
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Астана – 2013 ж.
- •Пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған тақырыптық жоспар
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары (20 сағат)
- •Семинар сабақтардың тақырыптық жоспары (10 сағат)
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет
қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫ бІЛІМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
«Бекітемін»
Ұлттық құқық жоғары
мектебінің директоры
з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш.
_______________
«____»______ 2013 ж.
Пәннің оқу бағдарламасы
(syllabus)
Пән: «Меншікке қарсы қылмыстарды саралау мәселелері»
Мамандық: 5В030300 – Құқыққорғау қызметі
Оқу нысаны: күндізгі
Кредит саны: 2
Курс: 3
Семестр: 5
Дәріс: 20 сағат Семинар: 10 сағат СОӨЖ: 15 сағат СӨЖ: 50 сағат
Емтихан: 5-семестр
Ағымдағы бақылау саны: 2
Жалпы сағат көлемі: 90 сағат
Астана – 2013 ж.
Пәннің оқу бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес з.ғ.к, доцент А.Ә. Биебаева дайындады.
ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:
«____»___________ 2013 жыл Хаттама №____
Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к. Серікбаев А.М.______________
Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:
«____»___________ 2013 жыл Хаттама №____
Төрағасы: з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш._________________
Курс оқытушысы туралы мәліметтер:
Биебаева Ардақ Әлімханқызы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, 1999 жылы аталған университеттің күндізгі аспирантурасын тамамдаған.
Оқытушының ғылыми ізденістері: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар; жаза тағайындау және жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мәселелері.
Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 43, олардың 4 – оқу құралдары.
Тіл меңгеру деңгейі: казақ (ана тілі), орыс (еркін), неміс (сөздікпен), түрік (ауызекі тіл).
Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23.
Пререквизиттер: Пәнді игеру үшін студенттердің Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) және Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім) пәндерінен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы мен тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.
Постреквизиттер: Студенттердің «Меншікке қарсы қылмыстарды саралау мәселелері» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді (криминология, криминалистика) меңгеру үшін қажет болады.
Пәннің сипаттамасы: «Меншікке қарсы қылмыстарды саралау мәселелері» курсы қылмыстық-құқықтық пәндер циклына кіретін элективтік пән болып табылады. «Құқыққорғау қызметі» мамандығында бұл оқу пәнінің енгізілуі меншік қатынастарын қылмыстық-құқықтық қорғаудың маңыздылығымен, осы саладағы қылмысты әрекеттердің таралу дәрежесімен түсіндіріледі. Пән аясында ортақ топтық объектісі бойынша біріктірілген қылмыстардың жалпы сипаттамасы беріліп, меншікке қарсы қылмыстардың нақты құрамдары талданады, ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен ажырату мәселелері қарастырылады.
Пәннің мақсаты: студенттерге терең теориялық білім беріп, соның негізінде құқыққорғау және сот органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: меншікке қарсы қылмыстардың түрлері туралы жүйелі теориялық білімдер алу; қолданыстағы қылмыстық заңнаманы еркін меңгеру, сот-тергеу тәжірибесінен хабардар болу; ҚР ҚК Ерекше бөлімінің меншікке қарсы қылмыстар туралы нормаларының мазмұнын түсіндіру және іс жүзінде қолдану қабілетін дамыту; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғаудың маңызды құралы болып табылатын қылмыстық заңға құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
«Меншікке қарсы қылмыстарды саралау мәселелері»