
- •Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4 Курс
- •Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент
- •Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: Тесттер:
- •Жүктілік мерзімі мен босану мерзімін анықтау.
- •Босану кезіндегі ұрық басының орналасуын анықтау.
Босану кезіндегі ұрық басының орналасуын анықтау.
Басының бірінші дәрежелі шалқаюында (алдыңғы бастық орнығу) бас айналымы кіші жамбастың тік өлшеміне сай келеді. Бұл айналым алдыңғы бастық орнығуда үлкен сегмент болып келеді.
Басының екінші дәрежелі шалқаюында (маңдаймен орнығу) басының ең үлкен айналымы үлкен қиғаш өлшемге сәйкес. Бұл айналым маңдаймен орнығуда үлкен сегмент болып келеді.
Бастың үшінші дәрежелі шалқаюында (бетпен орнығуында) ең үлкен айналым «вертикальды» өлшемге сәйкес. Бұл айналым бетпен келгендегі үлкен сегмент болып табылады.
Босану кезінде ұрық басының орнығу дәрежесін анықтау
Қынаппен тексеру кезінде ұрық басының жоғары орналасуының негізінде басының төмеңгі полюсінің linea interspinalis ке қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде: ақарын саусақпен басты жоғары ығыстырғанда ол бастапқы қалпына келеді. Пальпацияға сегізкөздің барлық алдыңғы беткейі және шат симфизінің артқы беткейі қол жеткізеді.
Ұрық басы кіші сегментпен кіші жамбас кіреберісте: бастың төмеңгі полюсі linea interspinalis тен 3-4см жоғары немесе оның деңгейінде, сегізкөз ойығының 2/3 бөлігі бос.шат симфизінің артқы беткейі оның төмеңгі және ортаңғы бөліктерінде пальпацияланады.
Ұрық басы кіші жамбас қуысында: бастың төмеңгі полюсі linea interspinalisтен 4-6 см төмен, шонданай өстері анықталмайды, сегізкөз ойығының барлығында басып орналасқан. Шат симфизінің артқы беткейі пальпацияланбайды.
Ұрық басы жамбас түбінде: басы сегізкөз ойығында толықтай, құйымшақ аймағын қосады, тек жұмсақ тіндер анықталады; сүйектің ішкі беткей анықтауыштарын зерттеу қиын.
Н БҚММУ 703-07-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Екінші басылым.