
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
- •Жалпы бөлім
- •Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
- •Әкімшілік жаза қолдану
- •Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату
- •Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
- •Ерекше бөлім
- •Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Құқық бұзушылық
- •Қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
- •Қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
- •Істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
- •Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
- •Істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
- •Қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
138-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 140- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу
1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртiбiн бұзу
Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 141-1-баппен толықтырылды
141-1-бап. Мұнайды және мүнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнайды және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оны тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу, –
жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
жеке тұлғаларға – жүз елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 143- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
143-бап. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу
Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ түрлерімен айналысу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 143-1-баппен толықтырылды
143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу
Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды
144-1-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғалаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі нұқсан ретінде танылады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 145 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер,—
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер:
1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәркілеу тауардан, оның орамасынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.
146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 146-1-баппен толықтырылды
146-1-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтару
Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ұйым жетекшiсiнiң немесе азаматтың ірi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтаруы –
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2008.25.12. № 113-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 147-бап жаңа редакцияда
147-бап. Монополистік қызмет
1. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, – монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Бәсекелестікке қарсы келісім немесе бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектіcін судья, жиынтығында мынадай:
1) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлімдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде жедел шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектісі мәлімдеу кезінен бастап бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттердің фактілері туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалдарды ерікті түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркілеуден босатуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 147-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -
мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-2-баппен толықтырылды
147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi
Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-3-баппен толықтырылды; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 147-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
147-3-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау.
Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және
үй-жай мен аумаққа кіруге кедергі жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруіне кедергі жасау, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-4-баппен толықтырылды; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 147-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті, жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,-
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-5-баппен толықтырылды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 147-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147-5-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс етпеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі – дара кәсіпкерлерге – екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер (әрекетсіздік) – дара кәсіпкерлерге – екі жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс ету міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
дара кәсіпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, табыс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекеттер (әрекетсіздік) – дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған табыс (түсім) пен табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 147-6-баппен толықтырылды
147-6-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайын қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын өткізуі (сатуы) – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп мыналар түсініледі:
осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған табысы (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифі бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма;
осы баптың екінші және үшінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық табыс (түсім).
Табыс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгізу керек.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-7-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
147-7-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы
1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуі – дара кәсіпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсірмеуі – дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен бағаны көтергенге дейін қолданыста болған баға бойынша не деңгейін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Табыс (түсім) құрамына сатылған, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге дейін ақысы төленбеген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын да енгізу керек.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-8-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
147-8-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы
Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы – дара кәсіпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-9-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
147-9-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы
Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы – тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 147-10-баппен толықтырылды
147-10-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квоталар нормаларын асырып жіберуі – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – асырып жіберілген квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биотынды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу әрекеті алты айға дейінгі мерзімге тоқтататыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биоотынды өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттермен белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіру зауытына немесе биоотынның басқа түріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығару – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Белгілі бір биоотын өндіру зауытында екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіріс паспортынсыз, биоотын өндірісінің көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында өндіруі – осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндірушілердің генетикалық жағынан түрлендірілген көз (объекті) болып табылатын немесе генетикалық жағынан түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтитын тамақ шикізатын олардың қауіпсіздігін ғылыми тұрғыдан негізделген растаусыз және мемлекеттік тіркеуден өткізусіз қабылдауы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей сатуы – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауын қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сатуы – биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі – биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы – биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – биоотынның тиісті көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 151- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 151-1-баппен толықтырылды
151-1-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында сатып алу –
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
3. Спортшылардың өздеріне жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдастырушыларының немесе жюри мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 153- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
153-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттік стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кету;
9) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен жүргізу;
11) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау, –
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 154- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
154-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,–
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.
2009.08.12 № 225-IV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды
154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 155- бап өзгертілді
155-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге не конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 155-1-баппен толықтырылды
155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;
әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;
борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борышкердің мүлкін сатуы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;
дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарын орындамауы;
егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келісімінсіз жасауы;
кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;
әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:
борышкердің негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруге әкеп соғатын, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;
сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкерге оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы, –
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 155-2-баппен толықтырылды
155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзу
Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiріп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзу тәртiбiн қасақана бұзу –
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі залал деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 156- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156-бап. Әдейі банкрот болу
Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жеті жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 157-бап өзгертілді
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.09.11. № 197-ІV ҚР Заңымен мазмұн 157-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы, –
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе, заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 158-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу
Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, —
айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 158-3-баппен толықтырылды (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну ережелерінде көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен 158-4-баппен толықтырылды
158-4 бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау.