мәжбүрлеудің өзге де шаралары ретіндегі анықтаушыға,тергеушіге, сотқа келу туралы міндеттеме ұғымы мен мәні, процес барысында ұолданылу жағдайларын талқылау; |
Мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә немесе жәбiрленушi тергеу iс-әрекеттерiне немесе сотта iс қарауға қатысудан жалтаруы мүмкiн деп ұйғаруға жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда не олар дәлелдi себептерсiз шақыру бойынша iс жүзiнде келмеген кезде аталған адамдардан анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың шақыруы бойынша уақтылы келуге жазбаша мiндеттеме қайтарып алынуы; ал тұратын жерi өзгерген жағдайда бұл туралы кешiктiрмей хабарлауы мәселелері; |
13 |
Алып келу және ақша өндіріп алу бұлтартпау шаралары ретінде -2сағ. |
Алып келу ұғымы, мәні, маңызы, Сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбiрленушi дәлелдi себептерсiз шақыру бойынша келмеген жағдайда алып келу кімдермен жүзеге асырылады, он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар, он сегiз жасқа толмаған адамдар, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуi тиiс науқас адамдар алып келуге жатпайды |
Сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбiрленушi дәлелдi себептерсiз шақыру бойынша келмеген жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң, соттың дәлелдi қаулысы бойынша алып келуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшыратылу жағдайлары; |
14 |
Қызметiнен уақытша шеттету-1сағ. |
тергеуге және iстi сотта қарауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi келтiредi немесе осы қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, айыпталушыны қызметiнен шеттету, Қызметiнен уақытша шеттету бұл шараға қажеттiлiк болмаған кезде тоқтату |
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган, егер осы қызметте қала отырып, ол тергеуге және iстi сотта қарауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi келтiредi немесе осы қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiз болса, айыпталушыны қызметiнен шеттету мәселелері; |
15 |
Мүлiкке тыйым салу-2сағ. |
Үкiмдi азаматтық талап, басқа да мүлiктiк жазалар немесе мүмкiн болатын мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде орындауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың санкциясымен анықтаушы, тергеушi немесе сот сезiктiнiң, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекетi үшiн материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкiне тыйым салу, бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлiкке тыйым салынбауы |
прокурордың санкциясымен анықтаушы, тергеушi немесе сот сезiктiнiң, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекетi үшiн материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкiне тыйым салу мәселелері. ҚР ҚІЖК 232-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мүлiкке тыйым салу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жиырма төрт сағаттың iшiнде оған мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хабарлама жiберу жағдайлары; |
|
Барлығы 20 сағат |
|
|