- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
- •Жалпы бөлім
- •Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
- •Әкімшілік жаза қолдану
- •Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату
- •Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
- •Ерекше бөлім
- •Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Құқық бұзушылық
- •Қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
- •Қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
- •Істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
- •Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
- •Істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
- •Қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 451-II ; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) ; 2008.05.07 № 64-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 672-бап өзгертілді
672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше тәртiбi
Осы Кодекстің 674-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы бойынша, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар судьяларының шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күшіне енген қаулылары, мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттар және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қаулыларына шағым, наразылық бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, жоғары тұрған соттар судьяларының ұйғарымдары, сондай-ақ осы Кодекстің 664-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.
2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) Заңымен 673-бап өзгертілді
673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар
Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары , ал осы Кодекстің 672-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қайта қарауға құқылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 674-бап өзгертілді
674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарға наразылық келтiру
1. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берiлген.
2. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтiнiштер жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.
675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
1. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың осы Кодекстiң 674-бабында аталған, заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiруi бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
2. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың судья шығарған әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға наразылық келтiруi бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 674-бап өзгертілді
676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы заңды күшiне енген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.
41-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
