- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
- •Жалпы бөлім
- •Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
- •Әкімшілік жаза қолдану
- •Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату
- •Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
- •Ерекше бөлім
- •Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Әкімшілік құқық бұзушылық
- •Пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- •Мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- •Құқық бұзушылық
- •Қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •Қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
- •Қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
- •Істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
- •Күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау
- •Істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
- •Қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 111-бап өзгертілді
111-бап. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -
ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 111-1- баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзу
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 112-1-баппен толықтырылды
112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, –
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына – отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 113- бап өзгертілді
113-бап. 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 114-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 114- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –
жеке тұлғаларға – он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 115-бап өзгертілді
115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 115-1-баппен толықтырылды
115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 116- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау.
