- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
- •Жалпы бөлім
- •Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
- •Әкімшілік жаза қолдану
- •Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату
- •Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
- •Ерекше бөлім
- •Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Құқық бұзушылық
- •Қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
- •Қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
- •Істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
- •Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
- •Істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
- •Қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-бап өзгертілді
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын және адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес айлық есептік көрсеткіш, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған кезең үшін салық салынатын айналым сомасының он бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 205-1-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-1-бап өзгертілді
205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-2-баппен толықтырылды
205-2-бап. Тұлғалардың қызметті тоқтата тұру туралы өтінішінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыруы
Қызметті тоқтата тұру туралы өтініштің қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметін тоқтата тұруға құқығы бар тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияд; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 206-бап өзгертілді
206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің мониторингін жүргізуге қажетті не шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
1. . Импорттаушы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы табыс етуге тиіс өтінішті қоспағанда, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ мониторинг бойынша есептілікті ірі салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге – отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Импорттаушының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 206-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, –лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), – лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 206-2-баппен толықтырылды
206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы
1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 207-бап өзгертілді
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) —
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектiлерiн жасыру деп түсініледі.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді
208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, –
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 312- III; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға– жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп көрсетуi, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi ic жүзiндегi салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. ҚР 2003.29.03. № 500-II Заңымен алып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңінде бюджетке енгізілуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
2. Осы баптың төртінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 210-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 210-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
212-бап. 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 213-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 213-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 213-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 213-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 213-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
213-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкілетті органға темекі бұйымдарының өндірілуі мен оның айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында өндіру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарда өндіру;
лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырмау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға – жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және өткізу шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң айналымы, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткiзу және оларды одан әрі өңдемей сақтау;
мұнай өндірушілер мен жеткізушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізу;
мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз өткізу және (немесе) тасымалдау;
бақылаушы есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекі бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткізу түрінде бұзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II Заңымен 214-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 214-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 214-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 214-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
214-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымы –
жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып,лауазымды адамдарға – жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 215-бап өзгертілді
215-бап. кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу – дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға және лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 216-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 216-бап өзгертілді
216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
салық төлеушінің банктік шоттарынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операция жасалған күні банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына енгізілген қолма-қол ақшаны салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептілікті, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
аталған банкте ашылған банк шоты бар, салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған клиентіне жаңа банк шотын ашу;
әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы, –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 217-бап өзгертілді
217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау;
салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына оны ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаның кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың электронды арналары арқылы не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, операциялар жүргiзу;
салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша тоқтатпау;
банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, -
өз клиентіне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық қызметі органдарының салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассалық өкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері қойылған немесе инкассалық өкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;
әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу;
банк сыйақыларының есептелген сомалары туралы мәліметтерді салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде бермеу;
есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау түрінде орындамауы, –
заңды тұлғаларға банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 218-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 218-1-баппен толықтырылды
218-1-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс етпеуі және оларды орындамауы -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өңдеу мерзімдерін бұзу -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға есептелген салық сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы белгіленбеген орындардан өткізу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарлама табыс етуге міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуі –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 219-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 219-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану
