Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Административный кодекс_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.06 Mб
Скачать

Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қаты­настар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

 

79-1-бап. Ұрып-соғу

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

79-2-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 79-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

79-3-бап. Денсаулыққа зиян келтiру

1. Денсаулыққа зиян келтiру, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бір жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкімшілік қамауға әкеп соғады.

2. Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру-

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру

Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  79-5-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер

1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейін­гі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейін­гі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —

айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:

бірге тұратын немесе тұрған;

некеде тұрған;

бұрынғы ерлі-зайыптылар;

жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 79-6-баппен толықтырылды  

79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару

Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы –

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.